Сабақ тақырыбы Ғимараттардың іргетастарына арналған бұйымдар Оқу тобы Қ149 Өткізілген күні 1.



Дата18.02.2017
өлшемі164,29 Kb.
#10218
түріСабақ
Қызылорда облысының білім басқармасы

«Жас өркен» колледжі

«Келісілді» «Бекітемін»

Әдіскер_Жалғасова О Директордың оқу ісі жөніндегі

Орынбасары _______

Сейдахметова Г

Ашық сабақ

Пән аты Құрылыс бұйымдары мен құрылымдары өндірісінің технологиясы

Сабақ тақырыбы Ғимараттардың іргетастарына арналған бұйымдар

Оқу тобы Қ149

Өткізілген күні 1..2016

«Техникалық» пәндер бірлестігінің оқытушысы Оңайбеков Б.Қ.

«Техникалық» пәндер

бірлестігінде Қаралды

Хаттама №_____

«_____» ______ 201 ж.

Бірлестік жетекшісі

__________Шалқарбаев А.

Қызылорда 201ж

Құрылыс бұйымдары мен құрылымдары өндірісінің технологиясы пәні бойынша ашық сабақ жоспары

Сабақтың өткізілетін күні1..2016

Оқу тобы Қ149

Сабақтың тақырыбы Ғимараттардың іргетастарына арналған бұйымдар

Сабақтың типі аралас сабақ

Сабақтың мақсаттары

а білімділік Жасанды битумдардан жасалған бұйымдар туралы материалдарды қайталап, еске түсіріп, болашақ маман ретінде өз ойын айта алуға қалыптастыру.

әтәрбиелік Оқушыларды өз бетімен ізденуге,теория мен тәжірибені байланыстыра отырып, жауапкершілігін, адамгершілігін арттыруға тәрбиелеу.

б дамытушылық Салыстыра білу қабілеттерін, танымдық қызығушылықты дамыту, жаңашылдық, жүйелі ойлауға дамыту.

Сабақтың көрнекілігі бейне материалдар, слайдтар, оқулықтар, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың әдісі баяндау, түсіндіру, сұрақжауап, ұжымдық жұмыс.

Пәнаралық байланыс«Құрылыс материалдары мен бұйымдары», «Құрылыс өндірісінің негіздері», «Құрылыс жинақтау жұмыстарының ұйымдастырылуы мен технологиясы».

Сабақтың құрылымы

1 Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығына назар аудару 23мин

2 Бұрынғы білімін жетілдіру, тексеру, бекіту 3035мин

3 Жаңа білімді хабарлау және оқушылардың іздену әрекетін ұйымдастыру, пәннің басқа пәндермен байланысын көрсету 1520мин

4 Оқушылардың алған білімін бағалап, жаңа тақырыпты бекіту 2025мин

5 Үй тапсырмасы 35мин.



Сабақтың өткізілу барысы

. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басталмай тұрып алдымен дәрісхананың тазалығына және дайындығына назар аударамыз. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру кезіндегі кезекші арқылы кімнің жоқ екенін белгілейміз.

.Өткен білімін тексеру кезеңі

Оқушылардың пән бойынша білім деңгейін тексеру жүргізіледі. Алдын ала дайындалған карточкалар мен тест сұрақтары таратылады. Дайындалуға үш төрт минут уақыт беріледі. Уақыт өткен соң оқушылар кезегімен тұрып жауап береді.

Оқушыларға карточка және тест сұрақтарын , пайдалану арқылы оқушының өткен сабақты күнделікті қайталап тұруға, сонымен қатар жақсы сақтауға тигізетін пайдасы мол.



Үй жұмысын ауызша сұрауда оқушылармен пікірлесе отырып, олардың ойлау қабілеті және сөз қорын дамытуға бірінің білмегенін екіншісі толықтыру арқылы бір бірімен жақсы қарым қатынаста болуға тигізетін әсері мол.

1 Тақтада слайд түрінде жасырын сұрақтарға жауап беру

2 Анықтау тестіекі бағаннан тұрады, бірінші бағанда берілген тапсырма, екінші бағанда жауабы жазылады

рс

Сұрақ

Жауабы

1

Жасанды битумдардан қандай бұйымдар өндіріледі




2

Үй іргетастарын оқшаулау үшін қандай материал қолданылады




3

Жол құрылысына арналған мұнай битумдары неше маркада шығарылады




4

БН  құрылыстық битумының жұмсару температурасы нешеге тең




5

Тұтану температурасының анықтамасын беріңіз




6

Жасанды битумдардан материал өндіру кезінде ең маңызды сипаттама не




7

Біздің елімізде орамалы материалдардан шатыр жасаудың болашағы қандай




8

Жасанды битумдардан жасалған құрылыс материалдарының ұзақ мерзімділігі қанша




3 Сәйкестендіру тесті берілген бірінші бағанадағы тапсырмаға екінші бағаннан тиісті немесе дұрыс жауабын тауып белгілеу керек

1. Жасанды битумдардан құрылыс материалдарын дайындау кезіндегі кеңінен тараған әдіс

а. Гомогенизатор

2. Судан оқшаулауда құрылысшыларды қызықтыратын материал

б. Іргетас құрастырылымы

3. Құрылыс материалдарының ішінде судан оқшаулауды ең көп қажет ететіні

в. Қатырма қағазға сіңдіру

4. Битум эмульсияларын жасап шығару кезіндегі құрылғы қалай аталады

г. Мұнай битумы

Жауаптары 1в, 2г, 3б, 4а

4 Тест және бақылау сұрақтары

1 Битум сақтайтын қоймалардың сыйымдылығы қандай

А және аса

В

С


Д немесе кем

2 Рубероид орамының ұзындығы нешеден кем болмауы тиіс

А 1

В 2


С 3

Д 4


3 Рубероид немесе толь оралған күйінде жабысып қалмауы үшін қалай сақтайды

А тігінен

В жатқызып

С көлбеу

Д штабельге

 Рубероид немесе толь оралған күйінде жабысып қалмауы үшін қандай шара қолданылады

А желім жағылады

В  эмульсия жағылады

С ірі немесе майда түйірлі материал себіледі

Д су себіледі

 Судан оқшаулау және шатырлық материалдар өндірісінде таскөмір қарамайы материалы қалай қолданылады

А битум өндірісінде

В полимерлер өндірісінде

С болашағы жоқ

Д аз көлемдерде

 Судан оқшаулау және шатырлық материалдар өндірісінде болашағы зор материал қандай

А полимерлер

В тау жыныстары

С ағаш материалдары

Дметелл материалдар

 Рубероид өндірісіндегі қандай құрылғының маңызы зор

А конвертер

В фрезер білдегі

С бумен жылыту аспабы

Д жанарғы.

Оқушылардың білімін тексеріп болған соң, мұғалім сөз алады. Оқытушы жаңа сабақты жариялайды, тақырып бойынша қаралатын сқрақтарды атап өтеді.

. Жаңа сабақты түсіндіру. Ғимараттардың іргетастарына арналған бұйымдар.

Ғимараттардың іргетастарына арналған бұйымдарды жасап шығарудың қазіргі уақытта өндірудің келесідей технологиялық схемалары қолданыладытақталық, тасқынды  агрегаттық, конвейерлік. Тақталық технологиялық схеманың айрықша ерекшелігі салыстырмалы үлкен емес қаржы шығындары және іргетас бұйымдарын өндіруді тез ұйымдастыра алуы. Кемшіліктері үлкен өндірістік аудандар мен еңбек шығындары. Тек қана пішіні күрделі, ірі сұлбалы бұйымдарды жасау үшін қолданылады. Тасқынды  агрегаттық схемасы технологиялық операцияларды бірнеше жұмыс орындарында жасауды қарастырады, бұйымдардың қатуы шұңқыр немесе тоннель типіндегі камераларда жүргізіледі. Әрбір орында бір немесе бірнеше технологиялық операциялар орындалады, одан кейін бұйым бетондалып жатқан қалып келесі жұмыс орнына ауыстырылады. Тәсілдің ерекшелігі мәжбүрлеусіз ырғақтағы тасқындылық екендігі.Қату мен бетон бұйымдарын тығыздаудың ырғағы конвейерлік схемадағыдай темірбетондық бұйымдардың жылуылғалдық өңдеу ырғағымен байланысты емес.Мұндай зауыттардың негізгі артықшылықтарының бірі күрделі қаржы салымдары аз болған кезде оларды тез тұрғыза алу мүмкіндігі.Одан басқа өндірістің бұл тәсілі тым бейім яғни технологиямен бұйымдардың бір түрінен екінші түріне қайта ауыстыруға мүмкіндік береді және онымен шығарылатын бұйымдардың номенклатурасын ұлғайтуға жағдай жасайды.

Өндірістің конвейерлік әдісі өндірістік-үдерісті конвейер бойында тізбектеп орналастырылған,әрбір жұмыс орнынан келесісіне мәжбүрлеп жылжытылатын бөлек технологиялық операцияларға бөлумен сипатталады.

Осындай түрде жасалып шығарылатын бұйымдар берілген ырғақта конвейердің әрбір жұмыс орнынан келесісіне жылжиды, ал өңдеуші машиналар өздерінің орнында қалады.

Бетонды гидротермальді өңдеу үзіліссіз әрекеттегі тоннельдік қамераларда іске асырылады.Конвейердің жұмыс ырғағы жылу ылғалдық өндеу уақытымен қатаң байланысты.

Тасқынды агрегаттықпен салыстырғанда өндірістің конвейерлік әдісі барлық технологиялық үдерістердің механизациялануы мен автоматтандырылуының жоғары дәрежесінің арқасында еңбекшығындары шамасы бойынша үнемді болып табылады.

Өндірістің конвейерлік схемасы бойынша зауыттарды салу үлкен күрделі қарсы салымдарын талап етеді және де өндірістің тасқынды-агрегаттық схемасындағы зауыттарды тұрғызу кезіндегіге қарағанда құрылыстың өте ұзақ мерзімдерімен байланысты. Конвейерлік схема кезінде өнімнің өзіндік құны төмен, демек,зауыттың құнының қайтуы кем болады.

Өндірістің жоғарыда аталған тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшеліктерін негізге ала отырып темірбетон бұйымдарының өндірісінде өте тиімді тәсіл конвейерлік тәсіл қолданылады.

Технологиялық схеманы баяндау.

Зауыттың жалпы технологиялық схемасы.




БАТ шығындау бункерлері

Май жағу (қалыптау цехында ыдысты сақтау)

мөлшерлеу

БАТ шығындау бункерлері

БАТ шығындау бункерлері





Қоспаны мөлшерлеу

мөлшерлеу

мөлшерлеу

мөлшерлеу





Қалыптарды тазалау, май жағу және жинау

(металл қырғыштар, шашыратқыш)





Бетон қоспасын дайындау

(бетонараластырғыш)





Қалыптау орны





Арматура, ілмектерді орнату (көпірлі кран, қолмен)

Бетон ерітіндісін жайғастыру және тығыздау (бетонжайғыстырғыш, виброалаңша)



Арматура, торларды жасау, ілмектерді жасау



Беттерді тегістеу.

Тегістеу машинасы





Бұйымдарды қалыптан алу көпірлі кран, белтемір



Бұйымдарды шыдату, қабылдау

Толтырғыштарды қоймаға жинау эстакадалық ор шұңқырлы штабельді жабық қоймада іске асырылады.Цемент силос ыдыстарында сақталады.Қоймада цементті түсірумен тасымалдау пневматикалық тасымалмен іске асырылады.Арматура зауытқа теміржол және автоколіктермен жеткізіледі.Арматураны жартылай жабық арматура қоймасына қалқа астында жинайды.

Бетон ертіндісін дайындау үшін толтырғыштар БАТ толтырғыштардың штабельдіор шұңқырлы жабық қоймасынан таспалы конвейерлер жүйесі бойынша келіп жетеді, олар жабық көлбеу галереяда орналасқан. Цемент пневматикалық тасығыштармен жеткізіледі.Су қалалық су құбыр жүйесі бойынша беріледі.Ауаның тазартылуы циклондармен,электрлік сүзгілермен іске асырылады. Химиялық қоспа суперпласт с3 БАТ бөшкелерде жеткізіледі.

Темірбетон бұйымдарға арналған арматура арматуралық және қалыптау цехтарына зауыт ішкі тар соқпақты теміржол бойымен арнайы арбашалармен жеткізіледі.

Бетон ертіндісі қалыптау цехына арнайы бөлу беру бункерімен беріледі.Бу саңылаулы камераға бу қазандығынан бутасығыш құбыры бойынша беріледі.Қалыптарға жағылатын май қалыптауцехында орналасқан жағармайды дайындайтын тораптан беріледі.

Конвейерде бұйымдарды дайындау қалып вагонеткаларда жүргізіледі,олар, өндіріс бағыты бойынша рельс жолымен қозғалады.Әрбір вагонетка жылтыр бетке ие, ол,жиектік жабдықтарды орнату үшін қалып түбі ретінде пайдаланылады.

Конвейердің қалыптау желісі бөлек операциялық орындарға бөлінеді,олар арнайыланған стационарлы жабдықтармен жарақталған.Конвейер қозғалысының сипаты пульсацияланатын конвейер ырғағы 20мин. Барлық операциялық орындарда тоқтау кезінде сәйкес операцияларорындалады(қалыптаналу, қалыптарды тазалау және май жағу, арматура жайғастыру, бетон қоспасын жайғастыру, шыдату, жылу әсеріне ұшырату және т.бонан соң конвейер бір қалыптың ұзындығына жылжиды, әрі қарай қайтадан тоқтау,қайтадан қозғалу және т.б. конвейерде қалыптауды аяқтаған соң қалып вагонеткалар булау камерасына көшеді, олар конвейерге параллель орналасқан.

Жылыту конвейерінде қалыптардағы бұйымдар өтекішкене жылдамдықпен қозғалады,бүкіл жолды 14сағат ішінде өтеді, ал осы кезең ішінде қажетті беріктікке қол жеткізеді.Булау аяқталған соң бұйым камераның қарамақарсы жағынан шығады, әрі қарай қалыптан өту орын алады және қалып вагонетка конвейерге беріледі.

Дайын өнімдер қоймасына бұйымдар өздігінен қозғалатын арбашада жеткізіледі.Бұйымдарды көпірлі крандармен жабдықталған және барып жету жолдары бар қоймада сақтайды.Тақталар жұмыстық жағдайда сақталады.Тақталар арасында қалыңдығы 30мм кем емес тік бұрышты қималы ағаш салымшалар қойылуы тиіс.Тақталардың төменгі қатарының астына салымшыларды тығыз мұқият тегістелген негіз бойынша қойылуы тиіс.Барлық жоғары орналасқан тақталардың салымшылары тігінен біреуі бірінің үстінде жинақтау ілмектерінің маңайында орналасуы қажет. Іргетас бұйымдары биіктігі 25м дейінгі салымшалы штабельдерге жиналады.Сақтау кезінде бұйымдар маркалары бойынша сұрыпталуы тиіс.Әрбір бұйымның бүйірлік қырында жуылмайтын бояумен түсірілуі тиіс жасаушы кәсіпорынның қысқаша атауы, панель маркасы,жасалу күні, ТББ мөрі, бұйым массасы көрсетіледі.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында жаңа термин сөздермен таныстыру және оларға түсінік беру, жүктемелердің түрлеріне тоқталу.



Термин сөздердің аудармалары

Қалып опалубка

Тасқын  поток

Тасығыш галерея

Толтырғыш заполнитель

Термин сөздерге түсініктеме

Қалып опалубка бетон қоспасына қажетті пішін беруге арналған арнайы жабдық.

Тасқын поток іргетас бұйымдарын өндірудің белгілі бір көлемін қамтамасыз ететін жұмыс.

Тасығыш галереябетон қоспасының толтырғыштарын жеткізіп беруші тасымалдағыш.

Толтырғыш заполнитель бетон қоспасының құраушылары.

V. Оқушылардың алған білімін бағалап, жаңа тақырыпты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақ-жауап арқылы оқушының өтілген тақырыптан түсінгенін қорытындылау.

V.Үй тапсырмасы

1) Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып темірбетон бұйымдары өндірісі туралы жазып келу



2) Ғаламтор желісінен ғимараттар мен үйлер құрастырылымдарының темірбетон бұйымдары жөніндегі материалдарға шолу жасау және жазып келу.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қ.А.Бисенов, С.С.Үдербаев, Г.С.Абиева. «Құрылыс материалдары», (оқу құралы), Алматы, «Ғылым», 2008ж.

  2. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары «Сенім», Тараз 2007 ж.

  3. Қ.А.Бисенов, Р.Ә.Нарманова, С.С.Үдербаев «Құрылыс материалдары мен бұйымдары» Алматы, «ИздатМаркет», 2007ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Микульский В.Г., Горчаков Г.И., Козлов В.В. и др. Строительные материалы.-М.: АСВ, 2004;

  2. Попов Л.Н., Попов Н.Л., Строительные материалы.- М.: Стройиздат, 2004;

  3. Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строительные материалы.-«Стройиздат», 1986ж.

  4. Ғаламтор желісі.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет