Жаратылыстану факультеті


Хромосомалық және геномдық инженерия



бет34/34
Дата16.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#169066
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
МГҚА. 15 лекция.
Квант 1-4
Хромосомалық және геномдық инженерия.
Әдетте генетикалық инженерияның үш деңгейі ажыратылады: 1) гендік - рекомбинантты ДНҚ-ны тікелей зерттеу; 2) хромосомалық - гендердің үлкен топтарын немесе бүкіл хромосомаларды манипуляциялау; 3) геномдық - бір клетканың генетикалық материалын басқа клеткаға тасымалдау. Қазіргі кезде хромосома деңгейіндегі генетикалық инженерияны хромосомалық инженерия деп атауға болады, ал геномдық инженерия өзінің мәні бойынша клетка инженериясына сәйкес келеді.
Хромосомалық инженерия. Хромосомалық инженерия эукариоттық организмде қарастырылады, өйткені прокариоттарда "хромосома" және "геном" түсініктемелері біртекті қаралады. /Жалпы хромосомаларды және олардың фрагменттерін биологиялық объектілерді өзгерту әдісі ретінде тасымалдау әзірше болмашы рөль атқарады. Дегенмен мұндай әдістің іргелі мағынасы зор және болашақта елеулі рөль аткаруы мүмкін. Хромосомаларды басқа (реципиенттік) клеткаға трансформациялау үшін алдымен оларды (донорлық) клеткадан бөліп алу қажет. Ол үшін клетканың бөлінуі колхициннің көмегімен метафаза стадиясында тоқтатылады. Онан соң клеткалар гипотонизацияланады. Хромосомалардың таза бөлігі дифференциальды центрифугалау арқылы бөлінеді. Бүтін хромосома немесе оның бөліктері реципиенттік клеткаға пиноцитоз жолымен енеді. Клеткаға енген интактты (лат. intactus нетронутый) хромосомалар өздерінің құрылымын бірнеше ұрпақ деңгейінде сақтай, тіпті репликациялана алады. Нәтижесінде мұндай хромосомалардың гендері полипептид синтезін іске асыра алады. Жалпы клеткаға енген хромосомалар ақырында (лизосомалық ферменттердің әсерінен) жеке бөліктерге ыдырайды. Хромосомалық инженерияның әдістері жануарлар хромосомаларының генетикалық картасын құрастыруға үлкен мүмкіндіктер береді.
Геном дейгейіндегі генетикалық инженерияның ең соңғы жетістігі - мал клонын алу. Организм клонын алу әдісі арқылы ағылшын генетигі Ян Вильмут алғаш рет қой клонын алуды ("Долли" қойы) іске асырды. Бұл үшін қойдың сүт безінің ядролық материалы ядросынан алдын ала айырылған өзінің аналық жыныс клеткасына тасымалданады. Осындай әдіс арқылы алынған жануар донордан ешқандай айнымайды, былайша айтқанда оның кіші көшірмесі болып саналады. Осы нәтижелер ересек клеткаға да тотипотенттілік тән екенін дәлелдейді. Қазіргі кезде, қойдан басқа, бірнеше мың сиыр клондары алынды және осы әдіс арқылы адам клонын алу ғалымдар арасында қызу пікір талас тудырды және көпшілікті аландатуда. Өйткені мұнда ғылым емес, этикалық мәселе маңызды болып саналады. Осыған қарамастан барлық дамыған елдерде осы бағыттағы зерттеу жұмыстары кең көлемде өтуде. Дегенмен, клон алу әдісі бедеулікке және кейбір генетикалық ауруларға қарсы күресуде тиімді деп саналуда.
Негізгі әдебиеттер
Әбилаев С.Молекулалық биология және генетика. Шымкент, 2008.
Бегімқұлов Б. Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. Алматы,1996.
Бозшатаева Г.Т Молекулалық биология: Оқу құралы -Шымкент, 2001ж
Қосымша әдебиеттер
С.Ж. Стамбеков, В.Л. Петухов. Молекулалық биология. Новосибирск 2003ж
Ашмарин А.Н. Молекулярная биология. Л., 1977ж
Спирин А.С. Молекулярная биология. М., 1980ж Структура рибосом и биосинтез белка.
Стент Г. Молекулярная генетика. М., 1982ж




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет