Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы


Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру



бет17/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   144
Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру.
Шығарылатын құрылыс материалдардың негізгі номенклатурасы – ұлутас, табиғи құм, шағыл, қиыршық тас, яғни, облыста шығарылатын құрылыс материалдардың номенклатурасы негізінен кең таралған пайдалы қазбаларды шығару арқылы алынатын өнімнен тұрады.
Азаматтық құрылысқа қажетті басқа материалдардың көпшілігі облыстан тыс жерден әкелінеді.
Облыстың құрылыс материалдарын шығаратын негізгі кәсіпорындары: «Маңғыстау жол құрылысы материалдары комбинаты» АҚ («МЖҚМК» АҚ), «Теміртас-1» ЖШС, «Өндірістік кәсіпорындар басқармасы» ЖШС («ӨКБ» ЖШС), «Строй – Деталь» ЖШС, «Түпқараған» ЖШС, «Еврострой-А» ЖШС, «Мырзабек-АЛТЫН ТАС групп» ЖШС, «Карьертау» ЖШС, «Каспий Цемент» ЖШС.
Соңғы жылдары құрылыс материалдардың өндірісі белгілі бір дәрежеде әртараптандырылған. «Түпқараған» ЖШС өндірісті ұлғайту жобасының бірінші және екінші кезектері іске асырылды – қуаттылығы тәулігіне 100 текше метр және өндірістің неміс технологиясы пайдаланыла отырып, бетон торабы пайдалануға енгізілді, осындай неміс жабдығы «Еврострой и А» ЖШС-де іске қосылды, «Юран» ЖШС электродтарды шығару цехы құрылды, шыны-пластик және шыны-талшық құбырларды шығаратын зауыттар пайдалануға берілді. Облыста табиғи қабырға материалы – ұлутас жеткілікті мөлшерде бар болуына қарамастан, «ӨКБ» ЖШС біздің облыс үшін жаңа құрылыс материалы – көбікті бетонды шығаратын, қуаттылығы айына 1,6 мың текше метр болатын өндіріс құрды.
Бұдан басқа, облыста шамамен 38 компания шыны-пластик терезелер мен есіктерді шығарумен айналысады, батыс елдердің технологиясы пайдаланылады.
Сондай-ақ, лак-бояу бұйымдарын, бітемелер шығаратын шағын өндірістер әрекет етеді, аумақта саны 20-дан астам өндірісте бетон және темір бетон бұйымдары шығарылады.
Өңірді индустриялық-инновациялық дамыту шеңберінде құрылыс материалдарын, бұйымдарды және конструкцияларды шығаруға бейімделген төрт жоба іске асырылды, олар:
1) жобалық қуаттылығы жылына 400 мың метр және инвестициялар көлемі 10,2 млн. АҚШ доллары болатын «Шыны-талшықты құбырлар өндіретін зауыт». «АШТЗ» ЖШС өндірісінің Қазақстанда аналогы жоқ. Шыны-талшықты құбырлардың ноу-хауы Future Pipe Industries B.V. атты белгілі француз компаниясына тиесілі, жабдық оның Plastrecs атты еншілес фирмасымен шығарылған. «АШТЗ» ЖШС-де қолданылатын технология тікелей күн сәулесіне қарсы ингибиторларды пайдаланудың арқасында құбырларды күн сәулесінің әсерінен қорғауға мүмкіндік береді. Шығарылатын құбырлар көптеген салаларда жер үсті, жер асты және су асты құбырлары ретінде пайдаланыла алады. Зауыттың өнімі сапасы жағынан ISO 9001 сәйкес келеді және негізінен мұнай мен газ секторына бейімделген, бұл импорт алмастыру проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Құбырлардың қолданылатын мерзімі кемінде – 25 жыл;
2) жобалық қуаттылығы жылына 2,0 млн. текше метр шағыл тас және инвестициялар көлемі 6,4 млн. АҚШ доллары болатын «Кеннен басқа материалдар өндірісін кеңейту» («Мырзабек Алтынтас Групп» ЖШС). Шығарылатын өнім автомобиль жолдарын, теміржол қатынас жолдарын салу және реконструкциялау кезінде, сондай-ақ Каспий теңізінің жағалаулық линияларын бекіту және жасанды аралдарды құру үшін қолданылады;
3) жобалық қуаттылығы жылына 40 мың текше метр тауарлық бетон және инвестициялар көлемі 1,0 млн. АҚШ доллары болатын «Құрылыс өнеркәсібінің базасын дамыту». Жобаның іске асырылуы Форт-Шевченко қаласының құрылыс объектілерін тауарлық бетонмен және бетон бұйымдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
4) «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «Каспий Цемент» ЖШС. Жобаның сметалық құны – 40 000 млн. теңге. Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 800, пайдалану кезеңінде – 300 адам. Жобалық қуаттылығы: жылына 1 млн. тонна цемент шығару. Шығарылатын өнім: 300-800 маркалы цемент.
Жобаны іске асыруға «Heidelbery Cement» неміс компаниясы қатысып отыр. Объект 2014 жылғы маусымда пайдалануға берілді. Зауыт өнімі экспортқа бағдарланған.
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі өндіру көлемі 2013 жылы 12,4 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 132,2% құрады. 93332 тонна (101,7%) тақтайшалар, тақталар, кірпіштер және цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған ұқсас бұйымдар, 100 914 тонна (149,8%) бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялар, 361 159 тонна (98,3%) тауарлық бетон, 8766 мың тонна (195,3%) құрылыс ерітінділері шығарылды. 2013 жылы барлығы 9937,1 млрд. теңгеге басқа металл емес минералды өнім өндірілді (2012 ылы – 8201 млн. теңге, 2011 жылы – 8215 млн. теңге).
Ағаштан бұйымдар жасаумен өз ағаш цехы бар және терезе мен есік блоктарын, құрылыс кезінде қажетті басқа ағаш бұйымдарын шығаратын «Каскор-СМУ» АҚ, сондай-ақ шағын ағаш өңдеу өндірісі бар бірқатар жеке кәсіпкерлер айналысады.
Ағаш бұйымдар өндіру көлемі 2013 жылда 26,4 млн. теңгені құрады, бұл – осы саладағы 2012 жылдағы өндіру деңгейінен 28,4%-ға төмен. 5,3 мың шаршы метр терезелер мен олардың жақтаулары, әйнектелген есіктер мен олардың жақтаулары, ағаш табалдырықтар шығарылды.
2014 жылдың 10 айында өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі өндіру көлемі – 13,2 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 132,9% құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет