ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституция-лылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Қаулысын түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
2006 жылғы 6 шілдедегі № 3 Қосымша қаулысын ескере отырып, «Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Қаулысын қосымша түсіндіру туралы өтініші бойынша конституциялық іс жүргізу, мәлімделген өтініш Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қарауына жатпайтындықтан тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |