ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА
Тақырыбы:Ойын технологиясы арқылы
балалардың тілдік дағдыларын дамыту.
Орындағандар: Қазақ тілі мұғалімдері:
Кайырбаева Л.А. Баянауыл ауданы Майқайың ауылы №2 ЖОББМ КММ
Шитенова Ж.А.Екібастұз қаласы Солнечный кенті №16 ЖОББМ КММ
2017 ж
Аңдатпа
Бұл – оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып,сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын қосымша құрал.
Бұл жобада сабақ үрдісі кезінде ойын технологиясын әр сабақта қолдану арқылы білім сапасын арттырудың жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар, ойын түрлері мен функциялары, осы ойындардың оқушылар қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылығын, ой-өрісін дамытуда айрықша маңыздылығы айқындалады. Ойын сабағы дені сау жас ұрпақты білімді, ынталы етіп тәрбиелеуге, сонымен қатар, бастапқы кезеңнен сабақта жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағытталатынын дәлелдейді.
Бұл жоба озық технологиялардың бірі боп саналатын - ойын түрлерін сабақтарымызда қолданудың қаншалықты тиімді екені сөз етіледі. Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік негізінен тіл мен әдебиет сабақтарын оқыту үрдісінде қолданылатын құрал.
Аннотация
Это дидактический материал по казахскому языку, составленный с учетом возрастных особенности и словарного запаса учащихся начальных классов.
В этом проекте показаны использования игровых технологии для повышения качества знаний, мотивации и развития активной творческой деятельности учащихся.Уроки с использованием игровых технологии целенаправленно воспитывают прилежание и стремление к познанию.
Главной обязанностью каждого учителя является дать молодому поколению разностороннее образование и воспитание.
Игровые технологии – эффективное средство воспитания познавательных процессов и активизации деятельности учащихся. Это тренировка памяти, помогающая учащимся вырабатывать речевые умения и навыки. Игры стимулируют умственную деятельность детей, а так же развивают внимание и познавательный интерес к предмету. Игры способствуют преодолению пассивности на уроках и усилению работоспособности учащихся.
Современные педагогические технологии- как игровая технология направлены на развитие и использование коммуникативных компетенции для решения проблем, нахождения ответов. Так же, игровая технология дает возможность учащимся сотрудничество в группе,в паре,взаимодействие в коллективе, умение высказывать свое мнение, вступление в диалог с представителями других национальностей.
Аnnotation
The didactic material deals with kazakh language and lingual features of the primary classes.As the title implies the article describes games technology for promoting knowledge quality, motivation and developing activity of students.Lessons which are shown with games technology bring up aspiration.The main idea of the work is to give widespread education for students.It is reported that the games technology is effective means for bringing up active processes of students. It trains brain, help to practice their pronunciation.Much attention is given to stimulating brain storming and developing attention to the lesson. It should be stressed games at the lesson help to overcome passive attitude and they work with interest.It is specially noted that modern technology develops communicative competence for solving the problems and answering the questions.Attention is drawn to possibility collaborate in groups and work in pairs. Give your ideas and talking to your partners with other nationalities.
Мақсаты: Сабақ үрдісінде ойын түрлерін қолдану барысында оқушылардың бағдарламалық материалды жүйелі меңгеруіне ат салыса отырып, оқушылардың логикалық, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыта түсіп, тілдік дағдыны қалыптастыру.
Міндеттері:
- оқушылардың ойынға деген қызығушылығын оята білу;
- ойынды қажетті бағытта дұрыс қолдана білу;
- оқушылардың өздеріне деген сенімдігін сезіндіру.
Болжам: Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік берер еді.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу, сұхбаттасу, сауалнама, топтастыру, жарнамалау.
Жұмыстың өзектілігі: оқушылар қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылығын, ой-өрісін дамытуда айрықша маңыздылығы айқындалады.
Жаңашылдығы: ойын сабағы дені сау жас ұрпақты білімді, ынталы етіп тәрбиелеуге, сонымен қатар, бастапқы кезеңнен сабақта жаңашылдықпен жұмыс жасауға мүмкіндігі мол.
Зерттеу жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: озық технологиялардың бірі боп саналатын - ойын түрлерін сабақтарымызда қолданудың қаншалықты тиімді екені сөз етіледі. Оқушылардың қазақша коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі тілдің қатысымдық және когнитивтік салаларының өзара ортақ бағыттары мен ұстанымдары анықталды.
Зерттеу кезеңдері:
- ойын түрлері туралы ақпараттар жинастыру, материалдармен танысу
- жұмысымен танысу, кітапханалық іріктеулер жүргізу
- жұмыстың тақырыбын нақтылау
- тақырыбына қатысты материалдар мен оқулықтарды саралау және жинақтау
- зерттеу барысында материалдарды жинақтау және саралау
- жинақталған материалдар негізінде тұжырымдама жасау
- жұмысқа қажетті пайдаланылған әдебиеттері тізімін реттеу
Зерттеу жұмысының практикалық мәні:
Ойын арқылы оқушылардың сабаққа деген белсенділігі мен қызығушылығын арттыруда қолдануға болатынын анықтау.
Глоссарий
Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындаушы
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасын арттыру кепілі
Креативті үдеріс –негізі төрт сипаттамасы бар. Біріншіден, фантазияны қолдану арқылы ойлану және әрекет ету.Екіншіден, мақсатты әрекет.Үшіншіден, бұл үдерістің нәтижесі өзіндік ерекшелікке ие. Соңғысы, мақсатқа қатысты алғанда нәтиже құнды болуға тиіс.
Ұсақ моториканы дамыту- Қолдардың ұсақ моторикасы назар, ойлау, оптикалық-кеңістікті қабылдау (үлестіру), елестету, байқампаздық, көру және қозғалыс есі, сөйлеу сияқты сана-сезімнің жоғары қасиеттерімен өзара әрекет етеді.
Ұсақ моторика дағдыларын дамыту- бүкіл болашақ өмір киінуге, сурет салуға және жазуға, сондай-ақ әр түрлі тұрмыстық және оқу әрекеттерінің көбін орындауға қажетті қол буындары мен саусақтардың дәл, үлестірілген қозғалыстарын қолдануды талап ететіні маңызды әрекет.
Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауда, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдан алу білігін қарастырады. Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда СТО технологиясының стратегияларын жүйелі пайдалану өз сабақтарымда қолданыс табуда.
Рөлдік ойын- Ойынның бұл түрі қазақ тілі сабағында қатысымдықты қамтамасыз ететін ойын болып табылады.
Креативтілік- индивидтің дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеяларын ауытқитын, түбегейлі жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға дайындығымен ерекшеленетін және тәуелсіз фактор ретінде дарындылық құрылымына кіретін шығармашылық қабілеті, сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап,оларды ерекше тәсілдермен шешу қабілеті.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ......................................................................................................8
1.Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаттары, міндеттері және теориялық негіздері.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ойын технологиясы арқылы тілдік дағдыны дамыту......................................................................................................................9
2.2 Ойын технологиясын ұйымдастыру..........................................................................................................10
2.3 Ойын технологиясын тиімді қолдану...................................................................................................................11
2.4 Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?...............................................................................................................13
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................14
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................................................15
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР.........................................................................16
Кіріспе
Қазіргі таңда, егеменді еліміздің ұлттық тарихын мәдениетін жаңғырту және насихаттау мақсатында бұл тақырыпты таңдап алуыма себепші болған Ұлы Абай атамыз айтқандай «Ойын ойнап, ән салмай өссер бала бола ма» дегендей әр сабағымды ойын арқылы түлендіріп, қызықты, түсінікті болу үшін, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін жарысуға бір-біріне көмектесу қасиетін дамытуда және өткен сабақты қайталап қорытындылап бекіту барысында ойын технологиясын қолдану өте тиімді деп таптым.
Менің алдыма қойған мақсатым-оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім беру мен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сабақта жаңа технология үлгілерін пайдалану. Сол себепті сабағымды идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланыстырып, оқушының қызығуын, білім құмарлығын танытып, сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен жұмыс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап, баяндай білуге үйретемін.
Сабақ үрдісі кезінде ойын технологиясын әр сабақта қолдану арқылы білім сапасын арттырудың жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар, ойын түрлері мен функциялары, осы ойындардың оқушылар қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылығын, ой-өрісін дамытуда айрықша маңыздылығы айқындалады. Ойын сабағы дені сау жас ұрпақты білімді, ынталы етіп тәрбиелеуге, сонымен қатар, бастапқы кезеңнен сабақта жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағытталатынын дәлелдейді.
Екінші тілді үйренуде сөз мағынасын қабылдауда, пайымдауда, түсінуде танымдық ерекшеліктерін ескеру, олардың түрлі өмірлік жағдаяттарда өз ойын, пікірін жеткізу, коммуникативтік міндеттерді шешу, қатысымдық мақсатты іске асыруда тілдің заңдылықтары мен нормаларын орынды пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру мәселелері алдыңғы орынға шығады.
Өзекті мәселелердің бірі болып отырған « Қазақстан – 2030» жолдауында да, «Білім туралы» заңда, Елбасымыздың «Болашақтықтардың форумында» сөйлеген сөзінде оқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бұл мақсат, міндеттерді іске асыруда, оқушыларды шығармашылық іске баулу, оқушыларды іріктеу, еңбекке және қоғамдық істерге араластыру, олармен ғылыми, шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс жүргізу. Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы – сезімі жоғары,ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез келген ортаға бейімделетін,өзін -өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше.
2.1. Ойын технологиясы арқылы тілдік дағдыны дамыту.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады
Ойын элементтерін тиімді қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайтын құрал.
2.2 Ойын технологиясын ұйымдастыру.
Әр қашан да мұғалім ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:
1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен
материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы
кере
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.
3. Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі керек.
4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.
5. Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
6. Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
7. Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу. Міндетті түрде ойынның орытындысын жариялау қажет.
2.3 Ойын технологиясын тиімді қолдану.
Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын технологиясы бойынша әр түрлі түрткінің тәсілдерін қолдану оқушылардың құзіреттілігін дамытуда, оқушының өзін- өзі дамытуда ерекше орын алады.
Ойын- оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепалды дайындық сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас.
Коммуникативтік құзыреттіліктің құрылымына қазақ тілінің пәндік білім, білік, дағдылары; интеллектуалдық біліктер; оқушының өмір тәжірибесі кіреді.
Қазақ тілінің пәндік білім, білік дағдылары: өзге тілді оқушының қазақ тілінде сауатты, саналы оқуы, келесі оқушымен еркін сұхбаттаса алуы, құжаттарды қатесіз жаза алуы. Оқушылардың қазақ тілін оқу үрдісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылары оларға жазбаша берілген немесе тыңдап түсінуге арналған мәтіндердің мағынасын түсінуге, әртүрлі қарым-қатынас жағдайларында тілді қолдана алуға, қойылған сұрақтарға жауап беруге, тілді өзінің шығармашылық қабілетін көрсету үшін қолдануға мүмкіндік береді. Интеллектуалдық біліктер ақыл-ой операцияларын (жалпылау, жинақтау, нақтылау, салыстыру, ұқсастыру) орындау барысында қалыптастырылады. Коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор екендігі даусыз. Осыған байланысты әдіскер - ғалым Ф.Ш. Оразбаева қатысымдық әдістің өзіндік белгілерін көрсете отырып, оған мынадай анықтама береді:
«Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым – қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі» Осы бағытта өз тәжірибемізде әр түрлі жағдайларға байланысты диалогтарды, әр қилы тақырыпта монологтарды, суреттер бойынша әңгіме мәтіндерін, газет мақалалары мен бейнефильмдерді сабақта қолдануға тырысамыз.. Сонымен қатар тиімді әдістердің бірі болып саналатын рөлдік ойындарды кеңінен пайдаланамыз.. Бұнда Резуанова Ғ.Қ мен Шнайдер А.А. еңбегіне жүгініп, тақырыбыма сай ойындарды іріктеп қолданысқа түсіреміз.. Авторлардың ойы бойынша бізді қоршаған орта коммуникативтілік акт мазмұны болып табылады. Өзіңнен басқа ештеңе болмаса, онда «ештеңе туралы» айтуға да болмас еді. Бұл адамдар қарым-қатынасқа түскен кезде, яғни сөйлескенде өзінің бір нәрсе туралы түсінігімен, пікірімен көзқарасымен, көңіл-күйімен, сезімімен бір-бірімен алмасуы дегеніміз. Олай болса, оқушыны сөйлету үшін, қарым-қатынасқа түсіру үшін белгілі бір жағдаят туғызу қажет. Сондықтан сабақты сөйлеу әрекетіне негіздеу мақсатында назарым рөлдік ойындарға ауды. Бұл ойындар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділіктерін арттырып, сабақтарды жандандыра түсті. Ең маңыздысы қатысымдық әрекеттің туындауына себеп болды.
Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
2.4 Ойын арқылы оқушылар нені меңгереді:
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді
2.Өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
Ойын оқушы мен мұғалім арасында және оқушылардың өз арасында ерекше сенімділік, өзара түсінушілік қатынасты қалыптастырады. Біріге отырып әрекет еткендіктен, оқу үрдісінің ұйымдастырушысы ретінде оқытушының педагогтық беделін арттырады. Оқушылар мұғалімді бұрынғыдан бетер сыйлай бастайды. Ойын оқушыларды бір-бірімен жақындастыра түседі. Достық, әрі ресми, қарым-қатынас дұрыс жолға қойылады.
Қорытынды.
Қорытындылай келе,оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілін оқытатын мұғалімдердің басты мақсаттарының бірі -оқушының оқу, таным белсенділігін арттыру, оқушыны пәнге қызықтыру, ынталандыру. Осы мақсаттарға жету үшін сабақта ойын технологиясын жиі қолдануға тырысамыз. Бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Олай болса бұл оқыту технологиясының тиімділігі сол, әр оқушы өз ойын еш кедергісіз жеткізіп, жұптық және топтық жұмыс арқылы аудиторияда сөйлеуге, кез-келген ортаға бейімделуге икемделеді. Осы бағыттағы жұмыстар сабақ беретін сынып оқушыларымның пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, әрине, білім сапасының жоғарылауына өзінің оң әсерін тигізді.
Сонымен, күнделікті сабақтарда жүйелі түрде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда оқытудың коммуникативтік технологиясы мен ойын технологиясының қатар тұратыны сөзсіз. Осындай түрлі әдістер арқылы қалыптасқан пәндік білім, білік, дағдылар оқушылар құзыреттілігінің дамуына әкеп тірейді.
Қорыта келгенде, егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады.
Сөзімнің соңын қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық ой – түйінімен аяқтағым келеді: «естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі ояу байлаулы берік болмақ керек, екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көнілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек, үшіншіден – сол нәрсені бірнеше уақыт қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек.
Осы аталған міндеттерді үнемі ойын іс әрекетін жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Мәселен, кез – келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Ендеше ерте жастағы балалардың тілінің дамуына қазір жағдай жасайық!.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар
Авторлары: Ғ.Қ.Резуанова, В.А.Шнайдер (14, 17 б.)
2. Қазақ әдебиеті - әдістемелік нұсқау. Орыс тілінде білім беретін мектепке арналған. Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева
3. Баяндамалар жинағы 2013жыл «Алматы»
4. Білім кілті – колюч знаний. №5, 2008 ж.
5. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. №2 2012 ж.
6. Коммуникативті қазақ тілі: рөлдік ойын арқылы оқыту.
Авторлары: Ғ.Қ.Резуанова, В.А.Шайдер (14, 17 б.)
7. Құдайбергенова Г. «Құзіреттілік технологиясы туралы...» // Инновациялық оқыту әдістемесі 2007 жыл №6
8.«Қазақстан – 2030» жолдауында, «Білім туралы заң», «Болашақтардың
Форумында» 2008 ж. Н.Ә.Назарбаев.
9. Макапова Г.К. « Роль ролевых игр в обучении иностранному языку» //Қазақстан мектептеріндегі шет тілі 6/2006.- 37-40 б.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
Сабақта қолданылатын ойын түрлері
1. Дидактикалық ойын – кішкене балаларға тән оқыту формасы болып табылады.Арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылды ұштастыру негізінде жатыр.
Міндеті –ойынның оқыту сипатын , оның мазмұны баланың танымдық әрекетін дамытуға бағытталады.
Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар:
1. Ойынға берілген уақыт оқушыны жалықтырмайтындай болуы;
2. Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы қатаң ескеріледі;
3. Ойынға қажетті материалдар алдын ала даярлануы;
4. Ойынның оқушыға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
5. Оқушының жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі керек.
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.
1. Сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнің ашу керек.
2. Ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
3. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
4. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
5. Дидактикалық ойындардың нәтижелері, тапсырма жауаптары қорытындылануы тиіс.
Мен өз тәжірибемде көп қолданатын дидактикалық ойындар төмендегідей:
Дидактикалық ойындардың жіктелуі.
Дидактикалық ойындардың жүргізуге қойылатын талаптар:
1.Ойын тақырыбының сабақтың мақсаты мен тақырыбына сәйкес келуі.
2. Ойынның мақсаты мен бағыттылығының нақтылығы мен анықталғандығы.
3.Ойын нәтижесінің қатысушылар мен ұйымдастырушылар үшін маңыздылығы.
4. Ойын мазмұнының шешілетін мәселенің сипатымен сәйкес келуі
«Футбол» ойыны.
Ойынның мақсаты:Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру, шапшаң ойлану. Оқушылардың өткен тақырыптарды еске түсіру, пысықтау. Ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру.
Көрнекі құралдар:екі қақпа, доптың суреттері.
Ойынның шарты:Берілген сұрақтарға тез және дұрыс жауап беру.
Ойынның барысы:Бұл ойынды белгілі бір тақырыпты қайталау кезінде өткізу өте тиімді.Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаның екі шетінде қағаздан жасалған екі қақпа жабыстырылған. Немесе бормен сызуға болады. Әр топқа кезекпен сұрақтар қойылады. Қай топ қойылған сұраққа дұрыс және толық жауап бере алмаса, соның қақпасына бір доп жабыстырылады. Қай топтың қақпасына көп доп түсті, сол топ жеңілді.
«Қадам басу» ойыны.
Мақсаты:Суреттердегі сөздерді дұрыс айтып, олардың аудармасын тауып айту.
Көрнекі құралдар: суреттер (жемістер, көкөністер, киімдер, апта күндері, оқу құралдары, азық-түліктер).
Ойынның шарты: Қатар тұрған екі оқушы жарысқа түседі. Көрсетілген суреттегі затты біріншісі -қазақ тілінде, екіншісі-орыс тіліндегі сөздің аудармасын айтуы тиіс.
Ойынның барысы: Бұл ойын жаңа сөздерді қайталағанда немесе үй жұмысын тексергенде өте тиімді. Екі оқушы шығады . Біреуі қазақша екіншісі орысша қадам басу арқылы айтады. Бірі қадам баса отырып, бір сөз айтуы керек. Екіншісі одан қалмай аудармасын айту керек. Егер оқушы сөздің аудармасын білмей қалса , онда қадам баспайды.Бірінші қадам басып келген оқушы жеңімпаз атанады.
Мысалы: Нан-хлеб,сүт-молоко,алма-яблоко...
Дұрыс қатесіз ауап берген оқушы жеңімпаз атанып, марапатталады.
«Күн мен түн» ойыны.
Ойынның мақсаты: суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың өткен тақырыптарды еске түсіру,пысықтау.
Көрнекі құралдар:түрлі суреттер (жемістер, көкөністер, оқу құралдары, азық-түліктер).
Ойынның шарты:Жоғалған затты табу.
Ойынның барысы. Бұл ойынды жаңа тақырыпты бекіту кезінде сөздерді есте сақтап, дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру үшін ойнатамын. Мұғалім түн деп айтқанда , оқушылар көздерін жабады. Күн деп айтқанда көздерін ашып жоғалған заттың атын айтады.Мысалы , 1-2 сыныптарда «Көкөністер» тақырыбын өткенде мұғалім көкөністердің суреттерін тақтаға жабыстырып қояды. «Түн» деп айтқанда оқушылар көздерін жабады. Сол кезде мұғалім бір көкөністін суретін алып жасырады. «Күн» деп айтқанда оқушылар көздерін ашып, жасырған көкөністін атын айту керек. Бұл ойын оқушылардың зейінін дамытуда өте пайдалы.
«Жемістер мен көкөністер» ойыны.
Мақсаты:Оқушылардың сөздік қорын байыту,жаңа сөздерді еңгізу өтілген сөздерді пысықтау.
Сөздерді топтастыра білуге үйрету.Ой-өрісін кеңейту,белсенділігін арттыру.
Көрнекі құралдар:суреттер,муляждар,себет.
Ойынның шарты:
Мұғалім ойынның шартымен оқушыларды таныстырады.Екі оқушы ортаға шақырылады.Бір оқушы себетке жемістерді, ал екінші оқушы көкөністерді жинайды.Жиналған жемістер мен көкөністер тексеріледі.Ойын шартын дұрыс орындаған оқушы жеңіске жетеді, марапатталады.
«Картоп жинау» ойыны.
«Күз», «Жемістер мен көкөністер»тақырыбын өткенде кері байланыс алуға ыңғайлы.
Мақсаты: : Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.
Мұғалім тақырып бойынша сұрақтар қояды, қай топ бірінші және дұрыс жауап берсе ,сол топқа бір картоп беріледі. Қай топ көп картоп жинаса,сол топ жеңімпаз атанады.
«Жаңғақ шағу» ойыны
Мақсаты:Оқушылардың сөздік қорын байыту,жаңа сөздерді еңгізу, өтілген сөздерді пысықтау. Қорытынды сабақта өткізуге қолайлы.Сөздерді топтастыра білуге үйрету.Ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру.
Көрнекі құралдар: жаңғақ, тапсырма жазылған карточкалар .
Ойынның шарты: Әр оқушы өзіне түскен жаңғақтың ішіндегі сұрағын немесе тапсырмасына жауап береді. Жауап бере алмаса, жаңғақты мұғалімге береді.
Ойынның барысы: Мұғалім жаңғақтарды алып шығады. Жаңғақтың ішіне тапсырмалар салу. Оқушылар жаңғақты шағып, тапсырмаларды орындайды.
Әр жанғақтың ішіндегі тапсырмасы бар. Мұғалім жаңғақтарды шашады. Әр оқушы өзіне түскен жаңғақтың сұрағын немесе тапсырмасына жауап береді. Оқушы жауап бере алмаса, жаңғақты мұғалімге береді. Көп жаңғақтың сұрағына жауап тапқан бала жеңімпаз атанып,марапатталады.
2. Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең- тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан – жануарларды, құстар және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс – қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып есінде сақтайтын болады. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайына әсерлі,көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі,әр қимылы көрсетіледі.Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі».Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді».Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады.Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойын да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Балалар осындай саусақ ойынын отырып өлең шумағын айтады. Мысалы:
«Моншақ» ойыны.
Қызыл сары,көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып моншақ тәрізді бейнелейді әрі оларды тізбектеп жасау-балалар үшін өте қызықты әрекет,қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруге дайындайды. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс.
«Қуырмаш» ойыны.
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға тары шаш.
Балапанға бидай шаш,
Балаларға тәтті шаш .
Бас бармақ
Балан үйрек
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкентай бөбек
- дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:
Сен түйеңе бар,
Сен жылқыға бар.
Сен сиырға бар,
Сен қойыңа бар,
Ал сен үйде жат
Қазан түбін жалап
Мына жерде май бар
Мына жерде құрт бар
Ал мына жерде қыдық бар.
«Өр-өрмекші» саусақ ойыны
Өр-өрмекші өрмек тоқыды! (Саусақты шеңбер бойымен айналдырамыз)
Кенеттен жаңбыр жауды (Саусақпен соғамыз),
Өрмекті шайып кетті! (Сол қолмен оң қолдың үстінен сипалаймыз)
Алтын күн шықты,
Күн ыси бастады (төменнен жоғары қарай қолымызды қолымызбен сипалаймыз),
Өр-өрмекші өрмек тоқуда! (Саусақты шеңбер бойымен айналдырамыз)
«Мишкинаның оркестрі» ойын-әні
Мұғалім аспапта қонжықтың табанымен ойнап, әнді ойыншықпен көрсетеді. Балалар еліктеушілік қимылдарды орындайды және сөз тіркестерін әндетеді.
Мишка таяқшаны алып,
Барабанды ол соғады.
Бам-бам-бам, бам-бам-бам,
Ол осылай соғады! (Балалар бір-бірін сұқ саусақпен ұрады.)
Мишка сырнайды алды да,
Мишка ойнай бастады:
Ду-ду-ду, ду-ду-ду.
Керемет ойнайды дуду. (Балалар қолын аузына әкеліп, саусақтарымен жыбырлатады.)
Мишка дабылды алды да,
Қатты-қатты соғады.
Та-та-там, та-та-там,
Бұл не шу, тарарам? (Балалар бір алақанын екінші алақанымен шапалақтайды.)
3. Драматизациялық сюжетті рөлдік ойындар.
Рөлдік ойын процесінде қисынды ойлау,қойылған сұрақтарға жауап іздеу қабілеттілігі, сөйлеу, сөз этикасы,бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу қабілеті дамиды.Сондықтан қазақ тілі сабығында рөлдік ойынды пайдалану оқу процесінің тиімділігін көтереді. Білімгерлердің тілге деген қызығушылығын оқытудың барлық сатыларында сақтауға көмектеседі. Рөлдік ойындарда міндетті түрде білімгерлердің өзара әлеуметтік рөлдік қатынастары қалыптасады. Рөлдік ойын сөйлеу мәдениетін дамытуға да өз септігін тигізеді. Ол болашақ заңгердің өзін-өзі ұстай білу қабілетін, мамандыққа қатысты терминдерді қолдана білу деңгейлерін дамытады. Сөйтіп, рөлдік ойын дұрыс сауатты сөйлеу, тыңдап түсіну деңгейлерін жоғарылататын, қатысымдыққа жетелейтін құралдың бірі болып табылады.
Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.
«Ертегі құрастыру» ойыны.
Шарты: Мұғалім балаларға қазақтың халық ертегілерінде кездесетін кейіпкерлерді атайды. Мысалы: қызыл телпек, Мақта қыз, қасқыр, түлкі, бауырсақ, аю, қоян, кемпір,шал,қарға, кірпі, т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып, жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан топ жеңіске жетеді.
«Қызыл телпек» ертегісі бойынша ойын.
Мақсаты:Сыныпты екі топқа бөлу. Бірінші топ- «Қызыл телпектер», екінші топ- «Қасқырлар» деп тақтаның екі жағына қызыл телпек, қасқырдың суреті ілінеді. Жоғарғы жағына әжейдің үйінің суретін, «5», «4» бағаларымен қосып ілу.
Шарты: Қай топ тапсырмаларды орындау арқылы әжейдің үйіне бірінші жетсе, сол топ әжейдің сыйлығын алады.Тапсырмаларды орындаған сайын қызыл телпек, қасқыр суретін әжейдің үйіне жылжытып отыру.
Дүкенде
Ойынның шарты: Ойынға 2 оқушы қатысады. Біреуі сатушы, біреуі сатыпалушы. Яғни дүкеннен белгілі бір тақырыпта нәрселер сатып алу. (азық-түлік, оқу құралдары)
Мысалы:
- Сәлеметсіз бе?!
-Сәлеметсіз бе!
-Дәптер неше теңге тұрады?
- Дәптер … теңге тұрады.
- Маған … дәптер беріңізші.
- Мінеки, ала ғой.
Рахмет! Сау болыңыз!
Сау болыңыз!
Көлеңке ойыны - Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке ойыны арқылы айтуға болады. Көлеңке ойынының көрсетуге үш оқушы қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді. Көлеңке ойынның сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістерін дамытады.
4. Ұлттық ойындар
Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері сан алуан.
Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлттык ойындар. Баланын өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін
қою, ерік арқылы) байқалады.Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Қунанбаев:
«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?›› - деп айтқандай, бала өмірінде
ұлттық ойын ерекше орын адады.
Ұлттық ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту белсенділігін арттыру. Қазақ тілі сабағында қазақтын ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады.
«Аркан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, сабақта 2 топ білімімен сынасады. Алдымен ойын шартын түсіндіру. Ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қою. Арқанның қызыл мата байлаған жерін тең етіп қою. 2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде тапсырма орындайды. Қай топтың оқушысы
бұрын орындаса, жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай кеп жылжыса сол топ жеңді деп есептеледі.
Ұлттық ойындар ата-бабаларымыздан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады. Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты алу арқылы тапсырмаларды орындау тапсырылады. Сабақ барысында әр топтан оқушылар қатысады. Асықтағы нөмер бойынша сол тапсырмаларды орындайды. Бұл баланы жылдамдыққа, жылдам , ептілікке үйретеді.
«Ақсүйек» ойынын сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған. Тақтаға нөмірленген, артына тапсырмалар жасырылған әртүрлі түсті қағаздар ілінеді. Тапсырманың біреуінде ақсүйектің сүреті жасырылған. Нөмерлерді таңдау арқылы ақсүйекті табу тапсырылады. Тақырыпқа байланысты сұракқтар қою арқылы пайдалануға болады. Ұлттық ойын ойнау барысында балалар өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою) байқалады.
«Сиқырлы қоржын». Бұл ойынды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдануға болады. Ойынның шартына сәйкес оқушылар кезекпен қоржын ішінен асық алады. Асықтарда сандар жазылған, қай сан шықса, сол санға берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |