1
Ақпараттық-дидактикалық блок
Гендерінің экспрессиясының реттелуі
Прокариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі
Гендер өнімінің синтезін бақылау механизмдері жалпы
атпен гендік реттелу деп
аталады.
Прокариоттар геномы сақиналы ДНҚ молекуласы
нуклеоид
және
бірнеше майда
сақиналы ДНҚ-
плазмидалар
түрінде болады. Олар үлкен үнемділігімен ерекшеленеді,
өйткені онда ақпараты жоқ нуклеотидтер қатары болмайды.
Прокариот жасушаларында
транскрипция және трансляция үдерісітері қатар жүреді.
Геннің өнімі болып ақуыз молекуласының биосинтезі жайлы ақпараты бар а-РНҚ
болып табылады. Ақуыздар (полипептидтер)
құрылымдық ақуыздар, ферменттер және
реттеуші ақуыздар болып бөлінеді. Құрылымдық ақуыздар жасушалармен мүшелердің
негізгі құрылым бірлігі. Ферменттер ағззадағы зат алмасуды қамтамасыз етеді.
Реттеуші
ақуыздар құрылымдық гендердің белсенділігіне әсер етеді: биосинтезді күшейтеді,
төмендетеді немесе басып тастайды.
Прокариоттарда (ішек таяқшасы E.Coli) кейбір ферменттер сыртқы орта жағдайына
тәуелсіз үнемі үздіксіз синтезделеді.
Ағзада конститутивті (тұрақты) ферменттердің синтезделуі,
сол ферменттің
синтезін бақылайтын геннің үздіксіз белсенді болатынын көрсетеді. Сонымен бірге
бірқатар ферменттер ағзаға қажетті жағдайда (ортада субстраттар болғанда) ғана
синтезделеді. Егер жасушаға (ағзаға) ферменттер қажет болмайтын болса, онда олардың
синтезделуі яғни ферменттердің активтілігін бақылайтын
гендердің де жұмыстары
тоқтайды.
Прокариот гендерінің активтілігінің реттелуі үш деңгейде реттеледі:
1.Транскрипциялық
2. Трансляциялық
3. Посттрансляциялық
Прокариоттардың тіршілігін қамтамасыз етуде гендер
активтілігінің реттелуінің
маңызы зор.