Сабақ Тақырыбы: Оригами техникасымен танысу



Дата22.08.2017
өлшемі188,74 Kb.
#23878
түріСабақ
Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Балалар мен жапөспірімдер орталығы

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Тақырыбы:


Оригами техникасымен танысу.

Оригами техникасымен

гүлдерді безендіру.



«Сәндік қолданбалы қолөнер»

үйірмесінің мұғалімі: Ережепбаева Г.Ә.







Оригами техникасымен танысу.

Оригами техникасымен

гүлдерді безендіру.


Сағатың тақырыбы: Оригами техникасымен.

гүл жасау. Қағаздан гүл түрлерін жасау



Сабақ мақсаты:
Білімділік.


оқушыларға қағаздан гүл түрлерін жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық:


Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардың алған білімдерін өмірде өз бетінше қолдана білуін қадағалау және шығармашылық іскерліктерін арттыру
Тәрбиелік:


оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ


Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, жаңа техникамен жұмыс,
Сөздік жұмыс: оригами, киригами, кусудама




Сабақ көрнекілігі:

әр түрлі техникамен жасалған гүлдер (квиллинг, оригами), плакат, сұрақ жасырылған жапырақтар, слайдтар, кітапшалар, буклеттер, технологиялық карталар.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, өшіргіш, т. б
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, технология, өсімдіктану, т. б

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі
1. оқушыларды түгендеу
2. сынып тазалығына назар аудару
3. қауіпсіздік ережелерін қайталау

ІІ. Өткен сабақты пысықтау


Өткен сабақты «сарғайған күзгі жапырақтарды себетке жинау арқылы» пысықтайық. Ол үшін жапырақшаларға жасырылған сұрақтарға жауап берейік.
1. Оригами дегеніміз не?
Қағазды бүктеу арқылы бұйымдар жасауды оригами дейді
2. Квиллинг дегеніміз не?
Квиллинг қағазды ширату арқылы бұйымдар жасау
3. Дизайн дегеніміз не?
Дизайн дегеніміз кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты ойластырып, заман талабына сай жасау деген сөз.
4. Қағаздың отаны қай ел?
Қытай
5. Қай ғасырда пайда болды?
ҮІІ ғ
6. Апликация деген не?
Жапсыру арқылы орындалған жұмыстар
Енді жаңа сабаққа көшейік

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсаты:





Оқушыларға қағаздан гүл түрлерін жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
ІҮ Жаңа сабақ:

Дала гүлімен қадірлі,
Әйел ұлымен қадірлі.
Қыз халықтың гүлі,
Өлең сауықтың гүлі
Ата-бабамыз темірден түйін түйіп, жаңқаға жан бітірсе, шығыс Азия халқы қарапайым қағазды қалай пайдалану керектігін жақсы біледі, оның қыры мен сырын да жеткілікті меңгерген. Қағаз жайында, қағаздың кереметі жайында сөз қозғағанда, оның Еуропа жұртшылығына да жат дүние еместігін айта кеткен жөн. Өйткені қағаздың отаны саналатын Қытай – Азия елдерімен қатар алыста жатқан еуропалықтар да қарапайым қағазды қолөнерде таптырмас материал ретінде кеңінен қолданады.

Қытайлық азамат Цай Лунь қағазды ойлап тапқанда қандай үлкен жаңалық ашқанын, бәлкім, білмеген де болар?! Ол алғаш ағаштың ішкі бетінен алынған жаңқаны жұқалап, түрлі бейнелер салуға пайдаланыпты. Осылайша, қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды. Ал оның пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады.

VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп, қағаз жасау құпиясын ашады. Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының пілләсінен алса, бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырып, бамбук сабақтары, ағаш қабығы, кендір, шүберектен қағаз алу технологиясы қолға алынды. Ал жүз жыл өткенде жапондықтар өздерінің қағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан да асып түсті. Уақыт өте келе қағаз Азия елдерінен соң арабтарға, Батыс елдеріне жеткен.

Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі.

Қолөнердің квиллинг, киригами, оригами, скрапбукинг (ағыл. scrapbooking – «құрақкітап»), папье-маше (фр. papier mâché – шайналған қағаз), аппликация (лат. аpplication – жалғау, жабыстыру) сияқты және тағы басқа түрлері дәл осы қағазға байланысты. Демек мұнда пайдаланылатын негізгі материал – қарапайым қағаз.

Қағаздың қыр-сырын қанық білетіндердің қатары – қолөнердің квиллинг деген түрімен айналысатындар. Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды. Шиыршықталған қағаздан әдемі гүлдерден бастап, сан түрлі ою-өрнекті ғажап дүниелерді жасауға болады. Тек қиялыңызға ерік беріп, жаныңызға жақынды тани алсаңыз болғаны.

Біреулер шиыршықталған қағаздан алуан түрлі бұйымдар жасау орта ғасырларда Еуропа елдерінде дамыған десе, енді біреулер оны Таяу Шығыстан бастау алған дегенді алға тартады. Сондай-ақ бұл өнердің шыққан жері – Ежелгі Египет дейтіндер де кездеседі. Дегенмен, бұл айтылғандарға қарамастан, квиллингтің отаны негізінен Оңтүстік Корея саналады. Бүгінде бұл елде қағаздан түрлі бұйымдар жасаушылардың үлкен Ассоциациясы да жұмыс істейді.
Сондай-ақ шиыршықталған қағаздан жасалған әдемі гүлдер мен түрлі өрнектерді суреттер мен фото альбомдарды сәндеуге кеңінен қолданады.



Ү Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.



Гүл түрлерін мынадай материалдардан жасауға болады.
1. Түрлі түсті қағаздардан
2. Мата, былғары, жіптерден
3. Табиғи материалдар яғни кепкен өсімдіктер мен дәнді дақылдардан
1. «Гүл» туралы мақал-мәтелдер:
Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі

Таулы жердің суы әдемі,


Жарық жердің гүлі әдемі

Әр атаның өз ұлы бар,


Әр бұтаның өз гүлі бар.

Әр гүлдің исі басқа,


Әр жердің жынысы басқа.

Бір гүл толып ашылады,


Бір гүл солып ашылады.

Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.

Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.

Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.

Гүл қайда болса көбелек сонда.

Гүл өмір қызығы.

Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі.

Гүл сабағымен қадірлі,


Ас табағымен қадірлі.

Гүлсіз болса жер мұңды,


Күлкісіз болса ел мұңды.

Гүл табылады, мал сатылады.

Гүлші бір гүл өсіргенше жүз тікеннің уын жұтады.

Дала көркі — гүл,


Ана көркі — ұл.

Сарамандық жұмыстар.



Жұмысқа қойылатын талаптар:
1. жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау

2. жұмысты технологиялық нұсқау картаны көмегімен орындау.


Технологиялық нұсқау көмегімен жұмысты орындау.
1. Қағазды бүктеу арқылы, яғни оригами техникасы бойынша «қызғалдақ» гүлін құрастырамыз.
Гүл
1. Түрлі – түсті қағаздарды шаршы пішінді етіп қиып аламыз.
2. 2. Қағазды диагональ бойымен бүктейміз.

3. Үшбұрышты қағаздың төбесіне қарай екі бүйір қабырғаларын бүктейміз. Содан кейін бүктелген бөлігін қайта кері бүктейміз.


4. Бүктелген буынның арасын ашып, суреттегідей қалыпқа келтіреміз.
5. Қағаздың кіші ұшын ішке қайырып, қайта бүктеуіміз керек.
6. Ендігі де бүктелген бөліктерді желімдеп, қосамыз.
7. Осы бөліктерді бір – бірімен желімдеп, әдемі гүл шығарамыз. Жұмыс аяқталды.

Сергіту сәті


Қолымызды жаяйық,
Әдемі гүлге ұқсайық
Бір жабылып, ашылып,
Орнымызға қонайық.
2. Қағазды жіңішке етіп қиып орау арқылы яғни квиллинг техникасы бойынша «гүл» жасаймыз.

3. «Адасқан әріптер» Ретсіз орналасқан әріптерден термин, мағыналы сөз құрау


Оригами -------------- имирога
Дизайн ------------------ йаздин
Флористика ----- фаткалроис
Апликация -------- аялкипаца
Коллаж ----------------- олжакл


Дала гүлімен қадірлі,
Әйел ұлымен қадірлі.
Қыз халықтың гүлі,
Өлең сауықтың гүлі
квиллинг ------------ нигклвли

ҮІ Қорытынды.



Гүлдерді толық аяқтап, шеңбер құрып бір-бірімізге жақсы сөздер айтып гүлдерді сыйлаймыз

ҮІІ Үйге тапсырма.Жұмысты жалғастыру.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет