Сабақтың тақырыбы: Темірбетон бұйымдарының өндірісі Сабақтың мақсаты



бет2/10
Дата03.06.2020
өлшемі127,81 Kb.
#72219
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
000064f0-32db241e

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндірме- көрнекілік әдіс. баяндау, түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтаны қолдану арқылы электронды оқулық, презентация (слайд), бейнероликтер, оқу көрнеліктері.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі :

А) Оқытушының оқущылармен сәлемдесуі;

Ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

Б) Дәрісхананың тазалығына, сабаққа дайындығына назар аудару.


2. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушыларды топқа бөлу.



І-топ. Бетон

І І -топ. Темірбетон

І І І -топ. Арматура
Үй тапсырмасын сұрау:

Әр топқа өз аттары бойынша сұрақтар қою.

I-топ «Бетон» - Бетонның құрамын ата, анықтамаларын бер.

II-топ «Темірбетон» - Цемент туралы түсінік бер.


III-топ «Арматура» - Арматура дегеніміз не, оның түрлерін ата.
Оқушылар бетон коспасын дайындауды зертханалық жұмыс түрінде көрсету.

Үй тапсырмасын житон беру арқылы бағалау.

5 - «Қызыл түс»

4 - «Жасыл түс»

3 - «Сары түс»

Қызығушылығын ояту. (Видеофильм)



3. Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен, қаралатын сұрақтарымен таныстыру.

Сабақ жоспары:


А) Темірбетон туралы түсінік

Б) Құрама төмірбетон бұйымдарын өндірудің негізгі схемалары мен әдістері

В) Темірбетон бұйымдарының түрлері
Жаңа сабақтың жоспарына сәйкес мәтінді бөлшектерге бөліп үлестірмелі материал ретінде таратып беремін. Мәтінді үш бөлікке бөліп оқушылар бөлімдерді оқып, зерттеу барысында белсенді әрекеттер атқарады. Оқушылар мәтіннің бір бөлімін оқып болған соң, жекелей жұмыс жасап, сонан кейін жұптасып өз түсініктерімен туындаған ойларымен бөліседі. Олардың жаңа білімі мен өзіндік пікірлері осындай ой талқы нәтижесінде пайда болады. Әрбір топтан бір оқушы жауап беруін сұраймын, қалғандары толықтыруына болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет