Машина жасау. Өңдеу секторының құрылымындағы мейлінше жоғары үлес салмақты 2013 жылы машина жасау саласы алады. Машина жасау өнімінің өндірістің облыстық көлеміндегі үлесі – 0,8%, өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі үлесі 24,1% құрайды (2012 жылы – 24,9%, 2011 жылы – 25,3%).
Саладағы нақты көлем индексі 2013 жылы – 116,7% (2012 жылы – 77,9%, 2011 жылы – 124,8%), өнім өндіру көлемі – 17,0 млрд. теңгені құрады (2012 жылы – 17,7 млрд. теңге, 2011 жылы – 20,7 млрд. теңге). Саланың НКИ 2014 жылдың 10 айында – 121,1%, өнім өндіру көлемі – 18,7 млрд. теңгені құрады.
Өңірдің машина жасау саласының негізгі кәсіпорындары - «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «GMMOC Қазақстан» ЖШС, «Sewon-Vertex Heavy Industru» АҚ.
Машина жасау кәсіпорындары мұнай-газ саласына бағытталған жол жылытқыштарды, НБ - 125 маркалы сорғыларын, оларға және шағын құрал-жабдықтарға арналған әртүрлі қосалқы бөлшектер шығарады, оларды жөндеу бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ жоғары технологиялық мұнай-газ жабдықтарын өндіреді.
Сондай-ақ, бүгінге Маңғыстау облысының аумағында Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыс жасайтын флотты жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз ететін екі кеме жөндеу зауыты: салмағы 400 тоннадан аспайтын кемлерді жөндеуге арналған қуаттылықтары бар «Сага-Аташ» ЖШС және ИИДМБ аясында құрылған, қуаттылықтары салмағы 600 тоннадан аспайтын кемелерді жөндеуге арналған «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС жұмыс істейді. Сондай-ақ, метал конструкцияларды шығаратын «Кеппел Қазақстан» ЖШС, «Ерсай» ЖШС, теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезінде қажетті баржалар мен метал конструкцияларды шығаратын «KCOI» комапниялары бар.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында өңірдегі машина жасау саласында мына жобалар іске асырылды.
1. Баутин ауылындағы «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС. Жобаның сметалық құны – 2250 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы: жылына 60-70 кемені жөндеу. Объект 2010 жылдың 1-жартыжылдығында пайдалануға берілді. Қабылдау жөніндегі Мемлекеттік комиссия актісі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 24.06.2010 жылғы №129 шешімімен бектілді. Қашаған кен орнының 2-фазасын іске асыру мерзімдерінің ауыстырылуына байланысты, кемелерді жөндеуге арналған тапсырыстар көлемінің төмендеуі байқалады.
2. «ГММОС Қазақстан» ЖШС-нің мұнай-газ жабдығын дайындайтын зауыты. Жобаның сметалық құны – 900 млн. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны – 300, объект 2010 жылдың 1-жартыжылдығында пайдалануға берілді. Қабылдау жөніндегі Мемлекеттік комиссия актісі Ақтау қаласы әкімінің 21.06.2010 жылғы № 144 шешімімен бекітілді.
3. «РИГ» ЖШС-нің «Электр техникалық жабдық өндіретін зауыты», жоба 2011 жылы іске асырылды. Өндіру көлемі 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 267,9 млн. теңгені, нақты мәнінде түрлі электр техникалық жабдықтың 263 жинақтамасы мен 945 данасын, өндірістік қуаттылықтарды жүктеу пайызы 2013 жылдың жоспарланған көлемінен 15%, жұмысшылар саны 125 адамды құрады. Кәсіпорын қуаттылықтарының толық жүктелмеуінің себебі – тапсырыстардың жеткіліксіз көлемі.
4. Кемелерді жөндейтін, жаңғыртатын және қайта жарақтайтын «Сага Аташ» ЖШС, өңірлік Индустрияландыру картасының аясында «Маңғыстау облысындағы жұмыс істеп тұрған кеме жөндеу кәсіпорнын дамыту және жаңғырту» жобасын іске асыруда. Жобаның сметалық құны 2,6 миллиардтан астам теңгені құрайды, 180 тұрақты жұмыс орны құрылмақ, жобалық қуаттылығы – орташа алғанда жылына 96 кемені жөндеу және жаңғырту.
«Маңғыстау облысындағы жұмыс істеп тұрған кеме жөндеу кәсіпорнын дамыту және жаңғырту» жобасы су түбін тереңдету және гидротехникалық жұмыстарды қоса алғанда, жүк көтерімділігі 8500 тонналық жүзбелі докты сатып алуды және «Жүк көтерімділігі 8500 тонналық жүзбелі докты орнату» жобасын іске асыруды қамтиды.
Кәсіпорын «Өнімділік – 2020» бағдарламасының қатысушысы болып табылады, Бағдарлама аясында жобаның Кешенді жоспарын әзірлеуге арналған шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қолдау алды. «Өнімділік – 2020» бағдарламасы бойынша доктың құрылысын қаржыландыру үшін, «Сага Аташ» ЖШС «ҚДБ-Лизинг» АҚ-на өтініш білдіріп, мақұлдау алды. «ҚДБ-Лизинг» АҚ Кредит Комитетінің 2014 жылғы 11 наурыздағы шешімімен «Паллада» Херсон мемлекеттік зауытымен жүк көтерімділігі 8500 тонналық жүзбелі докты салу және жеткізу жөніндегі лизингтік мәміле жүргізу мақұлданды.
Достарыңызбен бөлісу: |