Сондықтан берілген мүмкіндікті пайдаланып, тек өзіміздің емес мемлекетіміздіңде болашағын жақсартуымыз керек



Дата07.02.2022
өлшемі14,03 Kb.
#94970
түріБағдарламасы
Байланысты:
Документ


Елімізде талантты жастарға әлемнің беделді университеттерінде білімдерін тереңдетіп, біліктіліктерін шыңдауға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Оның айқын дәлелі ретінде Елбасының бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасын айтуға болады. Бұл бағдарлама студенттерге өз мамандығын заманауи технологиялар мен әдістемелер арқылы терең меңгеруге, табысты жетістіктерге жетуге, жаңа белестерді бағындыруға жол ашады. Мемлекет басшысы ұсынған «Болашақ» халықаралық стипендиясы – посткеңестік мемлекеттер тарихында тұңғыш рет дарынды жастарға мемлекет есебінен шетелде білім алу мүмкіндігін ашқан еді. Осылайша, 1994 жылдан бастап бағдарламаның алғашқы талапкерлері шетелдің озық жоғары оқу орындарына құжат тапсыру құқығына ие болды. 2004 жылға дейін әлемнің 13 елінде 785 стипендиат білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Өкінішке қарай, «Болашақ» бағдарламасын іске асырудың бастапқы кезеңінде (1994–1997 жылдар) стипендиаттардың 30 пайыздан астамы үлгерімінің төмен болуына байланысты бағдарламадан шығып қалды. Сондай-ақ, стипендиаттардың біршамасы оқуын аяқтағаннан кейін елге оралмады. Осы жағдайды талдай келе, стипендиаттардың елге оралуы үшін жаңа шешім шығару қажет болды. Іле-шала Елбасының 1997 жылғы 3 наурыздағы №3375 Жарлығы негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау тәртібі туралы ереже әзірленді.
Сондықтан берілген мүмкіндікті пайдаланып, тек өзіміздің емес мемлекетіміздіңде болашағын жақсартуымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет