А. байтұрсынұлы жасаған әліпбидің негізділігі



Дата11.02.2018
өлшемі424,59 Kb.
ӘОЖ 811.512.122:003.3
Сайбекова Н.У.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

«Филология» мамандығының 1 курс PhD докторанты, Алматы, Қазақстан

e-mail: saibek_nazira@mail.ru


А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖАСАҒАН ӘЛІПБИДІҢ НЕГІЗДІЛІГІ
Тіл мен мәдениеттің баға жетпес ұлттық құндылықтарды жеткізетін қазына ретінде қарастыру керектігі туралы Сепир: «Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс-тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден мүлде арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп тұрған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады» дейді [1]. Тіл мен мәдениет байланысы «Тіл – тіл иесінің рухы» деп айтуға мүмкіндік береді. В.Фон Гумбольдттың пікірінше, ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухы бар. Сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл. Бұл қағида ғалымның тілді адамның ойы мен санасы, мәдениеті және рухани өмірімен тығыз байланыста қарайтын тіл философиясына сай философиялық-лингвистикалық бағдарламасының негізін құрайды. Тіл мен рух автордың пікірінше біртұтас ұғым, себебі тіл ұлттық рухтың жемісі, рухтың әрекеті. Тілдің шығуы мен рухани күштердің шығуына бірдей себептер әсер етеді. Әйтсе де тіл рухтың шығуына жағдай жасаушы болып қалады. Тіл мен рухани күштер бір-бірінен бөлек дамымайды, қайта интеллектуалды қабілеттің бөлінбес әрекетін құрайды [2,47].

«Человек весь не укладывается в границы своего языка, он больше того, что можно выразить в словах; но ему приходится заключать в слове свой неуловимый дух, чтобы скрепить его чем-то, и использовать слова как опору достижения того, что выходит за их рамки» [2, 47-49]. В.Фон Гумбольдтың осы пікіріне сүйене отырып, А.А.Потебня тілді ойды туғызушы тетік, яғни тілде о бастан шығармашылық мүмкіндік бар деп түсініп, тіл оқшау тұрған құбылыс емес, ол халықтың мәдениетімен біртұтас байланыста деп санайды.

Тіл –халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, қадір тұтатын заттары мен құндылықтар дүниесінің, қоршаған ортаның т.б. өмір сүру үлгілерінен хабардар ететін құрал. Әр ұлттың ана тілінде оның бүкіл өмірі, тарихы, тыныс-тіршілігі, жан дүниесі, яғни мәдениеті көрініс табады. Тіл, сана, таным және мәдениет ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты, ал жазу мәдениеттің ең жоғарғы деңгейдегі көрінісі және адамзаттық мәдениеттің дамуын айқындайтын әлеуметтік мәні бар зор құбылыс болып табылады.

Жазу дегеніміз не? Жазу дегеніміз грамматология ғылымы. Грамматология (гр. gramma –жазу, гр.logos –ұғым, ілім) –жазу туралы ғылым. Қазақ тіл біліміндегі грамматология ғылымының негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы.«Әліппе» оқу құралы нағыз грамматологиялық бағытта жазылған еңбек, қазақ тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты бар деп беріледі.



А.Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» кітабындағы «Қазақша Алифба» оқу құралына арналған бөлімінде М әрпіне байланысты 24 мысал берілген [3,38].


Ал, Оренбург қаласынан 1914 жылы жарық көрген «Ахмет Байтурсуновдын казакча алифбеси» оқу құралы түпнұсқасында М әрпіне байланысты 18 мысал берілген [4,15]. Салыстырмалы түрде қарастырсақ, «Тіл тағылымы» кітабындағы «Қазақша Алифба» [3,38] оқу құралы мен 1914 жылы жарық көрген «Ахмет Байтурсуновдын казакча алифбеси» [4,15] оқу құралы түпнұсқасындағы М әрпіне мысалдар берілуінде біршама өзгешеліктер бар екендігін атап айтқым келеді.

Алма Мас Там

Алмас Маса Тама

Алмақ Масақ Тамақ

Мық Мол Шам

Мұз Молы Шама

Мұрт Молық Шамалы

Мал, малы, малшы, тамыр, тамыз, құм, құман, құмақ, марқа, малта, мақта, мақбал, марал, жұмсақ. Мыс, мысты, мысқа, мысық, қамыс, таныс.



Мал аман. Мас жаман. Тамшы тамар. Малта ашшы. Алтын салмақты. Мамық жұмсақ. Сырмақ қатты. Балық қармақ қабар.


Сонымен, архисема туынды сөз мағынасының белгілі-бір лексика семантикалық топқа біріктіруде негіз болатын әуелгі сема. Архисема түбірдің бастапқы негізгі семасы. Танымда қабылданған зат не құбылыстың ерекше белгілерінің негізінде ғана архисема бөлігі сақталып, атаудың өзексемасын құрайды [5]. А.Байтұрсынұлының оқу құралында берілген там, тама, тамақ; шам, шама, шамалы; мас, маса, масақ; мол, молы, молық; алма, алмас, алмақ сөздерінің екіншілік туынды мағыналары арқылы архисема арқылы қалыптасып, өзіндік ерекше мән иеленгендігін атауға болады. Мұндағы архисемалар – там, шам, мас, мол, алма.

Синкретикалық сөздер құрамында да фонетикалық өзгерістер болады. Алайда ондай өзгерістер фонетикалық конвергенция тәрізді бір сипатқа емес, қайта олардың әр түрлі дыбысталуына әкеліп соғады. Синкретикалық түбірлердің табиғатын тануда айрықша назар аударуды қажет ететін мәселе – олардың өзара семантикалық байланыстары. Әдетте синкретикалық етістіктер мен есімдер бір-бірімен себептілік байланыста болып отырады [6]. Мысалы, алма етістігінен сол процестің нәтижесі болып саналатын ұғым – алмас есімі келіп шығады. Себептілік байланыс туынды сөздерді де қамтиды: тама және тамақ, маса және масақ, молы және молық.

Қазіргі қазақ тілінде аса жиі қолданылатын -ма, -ме (-ба, -бе, -па, -пе) аффиксі зат есім жасаудың тәсілі ретінде Х-ХІ ғасыр жазбаларынан ұшырасады: сүрме, кесме, ыстама,т.б., -ма аффиксі де құрандылардың қатарына жатады. Мысалы: алма сөзінің архисемасы –ал, құбылыс, әрекет атауын жасайтын аффикс, ал –а құралдық, объектілік (құрал, объектіге қатысты) мән беретін аффикс болып табылады. Сөз соңындағы з,с дыбыстары қолданылуындағы сабақтастық келер шақтың болымсыз түрінен айқын көрінеді: алмас. Қазақ тіліндегі етістіктің болымсыздық қосымшасынан кейін жалғанатын –с дыбысы –з дыбысының тарихи қатаң варианты болып табылады. Қазақ тілінде р –з сәйкестігінің екінші сыңары болатын ұяң з қатаңдау процесіне ұшырап, с –ға айналғандығын көруге болады.

Қазақ тіліндегі болымсыздық күрделі қосымшасы –мас құрамындағы – с мен келер шақ мәнін беретін –р қосымшалары да дивергенцияның нәтижесі [6]. Алдыңғы тұлға (с) – сөз соңының қатаңдану процесінің нәтижесі (з >с), ал з түркі тілдерінде болған р>з алмасуының нәтижесі. Алмас (келер шақ); Тамшы тамар (келер шақ). Балық қармақ қабар (келер шақ) мысалдарының арасындағы айырмашылық алмас сөзіндегі болымсыздық мағына үстейтін -ма мен –з дыбысының тарихи қатаң варианты болып табылатын –с дыбысында болып табылады.



Ал,қазіргі қазақ тілінде үнсіз (қатаң мен ұяң) фонемалар жұп-жұбымен қосарласып келеді және әрбір қатаңның ұяң сыңары болады [7]. Тамшы тамар (келер шақ). Балық қармақ қабар (келер шақ) мысалдарындағы тамар мен қабар етістіктерінің бастапқы архисемасы там және қап болады. Себебі, қатаң -п дыбысының ұяң сыңары –б болады. Егер, там сөзіне –у тұйық етістік (қимыл есімі) жасайтын қосымшасын жалғар болсақ, таму сөзін береді. Сөйтіп, –у тұйық етістігі там сөзіне жалғану арқылы іс-әрекет жасайтын мағына үстейді. Қап сөзі араб тілінде (хафф) бірдемені қоршау деген сөз. Ал, қазақ тіліндегі қап сөзі осы мағынаға сәйкес келеді. Балық қармақ қабар мысалындағы қабар етістігінің архисемасы қап сөзінен келіп шығатындығын ескерсек, балық қармақты қоршайды, балық қармаққа түседі деген мағынаны береді. Қабар етістігінің архисемасы қап, қатаң -п дыбысының ұяң сыңары –б дыбысы болуына сәйкес, қаб сөзіне келер шақ етістіктің –ар аффиксі қосылып, келер шақ мағынасын береді. Балық сөзінің соңындағы қ дыбысы көне түркілік –ғ –ның қатаң варианты болып табылады.

Шам сөзі иран тілдерінде кездесетін «кеш» деген сөз. Қазіргі қазақ тілінде сам жамырады деген тіркестер бар. Яғни, с мен ш аффрикатының өзара алмасу процесі жүреді: сам-шам. Шама сөзі қытайдың ча және мо сөздерінің бірігуінен жасалған, ча-шай, мо-қалдық, қоқым. Демек, шайдың қалдығы, шайдың қоқымы деген мағынаны береді. Чамо сөзінің шама болып қалыптасуы заңды құбылыс: аффрикат ч дыбысы ш-ға ауысқанда екінші буындағы о дыбысы а –ға ауысқан. Шама сөзі түркі тілдеріне қытай тілінен ауысқан сияқты [8]. Көне түркілік ч қазіргі түркі тілдерінде әртүрлі орныққан: қазақ –шын, татар –чын, хақас –сын. Сөйтіп, түркі тілдері арасында ч >ш> с дыбыс сәйкестігі келіп шығады. Шамалы сөзінде есімдерден сын есімдер тудыратын өнімді жұрнақ –лы жалаң жұрнақтан жасалған туынды сын есім.

Мық, мұз, мұрт. Мық, мұз, мұрт сөздерінде дауыссыз дыбыс сәйкестігі орын алады, ы әрпі ұ әрпімен алмасу арқылы сөз мағынасын өзгертіп тұр. Ы әрпі ұ әрпіне, қ әрпі з әрпіне алмасу негізінде мұз сөзі судың қату, судың тоңу, ең жоғары температурада қату үдерісін көрсетеді. Бір дыбыстың халық арасында өзгеріске ұшырап айтылуы үшін жүздеген жылдар қажет. Алифбада берілген Мық сөзіндегі М әрпі қазіргі таңда Н әрпіне өзгеріске ұшырағандығын байқауға болады. Мық сөзін қазіргі таңдағы нық, аяқты нық басу деген секілді мысалдармен беруге болады. Мұрт сөзінде бір-бірімен ықпалдаспаған дауыссыздар тіркесі –диссимиляция бар: -рт. Яғни, мұрт сөзі диссимиляциялық тіркеске құрылған сөз. Малта, марқа сөздерінде де диссимиляция ізін байқауға болады. Яғни, -рқ, -лт.

Малта ашшы мысалындағы ашшы сөзі қазақ тілінің дыбыстық табиғатына негізделіп алынған, қазіргі таңда ашшы сөзі ащы деп жазылады, ш >ч. Ш аффрикаты ч аффрикатына ауысқандығын байқауға болады. Алтын салмақты және Сырмақ қатты мысалдарында фузиялық өзгешелікті байқауға болады, қатаңнан соң –ты жалғанатындығын ескерсек, салмақ сөзінің соңындағы –қ дыбысы қатаң, қат сөзінің соңындағы –т дыбысы қатаң, сондықтан түбірдің соңғы дыбысының әсерімен –ты жалғанады және аталған дыбыс өзгерістері түбір мен қосымша шегінде көрініс табады. Мысты сөзі де осы секілді, дыбысы қатаң, ал қатаңнан соң –ты жалғанады. Алтын сөзі құрамындағы –лт тіркесі де бір-бірімен ықпалдаспаған дауыссыздар тіркесі болып табылады. –лт тіркесінің алдыңғысы түбірдің соңғы, қосымшаның басқы дыбысы. Алтын сөзінде де диссимиляция тіркесі көрініс табады. Сонымен қатар, кейбір ғалымдар алтын сөзі түркі тіліндегі алты сөзінен шыққан дегенді айтады. Монғолдарда ақша ретінде жібек мата, алтайларда мал терісі жұмсалса, кейбір түркі халықтарында (болғарларда) нәрсенің құнын белгілеуші алты тиіннің терісі болған. Бара –бара алты мен тиін сөздері бірігіп, алтын болып өзгерген деген пікір бар [8].

Мал, малы, малшы сөздеріндегі архисема мал. Малшы сөзі есімдерден зат есім тудыратын –шы жұрнағы жалғану арқылы жасалынады.

Түркі тілдерінің көне дәуірінде сөздің абсолют басында протеза ретінде айтылған й сөз құрамына әбден сіңіп, қазақ тілі заңдылығына лайық ж дыбысына айналған. Қазіргі тілімізде кейбір сөздердің басында айтылатын ж сол протезаның өзгерген түрі болса, Мас жаман және Мамық жұмсақ мысалдарындағы жаман және жұмсақ сөздері протезаның өзгерген түрі болып табылуы ықтимал екендігін айтқым келеді.

Жалпы алғанда, А.Байтұрсынұлының оқу құралында берілген мысалдардан дауысты және дауыссыз дыбыстар сәйкестігі, фузиялық өзгешеліктер, протеза, архисема, диссимиляция тіркесі көрініс табады. Оқу құралында А.Байтұрсынұлы жоғарыда аталған сөздерді мысалға ала отырып, нені айтқысы келген? деген сауалға жауап беретін болсам, дауысты және дауыссыз дыбыстар сәйкестігі заңдылығын негізге ала отырып, сөздердің үйренушіге жеңіл жолмен түсіндірілуіне де назар аударған. Сөздерді буындап бөліп үйренген соң, сөздің әр буынындағы дыбыстарды айырып, тұтас сөздің ішіндегі дыбыстарды білген соң, дыбыстарды қосып сөз айтуды үйрету үшін әуелі дыбыстарды емес, сөздің буындарын бөлек –бөлек айтып, оларды қосқызып сөз айтқызу жөн болып табылғандықтан, үйретуге жеңіл де қолайлы етіп, архисемасы бір болып табылатын сөздерді мысал етіп алған. Сонымен қатар, Малта ашшы сөзіндегі ашшы сөзін ш аффрикатымен беру арқылы қазақ халқының таза сөйлеу процесі, қазақ халқының табиғаты мен түпсаналық деңгейдегі дүниетанымын қалыптастыру мақсатында берілген мысалдар негізінде ұлттық дүниетанымды қалыптастыру негізге алынған.
Әдебиеттер

1. Уорф Б.Л. Отношение норм поведения и мышления к языку//Новое в зарубежной лингвистике. 1960.

2. Гумбольдт В. О различии строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человеческого рода. Цит. по книге.: Звегинцев В.А.История языкознания XІX и XX вв. в очерках и извлечениях.Ч.І. М., 1964.

3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу –ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы, «Ана тілі», 1992, 448 бет.

4. Ахмет Байтурсуновдын казакча алифбеси. Оқу құралы. Оренбург, 1914.

5. Салқынбай А.Б. Қазақ тілі: Сөздік құрам. Сөзжасам: оқу құралы/ А.Б.Салқынбай. –Алматы: Қазақ университеті, 2016. –390 б.

6. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, «Мектеп», 1988.

7. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954.

8. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. Алматы, «Ғылым», 1966, 240 бет.

References

1. Whorf B.L. The relation of behavior norms and cognition to language//New in foreign linguistics. 1960.

2. Humboldt V. About the differences of formation of humane languages and its influence on spiritual development of human being. Cit. on book.: Zveginzev V.A. The history of linguistics of XІX and XX centuries in essays and extractions.V.І. М., 1964.

3. Baitursynov А. Til tagylymy (works related to Kazakh language and education) – Аlmaty, «Аna tili», 1992, 448 p.

4. Kazakh alphabet of Akhmet Baitursynov. Textbook. Оrenburg, 1914.

5. Salkynbay А.B. Kazakh language: Vocabulary structure. Word formation: textbook / А.B.Salkynbay. –Аlmaty: Kazakh university, 2016. –390 p.

6. М.Tomanov. Historical grammar of Kazakh language. Almaty, «Mektep», 1988.

7. Modern Kazakh language. Аlmaty, 1954.

8. Brief etymological dictionary of Kazakh language. Almaty, «Gylym», 1966, 240 p.

Сайбекова Н.У.



А.Байтұрсынұлы жасаған әліпбидің негізділігі
А.Байтұрсынұлы – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. А.Байтұрсынұлы лингвист ғалым. Ол қазақ әліпбиін араб графикасының негізінде жасады. А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Жазу дегеніміз грамматология ғылымы. Ал, грамматология ғылымының негізін қалаған А.Байтұрсынұлы. Қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалған төте жазу – А.Байтұрсынұлы жасаған әліпбидің негізділігі мақалада қарастырылады.

Түйін сөздер: жазу, грамматология, протеза, архисема, диссимиляция.

Saibekova N.U.



Substantiation of the alphabet created by A. Baitursynuly

А.Baitursynuly is the reformer who presented new sample and created national alphabet in the history of Kazakh science. А.Baitursynuly is a scientist linguist. He reformed Kazakh alphabet on the basis of Arabic script. «Оku kurali» (1912) is one of the first alphabet written by Baitursynuly in Kazakh language. Writing is the science of grammatology. А.Baitursynuly laid the foundation of the science of grammatology. New orthography created on the basis of Arabic script adapted on the nature of Kazakh language –substantiation of the alphabet created by A.Baitursynuly is considered in the article.



Key words: writing, grammatology, prosthesis, archiseme, dissimilation.

Сайбекова Н.У.



Обоснованность алфавита А.Байтұрсынұлы
А.Байтұрсынұлы является реформатором, представлявший новый образец национального алфавита в истории казахского языка. А.Байтұрсынұлы является ученым лингвистом. Он реформировал казахское письмо на основе арабской графики. «Оқу құралы» (1912) является одним из первым алфавитом написанной А.Байтұрсынұлы на казахском языке. Письменность - наука грамматологии. А.Байтұрсынұлы заложил основы грамматологии. Новая орфография основанное на арабском алфавите адаптированный к природе казахского языка – обоснованность алфавита А.Байтұрсынұлы рассматривается в данной статье.

Ключевые слова: письменность, грамматология, протеза, архисема, диссимиляция.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу