Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет312/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне Ақмола облыстық сотының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-ІІ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің


484-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келіп түсіп, 2009 жылғы 16 наурызда конституциялық іс жүргізуге қабылданды.
Конституциялық іс жүргізу материалдарын дайындау барысында өтініштің тиянақты түрде қаралуын қамтамасыз етуге қажетті барлық әрекет іске асырылды: Қазақстан Республикасы Үкіметінен, Жоғарғы Сотынан, Бас прокуратурасынан, Ішкі істер министрлігінен қорытындылар мен өзге де материалдар сұратып алынды; сарапшылар заң ғылымдарының докторы, профессор
Р.А. Подопригораның, заң ғылымдарының кандидаты, профессор А.А. Тарановтың, сондай-ақ мамандар – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институты, Қазақ гуманитарлық-заң университеті заңгерлерінің қорытындылары алынды; іс жүргізудің бүкіл материалдары талданды. Өзге мемлекеттердің заңнамасы мен практикасы зерделеніп, өзге де әрекеттер іске асырылды.
Алайда, 2009 жылғы 7 сәуірде Конституциялық Кеңестің отырысы ашылған соң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы төрағасының міндетін атқарушы А.А. Қасымов өтініш субъектісі – Ақмола облыстық сотының өзі мәлімдеген өтініштен бас тартатындығы туралы жазбаша қолдаухатын табыс етіп, оны конституциялық іс жүргізуге қатысушылар қолдады. Бұл ретте Үкіметтің өкілдері құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі шаралар қолға алынғанын, сондай-ақ жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын әзірлеу жұмысы жүріп жатқанын хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының
21-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш субъектісі Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылданатын отырысы басталғанға дейін өтінішінен бас тартуға хақылы. Конституциялық заңның 30-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сай субъект өтінішінен бас тартқан жағдайда Конституциялық Кеңес конституциялық іс жүргізуді кез келген сатыда тоқтатады.
Мәлімделген өтініштен тиісті түрде бас тарту Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылданатын отырысы басталғанға дейін келіп түсуіне байланысты, Ақмола облыстық сотының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 484-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы мән-жайы бойынша қаралмайды, ал конституциялық іс жүргізу тоқтатылуға тиіс.
Конституциялық Кеңестің мәлімделген өтініш бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі өтініш субъектісін Конституциялық Кеңеске осы негіздер бойынша қайтадан өтініш беру мүмкіндігінен айырады (Конституциялық заңның 30-бабының 2-тармағы).
Баяндалғанның негізінде және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 30-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын және 2-тармағын, 21-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31, 32 және 33-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі


ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Ақмола облыстық сотының 2001 жылғы 30 қаңтардағы


№ 155-ІІ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 484-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы бойынша конституциялық іс жүргізу тоқтатылсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет