53-57 баптарын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
1997 жылғы 15 қазандағы N 17/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституциялық Кеңестiң Төрағасы Ю.А. Ким, Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.I. Өкеев, В.В. Мамонов, С.Н. Сәбiкенов,
С.Ғ. Темiрболатов қатысқан құрамда 1997 жылғы 15 қазандағы ашық мәжiлiсте Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т. Оспановтың Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарын ресми түсiндiрiп беру туралы өтiнуiн қарады.
Мәжiлiске өтiну субъектiсiнiң өкiлi заң шығару және сот-құқық реформасы жөнiндегi Комитеттiң мүшесi, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты И.К. Елекеев; Парламент Сенатының өкiлдерi – заң шығару және сот-құқық реформасы жөнiндегi Комитеттiң хатшысы, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты А.К. Котов; Парламент Сенаты Аппаратының заң шығару бөлiмiнiң консультанты К.А. Мәутенбаева; маман, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигi
С.З. Зиманов қатысты.
Баяндамашы, Конституциялық Кеңестiң мүшесi Н.I. Өкеевтiң хабарын, И.К. Елекеев, А.К. Котов және К.А. Мәутенбаеваның сөздерiн, академик С.З.Зимановтың қорытындысын тыңдап және қолда бар материалдарды зерттей келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҰЙҒАРДЫ:
1997 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т. Оспановтан Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарын ресми түсiндiрiп беру туралы өтiну түстi. Өтiнуде Парламенттiң өкiлеттiгiн кеңейтудiң мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi, сондай-ақ Парламентке Республика заңдарын, соның iшiнде Конституциялық заңдарды түсiндiру қызметiн беру жөнiнде мәселе қойылды. Конституциялық Кеңеске өтiнуге Парламент Мәжiлiсiнiң пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заң жобасын қараудың нәтижелерi, оны қарау барысында нормативтi актiлердi, соның iшiнде Республика заңдарын ресми түсiндiрудiң субъектiсi туралы туындаған мәселе себеп болды.
Конституциялық Кеңес аталған өтiнудi қараған кезде мыналарды ескердi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарында Палаталардың бiрлескен және жеке отырыстарында жүзеге асырылатын Парламент өкiлеттiгi, сондай-ақ Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнiң ерекше өкiлеттiктерi бекiтiлген. Оған қоса Конституцияның 13) тармақшасында Парламент Палаталарының бiрлескен отырыстарында өзiне Конституция жүктеген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыру белгiленген.
Аталған конституциялық ереже сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Жарлығының 5-бабында да бекiтiлген. Бұл нормаға сәйкес, Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен және жеке отырыстарындағы Парламент құзырын, Палаталардың ерекше құзырын Республика Конституциясы белгiлейдi және олар Парламент сессияларында, Парламент Палаталарының қызметi арқылы жүзеге асырылады.
Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламент өкiлеттiгiнiң түпкiлiктi тiзiмiн белгiлеп берген және Парламент өкiлеттiгi көлемiн әдеттегi немесе конституциялық заң қабылдау жолымен өзгерту көрсетiлмеген. Парламент өкiлеттiгiн кеңейту немесе тарылту процедурасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 1-тармағында көрсетiлген Республиканың Негiзгi Заңына өзгертулер, толықтырулар немесе түзетулер енгiзу жолымен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Конституциясында Парламентке заңдарды, соның iшiнде конституциялық заңдарды ресми түсiндiру құқығын беру көрсетiлмеген. Сол себептi де, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Жарлығында мұндай
норма жоқ.
Айтылғандардың негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57-баптарын ресми түсiндiру тәртiбiмен Конституциялық Кеңес
Достарыңызбен бөлісу: |