Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет318/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   332
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының нормалары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өтiнiшiне қатысты қолданыста, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес құрылатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының (солардың iшiнде, "Кеден одағының комиссиясы туралы Шартты ратификациялау туралы" 2008 жылғы 24 маусымдағы N 45-IV Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, Кеден одағының комиссиясы туралы


2007 жылғы 6 қазандағы Шартқа сай құрылған Кеден одағы комиссиясының) шешiмдерiне Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және мұндай шешiмдер тiкелей қолданылады деген нормалары қолданылатынын бiлдiредi. Бұл ретте, Негiзгi Заңның 4-бабының
1 және 2-тармақтарына сай Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес құрылатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешiмдерi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмеуге тиiс.
2. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешiмдерi, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы шешiмдердiң Қазақстан үшiн мiндеттi сипаты тiкелей көрсетiлген жағдайда, Республика ратификациялаған халықаралық шарттың заңдық сипатын алады. Халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының, Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтитындығы, және Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайтындығы туралы Конституцияның 2-бабы 2-тармағының және 91-бабы 2-тармағының ережелерiн бұзатын шешiмдерi Қазақстан үшiн мiндеттi деп танылмайды.
3. Халықаралық ұйымның және (немесе) оның органының Қазақстан үшiн мiндеттi шешiмi мен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi арасында қарама-қайшылық болған жағдайда, алдағы уақытта мұндай қайшылық жойылғанға дейiн халықаралық ұйымның және (немесе) оның органының шешiмi қолданылады.
4. Халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн шешiмдерi тiкелей қолданылмайды, және, тиiсiнше, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнен басымдығы болмайды.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сай нормативтiк қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
6. Осы нормативтiк қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір қаулыларына жекеше нотариустерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін жеке мөрлерінде пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша қосымша түсіндірме беру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өтініші бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң


2010 жылғы 19 мамырдағы № 2 қаулысы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, кұрамында Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелері І.Ж. Бақтыбаев,


Н.В. Белоруков, А.Н. Жайылғанова, В.А. Малиновский,
А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан өзінің ашық отырысында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір қаулыларына жекеше нотариустерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін жеке мөрлерінде пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша қосымша түсіндірме беру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өтінішін қарап,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет