Ақпараттық-дидактикалық блок Гендерінің экспрессиясының реттелуі Прокариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата25.11.2022
өлшемі443,38 Kb.
#159837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
регуляция про, эукариот, каз. ақпараттық
Стандарттар (1), Препаратты енгізу-WPS Office, Ситуационные задачи к промежуточной аттестации по дисциплине «Физика, математика» леч пед, ЧО, г. Магнитогорск, ЖМ22-016 Қалдыхан Жамиля , СРО-21, 155920
 
Посттранскрипциялық бақылау 
Транскрипцияның соңы мен трансляция басталудың арасындағы кезең 
посттрансляциялық кезең деп аталады. Онда мына үдерістер жүреді:
1.
А-РНҚ-ға «қалпақтың» («кэп») және «құйрықтың» жалғануы. Бұл үдерістердің анық мәні 
толық шешілмеген, бірақ а-РНҚ-ны тануға және оның ядродан цитоплазмаға шығуына 
жағдай туғызады деп жорамалдайды.
2.
Ядролық РНҚ-ның процессингі кезінде интрондардың қырқылып түсіп, қалған 
экзондардың сплайсингі (жалғануы) жүреді. Процессингке арнайы ядролық бөлшектер 
немесе кіші ядролық рибонуклео-протеиндер (мя РНП) қатынасады. Олардың құрамында 
У1, У2, У3, У4, У5 және У6 кіші ядролық РНП-лар болады. 
Дифференциалды немесе альтернативтік сплайсинг дифференциацияланып жатқан 
лимфоциттерге қажет әртүрлі белоктардың түзілуін қамтамасыз етеді. Осы альтернативтік 
сплайсинг механизмі бойынша екі жетілген а-РНҚ-ға сәйкес екі түрлі белок молекулалары 
(иммуноглобиндер) түзіледі. Бір а-РНҚ-ның құрамында болатын ақпарат жазылған 
нуклеотидтер жүйесі (экзондар) альтернативтік сплайсинг нәтижесінде екінші а-РНҚ-да 
ақпараты жоқ интрондар түрінде болады.
3.
Ядрода синтезделетін барлық а-РНҚ-ның 5%-ға жуығы цитоплазмаға шықпай ядрода 
қалады. Мұның себебі интрондары алынып тасталғаннан кейінгі а-РНҚ молекуласы 


11 
бөліктерінің ядрода бұзылуы т.б. болуы ықтимал. Сонымен қатар кейбір интрондар а-
РНҚ-ны танып, оның цитоплазмаға шығуына көмектеседі деген жорамал айтылады 
(Maсlean, Hall, 1987). 
4.
Түзілген а-РНҚ-ның біраз бөлігі цитоплазмада ыдырап кетеді. Эукариоттық а-РНҚ-ның 
ыдырау жылдамдығы түрліше. А-РНҚ-ның ыдырау жылдамдығының түрліше болуы 
гендер активтілігіне әсер етуі мүмкін. 
Мысалы, жасушалық циклдың барысында гистонды белоктардың қарқынды 
синтезделуі S кезеңінің бастапқы кезінде өте қажет, өйткені осы кезеңде жаңадан түзілген 
ДНҚ тізбектері нуклеосомалармен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазіргі кезде гистондар 
синтезінің жылдамдығы транскрипциялық деңгейде ғана емес, сонымен қатар гистондық 
а-РНҚ ыдырау жылдамдығындағы ерекшеліктермен де реттелетіні жайлы пікірлер 
айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет