Жаңа сабақтың тақырыбы: Темірбетон бұйымдарының өндірісі
І -топ
Темірбетон туралы түсінік
Бетон маркалары оның үлгілерін престе сығу арқылы анықталынады. Бетон маркаларының жоғарғы шегі - 60 МПа дейін. Бірақ бетонның созу күшіне беріктігі өте төмен: сығу кұшіне беріктігінен 10-17 рет аз; ұзындығы бір метр бетон 1- 2 мм-ге ғана созылады, яғни бетонның созылғыштығы өте төмен. Сондықтан кәдімгі бетон ию, осы арқылы созу күштері әсеріне тап болатын бұйымдар, конструкциялар жасау үшін әдетте қолданылмайды.
Болат керісінше, ию, созу күштеріне өте берік, Осыны ескере, бетонға болатты арматура түрінде ендіріп, екеуі бірге пайдаланылса, мүндай бұйымдардың, конструкцияларды түсетін түрлі күштерге кедергісі көпке артады, Темірбетонды әсіресе ию кернеуіне қарсы қолданылатын конструкцияларда, мысалы, этаждар арасына орнатылатын панельдер пайдаланған тиімді. Күш түскенде мұндай конструкцияда біріне-бірі қарсы сығу және созу кернеулері пайда болады: панельдің нейтрал осьтен жоғары бөлімі сығылады, ал төменгі бөлімі созылады. Сондықтан арматура этажаралық панельдің нейтрал осінен төменірек орнатылады.
Сонымен, бетон сығу күшіне қарсыласады, ал бетон созу күшіне бетоннан әлдеқайда артық кедергі көрсетеді. Бетон болатпен жақсы ұстасады және оны коррозиядан сақтайды: екеуінің температура әсерінен кеңею коэффициенті бірдей десе де болады. Бірак мұндай темірбетонда нейтрал осьтен төмен бөлімінде созу күшінің әсөрінен бетон шытшауы мүмкін, өйткені бетон созу күшіне болатпен салыстырғанда 5-6 рет аз қарсыласады. Бұған қарсы, яғни темірбетонда созу күштерінен бетон шытынамауы үшін оны алдын ала кернелген - деп аталатын арматурамен сығады (нығыздайды, кернейді)
Кернелген арматуралы темірбетон бұйымдарын жасау үшін көбінесе бір үшы бекітілген болат арматураны біраз созып» екінші үшын бекітеді де оның үстіне араласпасын салады (құяды). Бөтон қатайғаннан кейін арматура бекітілуден босатылады. Босатылған арматура өзінің бұрынғы созылмаған қалпына келуге тырысып қысқара-ды, ал оны қоршаған бетон сығылады, нығыздалынады, Осының салдарынан темірбетонды созу күштері кернегенде бетон шытынамайды.
Алдын ала кернелген арматуралы бетонда бетон мен арматураны бірігіп жұмыс істеуі жақсарады, конструкцияның ию күшіне кедергісі өседі,, бұйым жасауға қажетті арматура шығыны азаяды да, конструкцияның салмағы жеңілдейді.
Бетонды арматуралау темірбетон өндіру технологиясының алғашқы операцияларының бірі. Өйткені төмірбетон конструкцияларын жасау үшін алдымен бетон араласпасын қалыпта орнатылған арматура үстіне құяды салады. Арматура дара (жеке), торлы және қаңқа түрінде қолданылады. Оны сымнан не стерженен жасайды, Стерженьді арматурада пайдаланалатын болаттың кластары маркалары А-II-ден -VII-ге дейінгі аралықта. Класс белгісіндегі рим цифры өскен сайын болат стерженнің беріктігі жоғары –болады.
Арматуралық стерженьдер мөн сымдар қолдану алдында тазаланады, түзетіледі, конструкциялардың өлшеміне сай иіледі, көсіледі, қажет болса салқын кұйінде созылғыш беріктелінеді. Одан әрі жеке (дара) стерженьдерден, сымдардан темірбетон бұйымдардың өлшемдеріне сәйкес торлы немесе қаңқалы арматура кұрастырылады. Стерженьдердің. сымдардың қиылысқан және жалғасқан жерлері арнаулы машинамен немесе электр доғасымен* балқытып беріктіріледі. Қалыпқа арматура белгіленген жобаға сай орнатылады, Бетон араласпасының өтуіне кедергі болмау үшін тордағы және қаңқадағы стерженьдер ара-сының қашыктағы ірі толтырғыштың диаметрінен кем (кіші) болмауы керек,
Стержень және сым ауыспалы профильді көлденең қимасы екі өлшемді жіңішке, жуан болп ауысып тұрады және тегіс бетті (диаметрі біркелкі) етіп өндіріледі. Ауыспалы профильді стерженьнен сымнан істелінген арматуралардың бетонмен ұстасуы берік болады. Арматуралар жұмыстық негізгі) және монтаждық жәрдемші) депайырылады. Жұмыстық арматура конструкцияға түсетін созу күшіне кедергі көрсететін жөрге орнатылады. Монтаждың арматураға бұйымдарды көтергенде, орнатқанда және өзара беріктігінде қажет ілгектер және фиксаторлар (бекіткіштер) пісіру әдісімен бекітіледі.
ІІ -топ
Құрама төмірбетон бұйымдарын өндірудің негізгі схемалары мен әдістері
Темірбетон бұйымдар өндірісінің төхнологиясы мынандай кезек пен жұретін негізгі операциялардын түрады; бетон араласпасын және арматураны дайындау, арматураны қалыпқа орнату және оған бетон араласпасын салып (құйып) нығыздау, ыстық бумен өңдөу, бұйымдарды қалыптан босату, қалыптарды тазалау және майлау. Сыртқы қабырға панелі нығыздау операциясы кезіндө, қажетті жағдайда, жылу өткізбейтін қабатпен (материалмен) толықтырылады да беті декоративті өңделеді. Жоғарыда көрсетілген технологиялық операциялардың қандай жағдайда өткізілетініне байланысты құрама төмірбетон бұйымдары мынандай үш схема: 1) әр операцияны сәйкесінше постан постқа жылжитын қалыпта орындау. 2) барлық операцияларды бірінен соң бірін жерде жылжымайтын қалыпта орындау. 3) бұйымдарды лентада (қалыпсыз) үзіліссіз дірілдетіп прокаттау сығыздау) арқылы өндіріледі.
Бірінші схема бойынша бұйымдар конвейерде не ағымды агрегатты тізбекте жасалынады. Конвейер типтері аз бұйымдарды көп дана етіп өндіру үшін пайдаланылады. Бұл төхнология мүмкіншілігінше көп операцияларға постарға бөлінген, Мұнда конвейердің қажетті аспаптармен, машиналармен, т.б. жабдықталған әр постында бір ғана операция орындалады. Сондықтан болашақ темірбетон бұйымының өлшемдеріне сай қалып конвейердің әр постына тоқталып, операция біткен соң. келесі постқа жылжиды. Бірінші поста қалып тазаланады. екінші поста қалыпта арматура орнатылады, үшінші поста қалыпқа бетон араласпасы салынады. Келесі поста араласпа дірілдеткіштер (1- сурет) нығыздалынады, Конвейерді басқару пультінде әр поста операциялар орындалып болғанын көрсететін лампалар жағылғаннан соң оператор кнопкіні басып, бұкіл конвейерді бір ағымды, яғни әр постыдағы қалыпты келесі постқа. жылжытады.
Егер әр түрлі бұйымдар аз мөлшерде өндірілетін болса, онда ағымды-агрегатты технологияны қолданған тиімді. Бұл жағдайда технологиялық операциялар негізінде үзіліссіз, бірінен сон бірі орындалатын жұмыс постарында жүргізіледі. Мұның конвейерлік әдістен айырмашылығы - көйбір операциялар: арматураны орналастыру. бетон араласпасын салу (құю), оны нығыздау бір поста. мысалы центрифугада орындалуы мүмкін, ал қалып бір постан келесі посқа көпір кранмен, тельферамен* т.б. жеткізіледі; бұйымның (бетонның) қатаюын тездету келесі поста-мерзімді (оқтын -оқтын) жұмыс істейтін бу камерасында өткізіледі.
1 - сурет. Дірілдеткіш І-қалып 2-дірілдеткіш рама; 3-сөріппе; 4- білік; 5-дебаланс эксцентрик-айналу өсі өз цөнтрінен өтпейтін диск; 6-подшипник (біліктің тірегі); 7-ілінісу муфтасы; 8-электромотор.
Екінші схема бойынша темірбетон бұйымдары стендте не кассетада барлық технологиялық операцияларды бір жерде орындау арқылы өндіріледі. Стенд тәсілі бойынша қалып горизонтальді (көлденең), ал кассета әдісі бойынша - вертикальді (тік) орналасады. Бетон араласпасын нығыздау үшін қалыпқа орнатылатын немесе араласпаға батырылатын дірілдеткіштер қолданылады. ал тығыздалған қоспаны тез қатайту үшін қалыптардың "көйлегі" араласпасына ыстық бу өндіріледі» Бұйымдарды тік түрінде қалыптау аз орын алады бұл кассета әдісінің негізгі артықшылығы.
Үшінші схема бойынша төмір бетон бұйымдарын дірілдетіп прокаттау үшін толық автоматтайдырылған стан қолданылады (конструкциясы Н.Я.Козловтікі). Станда бетон қоспасы айналмалы біліктөр арасныда кысым мен дірілдің бір мөзгілде тигізетін әсерінен сағатына 25 м жылдамдықпен үзіліссіз жылжитын металдан жасалған лөнтада нығыздалынады. Стан өте өнімді сасатына 80 м2 дейін панельдер шығарады. Станда тек бір түрлі бұйым шығарылады: басқа түрлі бұйым өндіруге ауысу үшін станды қайта құру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |