Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы


Қазақстанның дамуындағы Маңғыстау облысының орны



бет9/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   144
2.1.4. Қазақстанның дамуындағы Маңғыстау облысының орны
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы «Қазақстан–2030» Стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың негізінде және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларына сәйкес жүзеге асырылуда.
Облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2011 жылғы 1751,1 млрд. теңгеден 2013 жылы 1907,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. ЖӨӨ-нің нақты өсуі (НКИ) 2013 жылда 105,2% (2011 жылда – 99,7%, 2012 жылда – 101,1%) құрады нақтыланған статистикалық деректер).
Маңғыстау облысының жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі (ЖІӨ) үлесі 5,4% құрайды.
ЖӨӨ-нің нақты көлем индексі (бұдан әрі – ЖӨӨ НКИ) салалар кесінінде өнеркәсіпте – 102,2%, саудада – 112,6%, құрылыста – 100,3%, көлік пен қоймалауда – 107,8% құрады. ЖӨӨ өсу қарқынының 2012 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығында төмендегені байқалады – 96,7%.
Ауыл шаруашылығының үлесі 2012 жылғы 0,3%-дан 2013 жылы 0,5%-ға, өзге де қызметтердің үлесі тиісінше 25,2%-дан 30,4%-ға дейін артты. Өнеркәсіптің үлесі 2012 жылғы 56,5%-дан 2013 жылы 53,7%-ға, тиісінше көтерме және бөлшек сауданың үлесі 3,9%-дан 3,7%-ға, құрылыстың үлесі – 7,0%-дан 6,5%-ға, көлік пен байланыстың үлесі 6,3%-дан 5%-ға дейін азайды.
Облыстың өнеркәсібі республика ЖІӨ-нің жалпы көлемінде айтарлықтай үлеске ие – 55,5%, ал осымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі болмашы ғана – 1%-дан кем болып отыр.
Маңғыстау облысы өнеркәсіптік өндіріс үлесі бойынша елде 2-орын алады (13,2%). Өнеркәсіптік өндірісі негізінен ұлттық тау-кен өндіру өнеркәсібінде үлесі 23% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінен тұрады. Осы салада ірі және орта кәсіпорындардың саны біршама көп.
Өңдеу өнеркәсібі металлургия мен дайын метал бұйымдарының өндірісінен, машина жасау мен химия өнеркәсібінен тұрады.
Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 2012 жылғы 2945,9 мың теңгеден (19,6 мың АҚШ доллары) 2013 жылы 3301,9 мың теңгеге (22 мың АҚШ доллары) дейін ұлғайды, бұл – республика өңірлері арасындағы төртінші орын (ҚР бойынша орташа – 2070,7 мың теңге немесе 13,8 мың АҚШ доллары).
Облыс әлемнің 101 елімен экспорттық-импорттық операцияларды, оның ішінде 41 елмен экспорттық операцияларды, 99 елмен импорттық операцияларды жүзеге асырады. Облыстың сыртқы сауда айналымы 2013 жылы 9 832,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 14,7%-ға көп. Экспорт 9 092,9 млн. АҚШ долларын (12,8%-ға ұлғайды), импорт 739,9 млн. АҚШ долларын (44,1%-ға ұлғайды) құрады. Сыртқы сауда балансының сальдосы 8353,0 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2012 жылы – 7544,8 млн. АҚШ доллары).
Облыстың сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-қазанында 9173,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл – 2013 осындай кезеңінен 9,3%-ға көп. Экспорт 8751,5 млн. АҚШ долларын (13,2%-ға ұлғайды), импорт 422,2 млн. АҚШ долларын (36,2%-ға төмендеді) құрады. Сыртқы сауда балансының сальдосы 8329,6 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2013 жылдың қаңтар-қазанында – 7072,5 млн. АҚШ доллары).
Маңғыстау облысы республикалық бюджеттің доноры болып табылады және жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алу көлемі 2013 жылы – 24,6 млрд. теңгені, 2014 жылға арналған жоспар – 10,1 млрд. теңгені, 2015 жылға арналған жоспар – 16 млрд. теңгені құрады.
Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (іздестіру, барлау жүргізу және жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау, жұмыс істеп тұрған кен орындарының тиімділігін көтеру, мұнай сервистік кластерді дамыту), облыстың транзиттік әлеуетін дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясы мен туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).

Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет