Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



бет3/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
Өңірдің негізгі сипатта
малары

Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 165,6 мың шаршы километрге тең (Қазақстан аумағының жалпы ауданының 6,1 %-ы). Облыс халқы 2014 жылдың 1 қарашасына 603,7 мың адамды құрады (ел халқының 3,5%-ы). 2013 жылда 1907,1 млрд. теңге сомасына жалпы өнірлік өнім өндірілді – республикадағы 5-орын. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі бойынша облыс 4-орынды алады. Өнеркәсіптің негізгі саласы мұнай-газ өндіру болып табылады.

Бағыттары

Өңір экономикасын дамыту.
Әлеуметтік саланы дамыту.
Инфрақұрылымдық кешенді дамыту.
Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты дамыту;
Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.

Мақсаттары

Экономиканың тұрақты өсуін, экономиканың тұрақты өсуін, халықтың әл-ауқатын көтеруді, қосылған құны жоғары дайын өнімді сыртқы рыногқа жылжытуды қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру.
Индустрияландыру бағдарламаларын тиімді іске асыру, өңдеу өнеркәсібінің перспективалы салаларын дамытуды қамтамасыз ету, электр энергиясына қажеттілікті қамтамасыз ету, инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай құру.
Мұнай-газ саласын тиімді дамыту арқылы өңір экономикасының тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.
Маңғыстау облысының құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту.
Өңірде өндіріс құру арқылы құн-салмақ коэффициенті төмен дәрі-дәрмектер жеткізу бойынша шығындарды азайту.
Өндіріс көлемін одан әрі дамыту және арттыру, химия өнімдерін экспорттау үшін жағдай жасау.
Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау үлесін арттыру
Қосылған құны жоғары дайын металл бұйымдарын шығару.
Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесін арттыру
Ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі рыног тұтынушыларын қанағаттандыруға жеткілікті көлемде өндіру негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін рыногтық инфрақұрылымды дамыту, жалпы өңірлік өнім құрылымындағы сауда саласының үлесін арттыру.
Инвестициялық ахуалды жақсарту, капитал салу үшін жағдай жасау.
Білім берудің сапасын, қолжетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.
Облыс халқының денсаулығын жақсарту.
Маңғыстау облысы халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту.
Облыстағы мәдениет саласының инфрақұрылымын дамыту және одан әрі әйгілеу.
Маңғыстау облысында бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын және туристік секторды дамыту.
Мемлекеттік және жастар саясатын тиімділігін арттыру, мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру.
Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті, оның ішінде көшелер мен өзге қоғамдық орындарда қамтамасыз ету. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту.
Ақпараттық қоғам мен инновациялық экономикаға көшу мақсатымен инфокоммуникация саласын дамытудың жағдайлары мен тетіктерін құру.
Өңірде тұрғын үй салуды, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
Маңғыстау облысының дамыған көлік инфрақұрылымын қалыптастыру.
Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметінің тиімділігін арттырудың сенімділігі.
Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына негіз құру, ауылдық тұрғындар тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің мейлінше жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, табиғи кешеннiң жаңғыру әлеуетін сақтау және қоғамның тыныс-тіршілігі үшін қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту.
Мемлекет саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді жақсарту.

Міндеттер

ЖӨӨ-нің тұрақты өсуін және инфляциялық үдерістерді тұрақтандыруды қамтамасыз ету.
Өнеркәсіптің өңдеуші салаларын дамыту.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту.
Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құралымдарын шығару бойынша өндірістік қуаттылықтарды құру және дамыту.
Көмірсутегі шикізатын өндірудің теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.
Дәрі-дәрмек құралдарының жаңа өндірісін құру.
Бәсекеге қабілетті жаңа химия өндірістерін құру және ішкі рыногты отандық өндірістің бәсекеге қабілетті химия өнімдерімен толықтыру.
Машина жасаудағы жалпы өнім көлемін арттыру.
Металлургия өнімінің жалпы көлемін арттыру.
Жеңіл өнеркәсіптегі өнімнің жалпы көлемін арттыру.
АӨК өнімдерін өндіруді тұрақты өсіру есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өңір экономикасының инновациялық, өндірістік және өзге де салаларында шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Ынтымақтастықты, капитал салуды нығайту және дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал, жағдай құру.
Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін көтеру.
Жас педагог кадрлардың өз ісіне шынайы берілуін ынталандыру.
Әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту, әлеуметтік маңызы бар аурулардың ауыртпалығын азайту.
Халықтың тиімді жұмыспен қамтылуына қол жеткізу.
Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік әлеуметтік қызметтердің тиімділігін күшейту.
Облыс азаматтарын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту.
Туристік қызметтің дамуын қамтамасыз ету.
Өңірде жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстылықпен күрестің тиімділігін көтеру.
Телекоммуникация мен байланысты және компьютерлік сауаттылықты дамыту.
Халықтың барлық жігі үшін тұрғын үй салу және пайдалануға беру.
Толыққанды көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, халықтың көлік қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Кондоминиум объектілерін басқару органдары тұрғын үй қорын нормативті пайдалануды өз бетімен қамтамасыз етуі.
Коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту.
Ауыл халқына әлеуметтік қызметтерді берудің сапасы мен қолжетімділігін көтеру.
Табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану арқылы қоғамның тыныс-тіршілігі үшін тұрақты экологиялық жағдайды және қолайлы ортаны қамтамасыз ету.
Өсiмдiк және жануар әлемін сақтау, жерлерді оңтайлы пайдалану.
Жергілікті атқарушы билік қызметінің тиімділігін көтеру.


Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет