Білім беру: Ұғымды көзқарасты қалыптастыру. Темірбетон бұйымдарының өндірісі туралы жалпы түсінік. Ғылыми тілде белгілерді қолдана білу. Құрылыста қолданылатын темірбетон бұйымдарының дайындау әдістерін түсіндіру. Өз пәніне болашақ мамандығына деген ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылығын, қабілеттерін, жігерін, ынтасын, танымдық қабілеттерін дамыту. Темірбетон бұйымдары өндірісінің, оның технологиясын жетілдіру бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарына, шығармашылық ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін ояту. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу, адамгершілік рухани байлығын дамыту.