Жаратылыстану факультеті



бет1/34
Дата16.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#169066
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
МГҚА. 15 лекция.
Квант 1-4

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Биология кафедрасы


Магистратура 7М01505 2 курс
МОЛЕКУЛАЛЫҚ ГЕНЕТИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ АСПЕКТІЛЕРІ
(лекциялар конспекті)


Құрастырғандар:
Бегімқұлов Б., Өмірзақ Т.

Шымкент 2022


Пәннің оқу-әдістемелік құралы Биология кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.
№ __ хаттама, «___» ____________ 20 ___ ж.

Кафедра меңгерушісі __________Успабаева А.А.


Құрастырғандар:


Бегімқұлов Б., Өмірзақ Т.

Молекулалық генетиканың қазіргі аспектілері


1-лекция. Молекулалық биология пәні, даму тарихы, маңызы, зерттеу методтары

Молекулалық биология тіршілікті молекулалық деңгейде зерттейтін биологияның ең маңызды салаларының бірі. Ол биологиялық макромолекулалар - нуклеин қышқылдары мен Ақуыздардың құрылысын және қызметін зерттейді.


Қазіргі кезде молекулалық биология идеялары биологияның барлық салаларында кеңінен таралған және ол теориялық, экспе-риментальдық биологияның дамуына елеулі ықпал етеді.
Молекулалық биология идеялары генетика саласында XX-ғасырдың басында ақ қолданыла бастады. 1908 ж. ағылшын емдеушісі А.Хэррод адамдардың алкаптонурия (адам несебінің түсінің ауада қараюы) ауруын зерттеп, ол ауру адам ағзасында гомогентизин қышқылы алмасуының бұзылуы салдарынан болатынын және бұл аурудың тұқым қуалайтындығын аныктаған.
1945 жылы Дж. Бидл және Э. Татум зерттеулерінің нәтижесінде «бір ген - бір Ақуыз (фермент) - бір белгі» деген ұғым қалыптасып, генетиканың биохимиямен тікелей байланысы бар екендігі айдан айқын болды.
1950 - 1960 жылдары тұқым қуалаушылықтың материалы - нуклеин қышқылдарының құрылысы зерттелініп, 1953 ж. Ф. Крик және Дж. Уотсон ДНҚ молекуласы кұрылысының моделін анықтады; генетикалық ақпарат ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер тізбегінде генетикалық код күйінде жазылатындығы анықталды; ДНҚ молекуласының өздігінен екі еселену (репликациялану) механизмі белгілі болды; жасушада ақпараттың берілу жолдары айқындалды.
Қазіргі таңда молекулалық биология жедел дамып келе жатқан ғылым ретінде теориялық және қолданбалы биология, генетика, медицина, ауылшаруашылығы т.б. ғылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады. XXI ғасыр молекулалық биология ғасыры деп аталуда.
Молекулалық биология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді: геномика — тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері -ДНҚ, РНҚ молекулаларының құрылыстарын, қызметтерін зерттейді; протеомика — жасуша ақуыздарының құрылысын, қызметтерін зерттейтін бөлім.
Геномика ғылымының негізгі міндеті мен мақсаты - адам және басқа да тірі ағзалардың геномдарының құрылысын, қызмет ету тетіктерін зерттеп, анықтап, анықталған деректерді, білімдерді адам өмірінің сапасын жақсартуға пайдалану болып табылады.
Молекулалық биология ғылымының дербес ғылым ретінде қалыптасуы 1953 жылдан кейін басталды, себебі осы жылы Ф.Крик және Дж. Уотсон дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ-ның) қос ширатпалы құрылысын анықтап, оның моделін құрастырған.
Соңғы 50-55 жыл ішінде молекулалық биология ғылымы тіршіліктің сырларын зерттеуде көптеген маңызды жетістіктерге қол жеткізді.
XX ғасырдың 40-50 жылдары ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі нуклеин қышқылдары екендігі белгілі болды (О.Эйвери, К.Мак Леод, М.Мак Карти; Н.Циндер, Д.Ледерберг; Х.Френкель-Конрат т.б.)
1954 жылы америка ғалымы Г.Гамов тұқымқуалаушылық ақпараты ДНҚ молекуласында генетикалық код күйінде жазылған, генетикалық код 3 нуклеотидтен тұруы мүмкін деген болжам жасады. Ал, 1961-1964 жылдары Ф.Крик, Х.Корана, М.Ниренберг, С.Очао т.б. ғалымдардың еңбектері нәтижесінде генетикалық кодтың толық сөздігі анықталды.
1961 жылы француз ғалымдары Ф.Жакоб және Ж.Моно прокариоттар гендерінің экспрессиялануының оперондық гипотезасын ұсынды. Кейінірек гендердің экспрессиялану тетіктері (механизмі) прокариоттарда да, эукариоттарда да бірдей жоба күйінде болатындығы белгілі болды (Г.П.Георгиев).
2001-2003 жылдары «Адам геномы» атты халықаралық ғылыми бағдарлама толық аяқталып, 2001 жылдан кейін адамзат постгеномдық дәуірге аяқ басты.
Молекулалық биологияның дамуына көптеген орыс және қазақ ғалымдары ат салысты, олардың арасынан ААБаев, А.Н.Белозерский, А.С.Спирин, ВАЭнгельгард, А.П.Георгиев, Т.Дарханбаев, М.А.Айтхожин, Х.Жұматов т.б. есімдерді атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет