Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет79/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Құрамында 31 адам бар Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттар тобы (Парламент депутаттары жалпы санының бестен бiр бөлiгiнен астамы) 1999 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Конституциясының мынандай нормаларына: 61-бабының 7-тармағына және 28-бабының


1-тармағына азаматтардың науқастанған жағдайда әлеуметтiк қамсыздандырылуға құқығы бөлiгiне ресми түсiнiктеме беру туралы өтiнiм жасады. Өтiнiмде 61-баптың 7-тармағына ресми түсiндiрме бергенде мына мәселелердi анықтап беруге өтiнiш жасалған:
1. Егерде Парламент қабылдамаған Заң жобасы тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Заң жобасы болып табылса (республикалық бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар жобасы), және ол онымен байланысты жобаланған бiрнеше (мейлi оншақты болсын) заңдармен қатар енгiзiлген болса, олардың бiр бөлiгiн Парламент қабылдамаған болса немесе бюджетке тиiстi түзетулер енгiзудi талап ететiн өзгерiстермен қабылдаса, Премьер-Министр бiрнеше заң жобаларының, оның iшiнде бюджет туралы заң жобасының да қабылданбауына байланысты Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға хақылы ма? Немесе ол енгiзiлген заң жобаларының тек бiреуi бойынша ғана мәселе қоюға хақылы ма? Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 7-тармағы қабылданбаған екi заң жобасы бойынша бiрден Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселенi бiр мезгiлде (бiрақ жылына бiр рет) қоюына мүмкiндiк бере ме? 
2. Егер Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе тек "Республикалық бюджет туралы" Заң жобасының қабылданбауына байланысты қойылса, ал сенiм бiлдiру туралы мәселе бойынша дауыс бергенде Парламентте Конституция белгiлеген дауыс санын ала алмаса "Республикалық бюджет туралы" Заң жобасы дауысқа салынбай қабылданған деп есептеле ме? Бұл ретте ол өзгерiстер енгiзiлуiн Парламент қабылдамаған қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн болады. Теориялық тұрғыдан келгенде бұл ретте бюджет нормалары Конституцияға да қайшы келуi ықтимал. Немесе Парламент қабылдамаған (Парламент палаталарының өзгерiстерiмен қабылданған) осы заң жобалары да дауысқа салынбай қабылданған деп есептелетiн бола ма? Бұл ретте ең бастапқысы қайсы: қабылданған бюджет қолданылып жүрген заңдарға (оның iшiнде Конституцияға да) сәйкес болуға тиiс пе немесе заң бюджетке қарай "икемделуге" тиiс пе? Егерде бастапқысы дегенмен де қолданылып жүрген заңдар болып, ал бюджет оған сәйкес болуға тиiс болса, бiрқатар заң актiлерiне қайшы келген жағдайда бюджет туралы заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға хақылы ма?"
Өтiнiмнiң Конституцияның 28-бабы 1-тармағына түсiндiрме беру бөлiгiнде бастапқыда "... Қазақ КСР-ның Еңбек туралы заңдар кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң жобасында ұсынылып отырған "Қазақстан Республикасы азаматына ... науқастанған жағдайда ... әлеуметтiк қамсыздандырылуға ... кепiлдiк берiледi", "Қызметкерлерге ... уақытша жұмысқа қабiлетсiздiгi бойынша жұмыс берушiнiң есебiнен әлеуметтiк жәрдемақы берiледi" деген нормасы конституциялық ережеге сәйкес келе ме?" ... Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiруi себептi 74-баптың 2-тармағының негiзiнде мұндай заң актiлерi кейiн күшiн жойды немесе қолданылуға жатпайды деп танылмай ма деген сұрақтардан тұратын.
Кейiн (1999 жылғы 26 ақпанда) Конституциялық Кеңеске өтiнiм субъектiлерi Конституцияның азаматтардың құқықтары мен науқастанған жағдайда әлеуметтiк қамсыздандырылу бөлiгiнде
28-баптың 1-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiшiн дамыту мәселесiнде басқаша тұжырым табыс еттi: "Нақтырақ айтқанда "Қызметкерлерге ... уақытша жұмысқа қабiлетсiздiгi бойынша жұмыс берушiнiң есебiнен әлеуметтiк жәрдемақы берiледi" нормасына "Қазақстан Республикасы азаматына ... науқастанған жағдайда ... әлеуметтiк қамсыздандырылуына ... кепiлдiк берiледi" деген конституциялық ережеге сәйкес келе ме?"
Жоғарыда аталған конституциялық нормаларға өтiнiмде қойылған нақтылы сұрақтарға ресми түсiндiрме берген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады:
1. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары тобының қаралып отырған өтiнiмiнде ресми түсiндiрме берiлуi туралы мәселе қойылып отырған Конституцияның 61-бабы
7-тармағында былай деп жазылған: "Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауысқа салу сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Егер сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс Конституциямен белгiленген қажеттi дауыс санын ала алмаған ретте, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледi. Алайда Үкiмет бұл құқықты жылына екi реттен артық пайдалана алмайды."
Конституциялық Кеңес мысалға келтiрiлген Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабы 7-тармағының редакциясын негiзге ала отырып, Премьер-Министр осы конституциялық нормаға сәйкес Үкiмет енгiзген бiрнеше емес, тек бiр ғана заң жобасын Парламенттiң қабылдамауына байланысты бiр мезгiлде Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоя алады деп есептейдi. Мұндай сандық шектеу конституциялық норманың мәтiнiне тек грамматикалық түсiндiрме беруге байланысты ғана емес, онда "заң жобасы" ("заңдар жобалары" деп емес) делiнген, сондай-ақ Конституцияның көрсетiлген бабының 7-тармағында көзделген заң қабылдау тәсiлi заң жобаларын қарау және қабылдаудың жалпы тәртiбiндегi кеңiнен қолдануға жол бермейтiн ерекшелiк болып табылады. Конституцияның 61-бабы 7-тармағы бекiтiп берген ереженiң ерекше сипаты, сондай-ақ өзi белгiлеген тәртiппен – Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қою жолымен – бiр жылда Үкiметтiң осы құқықпен екiншi рет пайдаланбайтынына сiлтеме жасай отырып, бiр мезгiлде екi заңның қабылдануына жол бермейдi. Онда көзделген құқықпен Үкiметтiң бiр жылда екi рет пайдалана алмайтынын белгiлей отырып, түсiндiрме берiлiп отырған конституциялық норма Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе бiрiншi рет қойылғаннан кейiн арада белгiлi бiр мерзiм өтуiн талап етпейдi. Бұған қарамастан, қаралып отырған конституциялық нормада көзделген заңдарды қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiгiне байланысты Үкiмет өзiне сенiм бiлдiру туралы құқықпен осы жылы екiншi рет Үкiмет бiрiншi рет сенiм бiлдiру туралы мәселе қойған заң жобасы заң нысанына түбегейлi енгенге дейiн пайдалана алмайды.
Конституцияның 61-бабының 7-тармағында көзделген тәртiппен Республика Премьер-Министрi Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiмет енгiзген кез келген заң жобасының, оның iшiнде республикалық бюджет туралы заңның қабылданбауына байланысты да Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселенi қоюға хақылы. Аталған бюджеттi талқылау және бекiту рәсiмiнiң Республика Конституциясының жекелеген баптарында ерекше регламенттелуi, Конституцияның 54-бабының
1-тармақшасында көзделгенiндей, көптеген басқа заң жобаларынан бiр ерекшелiгi, бұл заңның жобасы Палаталардың жеке отырыстарында қабылданбай, тек талқыланатындығымен; ал бекiтiлуi Палаталардың бiрлескен отырысында жүзеге асырылатындығымен түсiндiрiледi. Демек, егер Үкiмет енгiзген бюджет жобасын Парламенттiң қабылдамауына байланысты сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс, Конституциямен белгiленген қажеттi дауыс санын ала алмаған ретте, бюджет жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледi.
Конституцияның 61-бабының 7-тармағына сәйкес, Парламент депутаттары дауысқа салмай қабылданған заңдардың конституциялылығы туралы мәселе Конституцияның 72-бабы
7-тармағының 2-тармақшасында және 78-бабында белгiленген тәртiппен шешiлуге тиiс.
2. Республика Парламентiнiң депутаттар тобының азаматтардың науқастанған жағдайда әлеуметтiк қамсыздандырылуы құқығы бөлiгiнде ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiм жасаған Қазақстан Республикасы Конституциясының
28-бабының 1-тармағында былай деп жазылған: "Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiне, әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi."
Науқастанған жағдайда әлеуметтiк қамсыздандырылу конституциялық құқық деңгейiне жеткiзiлетiнi және оның жүзеге асырылуына кепiлдiк берiлетiнi келтiрiлген конституциялық нормадан көрiнiп тұр. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың кепiлдiгi, демек, науқастанған жағдайда әлеуметтiк қамсыздандырылу құқығы туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 1-тармағында да жазылған, соған сәйкес "Қазақстан Республикасында Конституцияға" сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi." 
Конституциялық Кеңес құқықтардың немесе бостандықтардың нақты бiр түрiнiң конституциялық құқық деңгейiне жеткiзiлуi және Конституцияда оның кепiлдiлiгiнiң жариялануы мемлекеттiң осы құқықтар мен бостандықтарды өзi құратын жүйелер мен құрылымдар арқылы жүзеге асыруды қамсыздандыруды өз мiндетiне алғандығы деп есептейдi. Нақтылы әлеуметтiк қамсыздандырылу құқығына, оның iшiнде науқастанған жағдайда, не мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен, бұл
1998 жылғы желтоқсанға дейiн көзделген болатын (1998 жылғы желтоқсан айының ортасына шейiн қолданылып келген Қазақ КСР-сының ЕтЗК-ы бастапқы редакциясының 232-бабы), немесе мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ("Әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi жөнiндегi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының редакциясындағы ЕтЗК-ының 232-бабы), яки меншiк нысанынан тәуелсiз жұмыс берушiге осы мiндеттi заңды түрде жүктеу арқылы кепiлдiк берiлуi мүмкiн.
Баяндалғанның негiзiнде және Республика Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4-тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 7-тармағына және
28-бабы 1-тармағына ресми түсiндiрме беру ретiнде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет