Жаратылыстану факультеті



бет2/34
Дата16.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#169066
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
МГҚА. 15 лекция.

Зерттеу методтары. Молекулалық биология өз алдына дербес ғылым ретінде XX -ғасырдың 40 - 50 жылдары бөлініп шықты. Ол әртүрлі ғылымдардың (биология, химия, физика т.с.с.) түйісуінің нәтижесінде пайда болды, сондықтан да молекулалық биология аталған және басқа да ғылымдардың жетістіктерін, зерттеу әдістерін кеңінен пайдаланып талдау жасайды.
Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объекттері — жасушаның ақпараттық макромолекулалары - ақуыз және нуклеин қышқылдары болып саналады. Ол ақпараттық макромолекулалардың құрылысын, қызметтерін, таралуын зерттейді.
1).Цитогенетикалық әдіс - микроскоп арқылы хромосомаларды зерттеуден басталады.
Бұл әдіс арқылы: 1) ағзалардың кариотипі анықталады; 2) хромосома саны анықталады; 3) хромосомалардың морфологиясы зерттеліп, олардың құрылысында өзгерістердің бар-жоғы, яғни хромосомалық аурулар анықталады; 4) хромосомалардың генетикалық карталарын жасау үшін пайдаланылады - ол үшін хромосомалар таңдамалы боялады; 5) геномдық не хромосомалық мутацияларды, олардың жиілігін анықтау үшін пайдаланылады.
2) Соматикалық жасушалар генетикасы әдісі. Жасушалар ағзадан тыс, жасанды қоректік орталарда өсіріледі. Оларды өсіру кезінде қажет болған, немесе зерттеушінің көзіне түскен ерекше? жасуша бөліп алынып клондалады, яғни көбейтіледі және сол жасушалар тобы алынып зерттеледі. Ол жасушалар әрі қарай сұрыпталып будандастырылады.
Бұл әдіс нәтижесінде: 1) гендердің тіркесу және олардың хромосома бойында орналасу орны анықталады; 2) кейбір гендердің активтігінің нәтижесі ретінде олардың синтезделінетін нақтылы өнімдері зерттеледі; 3) гендердің әрекеттесуі және олардың активтілігінің реттелу механизмдері анықталады; 4) гендік мутацияларды зерттеу үшін қолданады. Осы әдісті пайдаланып медицина практикасында әлі туылмаған баланың жынысын, 60-қа жуық тұқым қуалайтын ауруларын анықтауға болады. Ол үшін жатырдан сұйықтық алынып, ондағы ұрық жасушалары өсіріліп зерттеледі (амниоцентез).
3) Биохимиялық әдіс. Бұл әдіс ферменттік жүйелердің белсенділігін зерттеу арқылы жүргізіледі. Олар зат алмасу ауруларының себебі - гендік мутацияларды анықғауға, сол сияқты биохимиялық тесттер арқылы патологиялық гендердің гетерозиготалы тасымалдаушыларын да анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін зерттелуші адамдардың қанына (венасына) белгілі бір аминқышқылының (мысалы фенилаланиннің) біршама мөлшері енгізіледі де мезгіл мезгіл оның қандағы концентрациясы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет