Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ф дыбысымен, әрпімен таныстыру, ф дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру, білуге, сөйлем ішінде ф әрпі бар сөздерді тауып жазуға, ф дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру, басқа дыбыстардың айтылуымен салыстыру,дыбыстық талдау жасату.
Дамытушылығы: фонетикалық есте сақтау қабілетін арттыру,байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру,дыбыстық құрамы күрделі сөздерді анық,толық айтуға төселдіру.Ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: білімді, дарынды, озық ойлы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:әріптер,Әл-Фараби суреті, тест, субұрқақ ,фотоаппарат, «Адасқан әріптер», «Кім тапқыр» ойыны.
Әдісі:сұрақ-жауап,
Түрі:Ойын
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Назарларын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
2.Сөйлеу ережесін еске түсіру
Ойын: «Кім тапқыр?»
-Ойын ойнағыларың келе ме? Мына жерде бір сөз жасырылған, бұл сөзді сендер білесіңдер. Онсыз сендер де, біздер де, барлығымыз сөйлем, сөз жаза да оқи да алмаймыз.
-Не деп ойлайсыңдар? Мен сендерге жеңілдік жасап бір әріпті ашып берейін. Ол үшін менің сұрағыма жауап бересіңдер.
Әр тапсырманы орындағанда бір әріптен ашылып тұрады.
Бірінші әріпті ашу. А
-Қазір қай мезгіл?
-Күз мезгілінің нешінші айы?
-Қараша айының нешінші күні?
-Қазір бізге қай сабақ? Әліппе туралы хормен өлеңді айту.
Екінші әріпті ашу Л
3.Өткенді қайталау.
В дыбысына сөз ойлау. Оқулықтағы сөздерді , «Вокзал» мәтінін тізбектей оқыту.
Вагон автобус велосипед волейбол вокзал трамвай аквариум витамин
Тест орындау
1.В қандай дыбыс?
а) дауыссыз қатаң
ә) дауыссыз ұяң
2.Вагон сөзінде қанша дауысты дыбыс бар?
а) 2
ә) 3
3.Автобус сөзінде неше буын бар?
а) 3 буын
ә ) 4 буын
4. Темір жолмен не жүреді?
а ) велосипед
ә) пойыз
Үшінші әріпті ашу Ф
4. Жаңа сабақ
Ф дыбысын кесте арқылы түсіндіру, ф дыбысына сипаттама беру. Ф әрпі орыс тілінен енген әріп.Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта болады да тіске тимейді, иек 1-2 мм төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады.Тіл ауыз қуысында еркін жатып,дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады.
Фабрика , телефон, телеграф, фотоаппарат, факс, фирма, ферма, футбол мағыналарын түсіндіру.
Футбол, Әл-Фараби өлеңдерін оқып беру, түсіндіру.
Төртінші әріпті ашу А
5. Сергіту сәті
Бесінші әріпті ашу В
6. Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы сөздерді оқыту.
Футболшы , Әл-Фараби өлеңін оқыту.
Алтыншы әріпті ашу И
Ойын: «Адасқан әріптер»
Сөздердегі әріптердің бояу реңіне қарай оқу.
7. Дәптермен жұмыс
Ф әрпін әдемі етіп жазу.
Жетінші әріпті ашу Т
Ойынның жауабы Алфавит-қазақша Әліпби- әріптердің жиынтығы.
8.Сабақты қортындылау.
Ойын: «Субұрқақ құрастыру»
Ойын арқылы сабақты бекіту.
9.Бағалау.Фото арқылы оқушыларды бағалау.
Бекітемін:
ОІМ --------------
А.Сақтағанова
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ф дыбысы мен әрпі»
Уақыты: 30.11.2013ж
Сыныбы: 1 «А»
Өткізген: Ержанова Мөлдір
Құрық селосы
Достарыңызбен бөлісу: |