Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



Дата11.01.2017
өлшемі71,39 Kb.
#6845
Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыруы
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
D-O-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;



3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

D-O-3

min

max

109 932

148 242



«Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 ш/а, 100 ғимарат, 1 қабат, анықтама алу үшін телефон/факс: 60 50 12, эл.пошта: vetupr.mang@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлімді басқару, қызметін ұйымдастыру; бөлім бойынша жұмыс жоспарын жасау және жасалған жұмысқа талдау жасап, жедел есеп беру; ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру; ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жоспарлау, өткізуді ұйымдастыру, орындалуын бақылау және қадағалау; ветеринариялық қызметті лицензиялау; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналаған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру; өз құзіреті шегінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары мен ветеринариялық ұйымдарының ветеринария саласындағы қызметін үйлестіру; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды тасымалдау қызметін, ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру; бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды және осы жөніндегі дерекқорды жүргізуді ұйымдастыру; ветеринариялық-санитариялық бақылау-қадағалау объектілерін пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу, оларға есептік нөмірлер беру; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау - қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы, жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын айқындау, анықтау; ветеринариялық есептілікті жинақтау, талдау, уәкілетті органға ұсыну; ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытында және тиісті дәрежеде қаралуын, мерзімінде жауап берілуін қамтамасыз ету; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мерзімінде әрі сапалы жүргізу, осы бойынша есептілікті жасау және беру; іс қағаздары мен құжаттарды ережеге сәйкес жүргізу, сақтау және мұрағатқа тапсыруға ұсыну; басқарма басшыларының берген бұйрықтарын, нұсқауларын, тапсырмаларын уақтылы әрі сапалы орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ветеринария (ветеринариялық медицина немесе ветеринариялық санитария) мамандығы бойынша жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Қаржы және есеп бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарма бойынша қаржылық жоспарлар мен бюджеттік өтінімдерді дайындау және мерзімінде беру; бюджет қаржысы шығындарын жоспарлауды және қаржыны пайдалануды ҚР Заңнамаларына қатаң сәйкес жүргізу; басқарманың шаруашылық-қаржылық қызметін қамтамасыз ету; еңбек ақы, салық, зейнетақы, басқа да төлемдер мен есеп айырысулар бойынша қаржы аударылымдарын жүргізу, бухгалтерлік есеп жүргізу және есеп беру; штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз ету; басқарманың ақша қаражаттары мен тауарлы –материалдық құндылықтардың есебін, бухгалтерлік есеп шоттардағы операцияларды мақсатқа сай әрі уақытылы жүргізу; мекеменің шаруашылық–қаржылық қызметі нәтижесінің есебін жүргізу, сонымен қатар қаржылық, есептік және кредиттік операциялардың есебін, олардың дұрыс, мерзімінде және заңды рәсімделуін қамтамасыз ету; алғашқы және бухгалтерлік құжаттардың, есептердің, төлем міндеттемелерінің рәсімделу тәртібінің сақталуын, еңбек ақы қорының дұрыс шығындалуын қамтамасыз ету; лауазымдық еңбек ақылар мен қосымша төлемдерді заңнамаларға сәйкес тағайындауды, ақша-қаражаттардың тауарлы материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың дұрыс сақталуын және түгенделуін қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, өткізу, осы бойынша келісім шартарды жасау, олардың орындалуы бойынша жұмыстардың заңнмаларға сәйкес дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету және нәтижесіне жауапты болу; басшыға қол қоюға ұсынылатын жоспарлар, келісім-шарттар, ұсыныстар мен негіздемелер, бұйрықтар мен шешімдер, т.б. құжаттар жобасына келісімдеп, қол қою; бухгалтерлік құжаттардың дұрыс сақталуын, олардың ережеге сәйкес мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытында және тиісті дәрежеде қаралуына жауапты болу; бөлім қызметкерлерінің атқаратын қызметтерін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау; бөлім бойынша жасалған жұмысқа талдау жасау, есеп беру; басшылардың берген тапсырмаларын уақтылы әрі сапалы орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

1. уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім;

Маңғыстау облысы әкімінің аппаратының және мемлекттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурсты өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «е-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ-де өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет