Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы Адам және Азамат жағдайы
Конституциялық негіздері
Ақтөбе қаласы № 48 орта мектебінің
Тарих және құқық пән мұғалімі Садық Индира Әмірханқызы
.
Сабақ мақсаты :
- Адам, Азамат, қоғам, құқық нормалары ұғымдарын,азаматтың құқығын,бостандығы мен міндеттерін түсіндіру
- Құқықтық сананы қалыптастыру;
- жауапкершілікке, заң сыйлағышқа баулу;
Сабақ ресустары: интерактивті тақта , Қазақстан Республикасы Азаматтық туралы Заң, Қазақстан Республикасы Конституциясы.
Сабақ әдісі: интерактивті әдіс
1. ой талқы әдісі
2.баяндау әдісі
3. мәтінмен жұмыс.
4. Конституция баптарымен жұмыс
5. Сараптау.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Психологиялық дайындық.
Шәкірттерден бүгінгі күннің қалай басталғанын, көңіл күйлерін сұрап төмендегі сұрақтармен сабақты бастау.
«Ой талқы»
І. 1 « Адам « ұғымы.
2. Сендерше адам құқығы нені білдіреді?
3. Адам құқығы қай жерде жазылған?
4. «Азамат» ұғымы.Қазақстан Республикасының Азаматы дегенді қалай түсінесіңдер
- Ел тұрғыны.
- Осы елде дүниеге келген адам.
- Төл құжатында азаматтық белгісі бар кісі;
- Ел үшін көп іс тындырған кісі.
«Ассоциация» әдісі
ІІ. Шаңырақ суреті салынып, оның уықтарына адам құқықтарын тізіп жазу.
Сабақ алгоритмі:
1.Қ.Р. адам және азаматтық құқықтық мәртебесі.
2.Қ.Р. азаматтығы; түсініктері мен қағидаттары
3.Қ.Р, адамның және азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтары мен міндеттері.
Мұғалім мәтіні
Мемлекетіміздің конституциялық құрлысының маңызды негіздерінің бірі – адам мемлекетіміздің баға жетпес құндылығы. Қ.Р. Конституция ІІ бөлім «Адам және Азамат» 10-39 бап.
Жеке адамның құқықтық мәртебесінің құрылымы:
1.Жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттары;
2.Қ.Р азаматтығы институты;
3 Жеке адамның құқықтары;
4. Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі:
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің конституциялық қағидаттары
адам мен азаматтың тең құқықтық қағидаты,
жеке адамның құқықтары мен бостандықтары абсолюттілігі мен оқшауланбайтын қағидаттар;
гуманизм қағидаты;
жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі:
Азамат ұғымының екі анықтамасы:
1. Адамгершілік ( өз елінің бір бөлігі,бүгіні мен болашағы байланысқан еркін адам )
2.Заңдық (Адам мен мемлекет арасындағы өзара құқықтар мен міндеттер байланыс)
Қ.Р. 1992 жылы 1наурызда қабылданған «Азаматтық туралы» Заң
№1 тапсырма интерактивті тақтаға жазу. Жеке оқушымен жұмыс
Адамның мемлекетке қатысты құқықтар мен міндеттері
|
Мемлекеттің адамға қатысты құқықтармен міндеттері
|
Мемлекетің Конституциясын сақтау,
мемлекеттегі ғұрыпқа, дәстүрге құрметпен қарау;
өз мемлекетінің барлық заңдарын орындауға;
мемлекттегі барлық жетістіктерді пайдалануға;
өз мүддесін қорғауға және басқаларға құқықты.
|
- азаматтардың құқықтары мен бостандығын заң жүзінде бекітуге;
- өз азаматтарының заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
- заңды бұзған жағдайда адамды жауапкершілікке тартуға және тағы да басқаларға құқықты.
|
№ 2 тапсырма
Арыстанның тәрбиесі.
Құдайым ұл беріпті Арыстанға, өмір сүру құқығы
Аң жайы айдан анық танысқанға;
Адамды бір жасында ақыл, әл жоқ әрекет қабілеттсіздігі
Туса да әулиеден гүлстанда;
Бір жасқа бала арыстан келген күннен құқық қабілеттігі
Сілкініп шыға келді жергегінен.
Әкесі баласының алдын шолып балаға қамқорлық жасау құқығы
Көбірек ойға кетті күндегіден: ата-ананың баланы тәрбиелеу міндеті
Өтінемін, кімді жалдап, әкім етем?
Патша ұлы кімнен дәріс оқыр екен? Білім алу құқығы
Түлкінің ақылы мол айласы бар білім беру, оқыту түрін таңдау еркіндігі
Ұстазы әлде ұлымның осы ма екен?
Барысты алсам ба екен қайраты асқан.
Әдісі ерлігімен араласқан Білім алудың түрлі әдісін пайдалану
Бірақ ол білмейді ғой саясат пен даралықты сақтау құқығы
Азаматтық заң ісін, қара басқан
Жақпады Арыстанға аң баласы: еркін таңдау құқығы
Пілге тең келеді аңның қай баласы? Ақпарат алу бостандығы
Гректер Платонды қандай көрсе, ой,пікір бостандығы
Сыйлайды пілді сондай айналасы
Баулитын өзім алып балаңызды... қызмет таңдау еркіндігі
Тілінен Бүркіт патша бал ағызады.
Ауыр жүк арқасынан алынғандай жолдастық көмек ұсыну еркіндігі
Арыстан көңілденіп жаңа қызды
Арада бір жылдан соң жыл өтеді
Шәкірттен талай хабар дүр етеді ақпаратты хабарлар алу бостандығы Арыстан алдыртады сүйікті ұлын
Қалдырмай үлкен-кіші жиып бүгін: жиналыс бостандығы
Не оқып ұстазыңнан нені білдің? Баланың ой, пікір бостандығы
Бағына не істемексің өз еліңнің?-
Ұстаздар берген мынау аттестатым: аттестат иелену құқығы
Құстарға мәлім болды менің атым, сөз бостандығы
Олардың айтуынша, сияқтымын
Аспаннан қолмен жұлдыз ала алатын
Сен маған патшалықты тапсырғанда мұрагерлік құқығы
Үйретемін ұя істеуді барлық аңға. Кәсіпке үйрету бостандығы
Аң біткен аузын ашпай мүлгіп қалды, пікір бостандығы
Оның патша басын шұлғып қалды. Көзқарас еркіндігі
Аңдарды билеу үшін туған жанға басқаруға қатысу бостандығы
Құс жайын үйренуден пайда бар ма?
Халқының қасиетін, жер пайдасын еліне қамқолық жасау еркіндігі
Осының оқу керек патшаларға білім алу құқығы.
№3 тапсырма.
Қ.Р Конституциясының «Адам және Азамат «бөлімінен жазылған бап мәтінен тілшелер таратылады,олардың ішінен әр топ өз тобына қатысты деп білген құқықтарды іріктеп алып қорғайды.
1 топ Жеке құқықтар мен бостандықтар (баптар бойынша )
ІІ топ Әлеуметтік экономикалық, мәдени құқықтар.
ІІІ топ Саяси құқықтар мен бостандықтар
ІҮ топ. Жеке адамның Конституциялық міндеттері.
Азаматтардың құқықтары мен еркіндігі
Азаматтық
Жеке құқықтары
|
өмір сүру, жеке бас бостандығы, ары мен қадірін қорғау құқығы, ождан бостандығы,тұрғын үйге қол сұғылмауы,еркін тұру құқығы және тұратын жер таңдау құқығы, қай ұлтқа тиесілігін белгілеу,қатігездіктен азат болу,отбасылық өмірге қол сұғылмау құқығы, заң тарапынан қорғану құқығы.
|
Саяси құқықтары
|
Мемлекет басқару ісіне қатысу құқығы, бірлестікке бірігу құқығы, митинг, шеру,демонстрация жасау құқығы, сайлау және сайлану құқығы, мемлекеттік лауазымдарға тең дәрежеде қол жеткізу құқығы, референдумға қатысу құқығы,сөз бостандығы, өкімет органдары үстінен арыз-шағым жасау құқығы.
|
Әлеуметтік- экономикалық құқықтар
|
Денсаулық сақтау, еңбек ету, сыйақы алу, тынығу құқығы, әлеуметтік қамтамасыздық, жеке меншік құқығы, мұра илену,әлеуметтік қорғалу, өз қабілеті мен мүлкін кәсіпкерлік және заң тыйым салмаған басқа да қызмет үшін еркін пайдалану құқығы,білім алу, ұжымдық еңбек дауларын шешу, жәрдемақы алу, отбасы ата-ана балалардың мемлекет қорғалуында болу құқығы.
|
Мәдени құқықтар
|
Мәдениет жетістіктерін пайдалану құқығы,білім алу,ғылыми,техникалық және көркем шығармашылық еркіндігі.
|
Жеке адамның Конституциялық міндеттері
|
Қ.Р Конститутциясын және заңдарын орындауға сақтауға міндетті.Әркім басқа адамның құқықтарын және бостандықтарын абырой мен ар-намысын құрметтеуге,сыйлауға міндетті.Қ.Р мем.Рәміздерін,Туын,Елтаңбасын,Әнұранын құрметтеуге міндетті,салық,алымдарды және міндетті төлемді төлеу әркімнің міндеті,борышы Қ.Р қорғау-азаматтардың қасиетті борышы,парызы,Азаматтар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға,тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті;
Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті.
| Рефлекция
Біз не үйрендік ?
|
Адам құқығымен байланысты.
|
Қ.Р Азаматтығымен таныстық
|
Туу туралы куәлік,жеке бас куәлігі,жеке төл құжат
|
Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен бостандықтарымен таныстық
|
Білім алу құқықымен (тегін) өз ойымызды еркін жеткізу.
Бала құқығымыз мемлекет тарапынан қорғалуы.
Денсаулық сақтау.
Шығармашылық еркіндік,Жаңашыл білім алу техника интерактивті тақтамен.
|
Бағалау. Бағалау парағын толтыру.
1.Өзін-өзі бағалайды.
2.Өзара бағалайды.
3.Мұғалім топты бағалайды.
Үйге тапсырма беру.
1. Қазақстан Республикасындағы Адам және Азамат жағдайының Конституциялық негіздері. 2 Қазақстан Республикасының Конститутциясын,
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заң оқу.
.Г.Тороның «Нағыз адамдар мемлекетке ар-ұжданмен қызмет етеді» деген сөзін түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |