25. ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
“Тұрақты дамуға көмектесу” Орталығы” Қоғамдық қоры
“Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” ММ
Орта мектептің жоғарғы сыныптарына арналған
“Қоршаған орта экологиясы”
оқу-әдістемелік құралына демонстрациялық материал
Сұрақ
Қай елде Жер Шары тұрғындарының бесеуінің екеуі тұрады?
Бразилия және Пәкістан
Үндістан және Қытай
Жапония және АҚШ
Келесі сызбаларды талда. Халықтың жалпы саны артып келеді, ал халықтың өсу жылдамдығы төмендеуде. Осы жағдайды талқыла.
Ист. http://mandruy.com
2050 жылға дейін осы санға қанша қала қол жеткізуі мүмкін?
5
8
10
Қазақстандағы кәсіби аурулар:
Тыныс жолдары аурулары (кәсіби бронхит – 132 адам (35%))
Тірек-қозғалу аппараттарының аурулары (омыртқааралық талшықтарының қысылуы) – 62 адам (21%)
Органикалық емес заттардың токсинді әсері – 54 адам (19%)
Жүйке жүйесі аурулары (қол полиневропатиясы) – 42 адам (15%)
Сұрақтар - Ойланып, негізгі тұжырымдарыңды дәптерге жаз. Неліктен бұл аурулар кәсіби деп аталады?
- Осы аурулардың түрлерін қандай жұмыс орнынан жұқтырып алуға болады?
Бұл көрсеткіштерді төмендету үшін мемлекет тарапынан қандай шаралар жүргізілуде?
Қандай жолмен әрбір адам осы аурулардан сақтана алады?
«Басқа жануарлар патшалығынан адамның еш айырмашылығы жоқ. Біздер кез-келген жануарлардан аса өзімшіл емеспіз. Бірақ оларға қарағанда өзімшілдігіміз тиімді болғандықтан барлығын бұзуға дайынбыз. Барлық жануарлар табиғи сұрыпталу жолымен бұрыннан бағдарланғанды орындайды, адам баласы болса, қысқа мерзімді қызығушылыққа, өзінің жанұясының, достарының және одақтастарының қызығушылықтарына назар аударуды көздейді.»
/ Ричард Доукинс, Оксфорд биологы/
Достарыңызбен бөлісу: |