Математика пәнін деңгейлік оқыту технологиясы арқылы оқыту
Әубәкірова Арайлым
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, arai_060594@mail.ru
Ғылыми жетекші: Оқпебаева Г.Ш.
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Оқушы білімі ұстаз еңбегінің өлшемі. Қазіргі заманың мұғалімі тек өз пәнінің білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгегі таныта, сыйлата алатын, рухани дүниесі бай зияткерлік деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек.
Жаңа технология (инновациялық технология) - бұл инновациялық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды амалдар мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» - деп жазады М.В.Волков. Басқа сөзбен айтқанда, білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін бөлім болып табылады.
«Жаңа технология» - әр түрлі пәннен оқушылардың саралап деңгейлеп, жұмыс істеу ерекшелігіне, әдістемелік тәжірибесіне шығармашылықпен қарауына, жаңашыл тәжірибелерін, жеке әдістемелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Олай болса, мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда окушыларды инновациялық технология үрдісінде оқыту мәселесі алға қойылған міндеттердің бірі болуы керек. Сондықтан қазіргі білім технологиясында жеке түлға ретінде мұғалімнің орны ерекше болғандықтан, әрбір мұғалім жаңа технологияны меңгеріп, оқу үрдісіне қолдануы қажет [1].
Болашақ педагогтар қазіргі заман технологияларының пайдалану принциптерін, әдіс-тәсілдерін жетік меңгеріп, келешекте өздері сабақтарында қолданса, шәкіртерін оқуға деген қызығушылығын артырып, оларды болашақта өз орындарын табар деген сенімдеміз.
Жалпы және жоғарғы білім беретін мекемелер түлектерінің қазіргі жедел әрі жеңіл интеграциялануын қамтамасыз ететін тетіктерді жасақтау — бүгінгі күннің кезек күттірмес талабы. Бұл талап — еңбек рыногы құрылымының өзгеруіне; жағымды типтегі коммуникация негізінде өмірлік қызмет салаларын, тәсілдерін тез өзгертуге бейім маман біліктілігіне қойылатын талаптардың күшеюіне; сондай-ақ жұмыс тандау мен оған орналасудағы жастардың өзіндік жауапкершіліктерінің артуына тығыз байланысты.
Демек, болашақ педагогтар болсын, орта немесе кәсіптік мектеп мұғалімдері болсын қазіргі заман педагогикалық технологияларының пайдалану қағидаларын, әдіс-тәсілдерін жетік білулері тиіс [2].
Инновациялық оқытудың ерекшеліктері
Инновациялық оқыту
Басқару ғылыми мен мәдени білімді пайдалану негізінде жүзеге асырылатын мақсатқа бағытталған жобалауды сапалы ұйымдастыратын оқыту процесі
Жеке тұлғаның болашақты мақсатты және мағыналы жоспарлай алуы және өзінің ойлағанын жүзеге асыруға даярлығын қамтитын мақсатқа бағытталған ұйымдастырылған әлеуметтік жағдаяттың процесі
Ерекшеліктері
Инновациялық оқыту – бұл жаңарған кезеңнің мәдени қоғамдық дамуының ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды әлеуметтік ұйымдастырудың тарихи жаңа түрі
Инновациялық оқыту шеңберінде жеке тұлғаны дамытуға кеңінен жағдай туады:
Жеке инициатива пайда болады;
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуна еркіндік беріледі;
Жеке шығармашылық үлес қосуға жол ашылады
Инновациялық оқыту оқытудың дәстүрлі түріне қарағанда парадигмал
Инновациялық оқыту құрылымында оқытудың дәстүрлі және инновациялы түрлері, репродуктивті және шығармашылық компоненттері арасындағы қарама-қайшылықтар жаңаша шешім табады
Оқытудың шығармашылық сипаты мен инновацияны жүзеге асырудың негізіне жас және аға буын, мұғалім мен оқушы арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастың жаңа типі жатады:
Жариялылық қарым-қатынас
Өзара көмек көрсету
Педагогикалық ынтымақтастық
Бірлескен шғармашылық іс-әрекет
Педагогика ғылымдарының докторы Ж.А.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазір экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады.
Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқытудың мақсаты – әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне байланысты оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп оқыту ерекшелігі:
-деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
-деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
-деңгейлеп-саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді [3].
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
Оқушының жеке тәрбиесінде негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
-жеке тұлға ерекшеліктеріне;
-психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшеліктеріне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);
-пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімі мен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек).
Деңгейлеп оқыту ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.
Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Математикалық есептерді шешу ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі – оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өзіндік жұмыстар, таратпа материал, тесттік және үй тапсырмалары түрінде беруге болады. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне аса назар аударылады.
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтануына мүмкіндік беруі тиіс;
Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Математика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Математикадан бұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінімен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары т.с.с.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.
Олар біздің ұлттық ерекшеліктерімізді ескеріп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдің тапсырмалары төмендегідей топтастырылады:
Танымдық-іздену (эвристикалық) түріндегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с. жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс-анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер.
Өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігінен шығару өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын шығару, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген теорема дәлелдеген заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығаруы.
Олимпиадалық есептер.
Берілген тақырыпқа өз бетінше реферат, баяндамалар дайындау.
Төртінші деңгей дарынды, іздемпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттының көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болады.
В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынды. Олар: оқушылық, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық.
Профессор Ж.А.Қараевтің «Педагогическая технология обучения» атты еңбегі оқытудың деңгейлік жүйесі туралы ой-пікірді тереңдете келіп, оқушылардың білімі мен білігін, танымы мен белсенділігін дамытатын бір тиімді әдістеме – әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесі екенін дәлелдеді [3].
Осы технологияны 7 сыныпта өткізген «Екі өрнектің квадратының айырмасы» тақырыбында қолдандым.
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадратының айырмасы
Сабақтың мақсаты: екі өрнектің квадраттарының айырмасын қысқаша көбейту формуласы көмегімен көбейткіштерге жіктей білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз бетімен танып білуін, шығармашылық белсенділігін жетілдіру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Оқу әдісі: Деңгейлеп-саралап оқыту.
Өзектілігі:
А. Білім негізі: тірек білімінің қажеттілігі және сабақты өтуге дайындық.
Ә. Қызығушылықты қалыптастыру әдісі: жаңа технология элементтерін пайдалану.
Б. Тексеру, бақылау түрі: оқушылардың деңгейлік тапсырмаларды орындау, бағалау арқылы, мониторинг арқылы.
Жаңа түсініктерді қалыптастырудағы әрекет түрі:
А. Жаңа түсінік: Екі өрнектің квадраттарының айырмасы.
Ә. Бұрын алған білімінің дамуы: Жаңа тақырып бойынша есептер шығару арқылы.
Б. Проблемалық сұрақтар арқылы: екі өрнектің квадраттарының айырмасы мен екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісінің ережелерін айту.
Сабақтың барысы:
1-кезең. Ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру.
2-кезең. Жаңа сабақты меңгерту алгоритмі.
Өткен материалдардағы ереже мен формулаларды еске түсіре отырып, жаңа сабақты түсіндіремін. Содан кейін математикалық диктант аламын.
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
1. Көпмүшені стандарт түрінде жаз:
|
1. Көмпүшені стандарт түрінде жаз:
|
2. Көбейткіштерге жікте:
|
2. Көбейткіштерге жікте:
|
3. Есептеңдер:
|
3. Есептеңдер:
|
4. Көбейтуді орында:
|
4. Көбейтуді орында:
|
3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
I деңгей (5 ұпай)
Көбейтуді орындаңдар:
А. ; B.
2. Көбейткіштерге жікте:
А. ; B.
II деңгей (10 ұпай)
Есептеңдер:
А. ; B.
Теңдеуді шешіңдер:
А. ; B.
Көбейткіштерге жіктеңдер:
А. ; B.
III деңгей (15 ұпай)
Көбейткіштерге жіктеңдер:
А. ; B.
Теңдеуді шешіңдер:
А. ; B.
Натурал n-нің әрбір мәнінде: мәні 8-ге бөлінетінін дәлелде.
Оқушы түсінігін тексеру: оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойып, есептер шығарту.
Уйге тапсырма: №372, 374, 380
Сабақты қорытындылау: Екі өрнектің квадраттарының айырмасы туралы ой қозғау.
Қорыта айтқанда деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі мынада:
Өтілген материалды толық меңгереді, өйткені сабақ сайын қайталанып, пысықталынып отырады.
Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген тапсырмалар толығымен орындалады.
Оқушы өзін-өзі тексереді, өзінің жіберген қателіктерін біліп отырады.
Талдау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Талдаудың барлық түрінде сабақ сайын қайталап отырады.
Білім сапасы әр сабақ сайын тексеріліп отырады, алған білімдерінің нәтижесі айқын көрініп тұрады.
Ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар орындайды.
Техникалық құралдарды жиі пайдаланады (Компьютер, интерактивті тақта). Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын» тиімді пайдалануда оқушының білімге деген құштарлығы, ынтасы артқанын, еркін сауатты сөйлеуге, өз ойын жинақтап ашық айтуға немесе дәлелдеуге, ұсыныс, пікір білдіруге, ой қорытуға дағдыланатынына көзіміз жетті. Сабақтарда тиімді технологияларды пайдаланып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді үздіксіз қолданған жөн. Шәкірттердің білімін шыңдау, қабілетті, дарынды тұлға дайындау-біздің алдағы жауапкершілікті міндетіміздің бірі болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер
А.А.Құрманбаев Оқыту үрдісіндегі инновациялық технологияларды пайдалану Талдықорған-2012 3 бет
К.Ж.Бұзаубақова Білім берудегі инновациялық технологиялар Тараз-2014.
Қараев Ж.А. Педагогическая технология дифференцированного обучения Алматы-1999 17-19 бет
http://u-s.kz/publ/3173-degeylep-oytu-tehnologiyasy.html
Достарыңызбен бөлісу: |