Мал өсіру әдістері Оқытушы: Кумусбеков Е. Х. Сабақ жоспары



Дата30.01.2017
өлшемі6,29 Kb.
#8321
түріСабақ

Мал өсіру әдістері

  • Оқытушы: Кумусбеков Е.Х.

Сабақ жоспары:

  • Мал өсіру әдістері деп малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырып белгілі бір мақсатпен бірнеше ұрпақ бойы жүргізілген жұп таңдау жүйесін айтады. Бір-бірімен шағылыстыратын жануарлардың тұқымдық және түрлік ерекшеліктеріне қарай мал өсіру әдістерін, негізінен, үшке бөледі: тұқымды таза өсіру, будандастыру және гибридтеу (түраралық будандастыру).
  • МАЛ ӨСІРУ ӘДІСТЕРІ
  • Тұқымды таза өсіру
  • Будандастыру
  • Гибридтеу
  • Тұқымды таза өсіру
  • Тұқымды таза өсіру деп- ұрпақтан – ұрпаққа бір ғана тұқымның малын өзара жұптастыру арқылы жүргізілетін мал өсіру әдісі. Тұқымды таза өсіру екі түрлі жолмен жүзеге асырылады: туыстас малды жұптастыру (инбридинг) және туыстас емес малды жұптастыру (аутбридинг)
  • Тұқымды таза өсіру
  • инбридинг
  • аутбридинг
  • Будандастыру
  • Будандастыру
  • Кірістіре
  • Зауыттық
  • Сіңіре
  • Кезек (ауыспалы)
  • Өнеркәсіптік
  • Кірістіре (түзетуші, қанараластыра) будандастыру деп өсіріліп отырған зауыттық тұқымның өнімділігін және асылтұқымдық қаситеттерін одан әрі жетілдіру, кейбір кемшіліктерін түзету мақсатымен басқа жақсартқыш тұқымның (аз ғана) «қанын араластыру» әдісін айтады.
  • Кірістіре (түзетуші, қанараластыра) будандастыру
  • Сіңіре будандастыру деп өнімі төмен қолда бар мал тұқымын өнімі жоғары зауыттық тұқыммен бірнеше буындық ұрпақ алғанша, яғни жақсартқыш тұқымға ұқсағанша будандастыруды айтады.
  • Зауыттық (тұқым түзуші) будандастыру деп жаңа жаңа тұқым шығару мақсатында жүргізілетін екі және одан көп мал тұқымдарын будандастырудың күрделі әдістерін айтады
  • Өнеркәсіптік будандастыру деп екі немесе үш тұқымды будандастыру арқылы гетерозис құбылысы тән, І не ІІ буындық будан ұрпақ алуды айтады.
  • Жай
  • Күрделі
  • Кезек (ауыспалы) будандастыру. Кезек будандастырудың мақсаты өнеркәсіптік будандастырумен сәйкес – гетерозис құбылысын мейлінше толық пайдалану, ал айырмашылығы – гетерозис құбылысын бір-екі ұрпақ бойы ғана емес, бірнеше ұрпақ бойы пайдалану
  • Қарапайым
  • (екі тұқым қатысса)
  • күрделі
  • (екіден көп тұқым қатысса)
  • Гибридтеу (түраралық немесе шалғай будандастыру) деп әр түрге жататын жануарларды шағылыстыру арқылы ұрпақ алуды айтады
  • Арыстан мен жолбарыстың
  • гибриді - Лигр

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет