Жаратылыстану факультеті



бет26/34
Дата16.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#169066
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
МГҚА. 15 лекция.
Квант 1-4
Эукариоттық құрылымды гендердің транскрипциясын бақылайтын элементтер. Прокариоттармен үйлестіре отырып, эукариоттық гендер транскрипциясының инициациясына геннің 5'— ұшына қарай орналасқан промотор тізбектері қатынасатынын күтуге болады. Эукариоттар промоторы күрделі ұйымдастырылған және одан құрылымды гендер транскрипциясының инициациясын бақылайтын ерекше бөліктерді— TATA, CААТ және басқа блоктарды немесе мотивтерді ажыратуға болады. Бұл бөліктер ақуыздарды коделейтін эукариоттардың барлық гендерінің, яғни РНҚ-полимераза II арқылы жүретін ДНҚ тізбегінің транскрипциясына әрқилы әсер етеді....
Эукариоттардың бірқатар гендерін in vitro жүйесінде зерттеулер TATA және СААТ блоктардан басқа осы гендердің транскрипциясына әсер ететін, транскрипцияның инициация нүктесінен біраз қашықтықта (100 н.ж. және одан жоғары) орналасқан энхансер (күшейткіш немесе модулятор) деп аталатын тізбектерді тапты. Энхансерлер ондаған жұп нуклеотидті жеке элементтерден (мотивтерден немесе модульдердан) құралған ДНҚ-ның қысқа тізбегі түрінде болады. Энхансер мотивтері негізінен екі жақты симметриялы немесе палиндромды тізбек күйінде болады. Мотив немесе модульдер қайталанатын тізбек ретіңде де болуы мүмкін. Энхансерлер транскрипция тиімділігін ондаған, жүздеген есе күшейте алады. Осындай күшейткіштер алғаш рет Н2А гистонының генін зерттеуде ашылды. Энхансерлердің ерекшелігі олардың едәуір қашықтықтан (1000 н. ж. астам) және ген транскрипциясының бағытына байланыссыз әсер ету қабілеттілігінде. Энхансер геннің 5'— ұшында немесе 3'— ұшында да, сондай-ақ интрон ішінде де орналаса алады. Негізінен олар промотор құрамына енбейді.
Сонымен кәдімгі ген белокты коделейтін бөліктен және осы бөліктің транскрипциясын бақылайтын екі реттеуші элементтен — промотор мен энхансерден — құралған. Соңғы уақытта промотор мен энхансердің ген экспрессиясын реттеуші белоктармен байланысу арқылы іске асатыны интенсивті зерттелуде.
Сүтқоректілерде жыныс гормондарының әсері аса маңызды. Жыныс гонадаларында түзілген стероидтық гормондар онтогенездің белгілі бір даму сатысындағы клеткаларға тасымалданып, олардың аллостериялы белок - репрессорымен байланысуы арқылы мәлім гендердің транскрипциясын бақылайды.

1-сурет. Ақуыз биосинтезінің реттелуі. Регуляция биосинтеза белка.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет