Сабақтың тақырыбы: Әбунасыр Әл-Фараби Сабақтың мақсаты: Тұлға қалыптастыру. Сабақтың міндеттері



Дата07.02.2017
өлшемі33,99 Kb.
#8905
түріСабақ
Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы: 02.09.2015



4.Тоқсан: І

5.Мұғалім: А.Оразалы

Сабақтың тақырыбы: Әбунасыр Әл-Фараби

Сабақтың мақсаты: Тұлға қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік: Оқушыларға қазақ жерінің ғұламасы Әбунасыр Әл-Фараби туралы әдеби білім беру, өлеңдерін талдауға дағдыландыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:, қосымша әдебиеттер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Әл-Фараби туралы мәлімет сұрау.

2. Өлеңдерін жатқа айтқызу.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Әбунасыр Әл-Фараби туралы әдеби білім беру.

Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын-ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды. Әбунасыр Әл-Фараби, Ғаббас Әл-Жауһари, Әл-Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда – парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды. Түркі тілінің қасиетін әлемге танытты. Ал бүкіл өмірін араб жерінде өткізген Әл-Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазуға мәжбүр болды.

Бұл дәуір әдебиеті туындыгерлерінің шыққан ортасына қарай Сыр бойы әдебиеті және Қарахан әдебиеті деп екіге бөлінеді. Сыр бойы әдебиетіне Әл-Фараби, Ахмет Йасауи, Ахмет Йүгінеки Сүлеймен Бақырғани, ал Қарахан әдебиетіне Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари жатады.

Әбунасыр Әл-Фараби Отырар қаласында туып, он алты жасында оқу іздеп Бағдатқа барады. Араб, парсы, грек тілдерін үйренеді, ғылымды меңгереді. Күндіз бағбан болып, түнде ғылыммен айналысады. Ол жүз елуге тарта ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Музыка, математика, логика, философия, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен айналысқан, «Музыканың үлкен кітабы» деп аталатын еңбегінде сол кезде түркілердің музыкалық аспабы болған тоғыз ішекті домбыраның құрылысын сипаттаған. Шығыс ғалымдары Әл-Фарабиге Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деген атақ берген.

Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстылары: Платон, Аристотель, Пифагор, Евклид, Птолемей еңбектерін меңгеріп, оған араб тілінде түсініктеме жазған. Ізгілікті мемлекетті сипаттайтын «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы» трактаты бар.



Фараби «Өлең өнерінің қағидалары» кітабында ақындарды үш топқа бөліп, поэзияның қыр-сыры туралы айтады. Табиғат берген қабілетті шығармашылық ізденіспен толықтырып отыру керектігіне көңіл аударады. Ол өзі де өлең жазған ақын, әлемдік өркениетке зор үлес қосқан ойшыл.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Өлеңдерін талдау.

Қашықтасың, туған жер – қалың елім,

Небір жүйрік болдырар жарау деген.

Шаршадым мен, жанарым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасына көз жуынар.

О, Жаратқан, көп неткен ақымағың,

Құм сықылды, тез асып, тез суынар.

Бауырым, қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ.

2. Сұрақтарға жауап беру.

1) Әл-Фараби кім? Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?

2) Өлеңдерінде қандай ойлар айтылады?

3. «Екінші ұстаз» тақырыбына эссе жазу.

V. Үй тапсырмасын беру.

1. Оқулықтан 21-26-беттерді оқу, үзінді жаттау.

2. Әл-Фараби шығармаларының бірін оқу.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы

Тексерілді:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет