Ақпараттық-дидактикалық блок Гендерінің экспрессиясының реттелуі Прокариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата25.11.2022
өлшемі443,38 Kb.
#159837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
регуляция про, эукариот, каз. ақпараттық
Стандарттар (1), Препаратты енгізу-WPS Office, Ситуационные задачи к промежуточной аттестации по дисциплине «Физика, математика» леч пед, ЧО, г. Магнитогорск, ЖМ22-016 Қалдыхан Жамиля , СРО-21, 155920
Трансляциялық бақылау 
Гендер экспрессиясын трансляциялық деңгейде бақылау прокариоттар мен 
эукариоттарда түрліше жолдармен іске асырылады. Прокариоттардың көпшілік а-РНҚ-
ларының трансляциясы транскрипциямен қатар бір уақытта жүреді. Эукариоттық 
жасушаларда трансляция транскрипциядан кейін, процессинг нәтижесінде жетілген а-РНҚ 
түзілгеннен соң басталады. 
Трансляциялық бақылаудың іске асырылу жолдары: 
1.
А-РНҚ-ның өмір сүру ұзақтығының жоғарылауы – информосомалардың немесе жасырын 
а-РНҚ-ның түзілуі арқылы іске асырылады. Мысалы, ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасы 
әдетте биологиялық активті емес, бірақ ұрықтанудан соң іле-шала митотикалық 
аппараттың, жасушалық мембрананың белоктары мен гистондардың синтезі жүре 
бастайды.
2.
Белоктар синтезделу жылдамдығының реттелуі . Трансляциялық бақылаудың бұл 
механизмі де жетілген, ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасында байқалады.Бұл жасушалар 
тыныштық күйде болып белок синтезделу процестері төменгі деңгейде жүріп жатады. 
Белок синтезделу қарқындылығының төмен болу себебі: а-РНҚ-ның жеткіліксіздігі емес, 
әзірше белгісіз, «жинақтаушы фактор» деп аталатын элементтің жетіспеуі. Бұл элемент 
рибосоманың а-РНҚ-мен қосылып кешен түзуіне қатынасатын болуы тиіс (рибосома+а-
РНҚ). 
3.
Мысалы, жібек көбелегінің (Bombyx mori) пілләсі түзілу үдерісінде «жібек» безі тек бір 
ғана белоктың түрін – фиброинды синтездейді. Фиброин белогының ұзақ уақыт 
синтезделуі, оның а-РНҚ-ның өмір сүруі ұзақтығының жоғарылауына байланысты. 
Эукариоттардың қалыпты жағдайдағы а-РНҚ-сы 3 сағатқа жуық өмір сүреді де 
соңынан ыдырап кетеді. Ал фиброиндық а-РНҚ бірнеше күн өмір сүріп, сол уақыт 
аралығында фиброинның 109 молекуласын синтездеп үлгереді. «Жібек» безі жалпы 
алғанда 1015-ке жуық фиброин молекуласын (300 микрограмм) синтездейді. Фиброиндық 
а-РНҚ-ның өмір сүру мен қызмет атқаруын ұзартатын феномен болмаған жағдайда 
фиброинның қажетті мөлшері синтезделу үшін жібек көбелегінің құртына 25 есе артық 
ген қажет болып, олар 100 күндей жұмыс істеген болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет