ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының
1 және 2-тармақтарын өтiнiм нысанасына қолданыста әлеуметтiк жәрдемақылар төлейтiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге көшiру азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша кемсiтуге және жұрттың бәрiнiң заң алдындағы теңдiгi принципiн бұзуға апарып соқпайды деп түсiну керек. Қазақстан Республикасының Парламентi азаматтарды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша жаңа заңдар қабылдағанда Республиканың барлық аймақтарында сақталуға мiндеттi зейнетақылар мен жәрдемақылардың ең төменгi және ең жоғары мөлшерлерiн тағайындаудың жалпы өлшемдерiн анықтауға тиiс.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 24-бабының
2-тармағы әлеуметтiк қорғаудың нақты түрлерiн белгiлемейдi, ол тиiстi заңмен анықталады. Өтiнiмде қойылған мәселеге байланысты қолданыста осы конституциялық норманы жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны алып тастау азаматтардың жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалу құқығына нұқсан келтiрмейдi деп түсiну қажет.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясы 77-бабы
3-тармағының 5) тармақшасын азаматтардың құқық бұзушылық үшiн заңдық жауапкершiлiгiн реттейтiн және жауапкершiлiктiң жаңа түрлерiн белгiлейтiн немесе оны жаңа санкциялар енгiзу жолымен күшейтетiн заңдардың керi күшi болмайды деп түсiну қажет. Осы конституциялық норма құқық қолдану қызметiн жүзеге асыратын соттар, мемлекеттiк органдар және лауазымды адамдар үшiн мiндеттi болады.
Республика Парламентiнiң заңдарды қабылдаған кезде керi күшi болатын құқықтық нормаларды белгiлейтiн құқығы бар.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының
3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы
73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |