Металлургия. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында Маңғыстау облысында өңір үшін жаңа өнеркәсіп саласын қалыптастырған «CaspianStal» ЖШС мен «Ақтау құйма зауыты» ЖШС («АҚЗ» ЖШС) екі металлургия зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылды. Зауыттар пайдаланатын негізгі шикізат – өнеркәсіптің химия, мұнай-газ, құрылыс, газ өңдеу және өзге де салаларындағы тозған құрал-жабдықтарды, сондай-ақ құбырлар мен өзге де металл бұйымдарды есептен шығару есебінен пайда болған металл сынықтары. Барлық металлургия өнімдері экспортқа шығарылады.
Металлургиядағы өнім өндіру көлемі 2013 жылы 4,9 млрд. теңгені қүрады (2012 жылы – 5,2 млрд. теңге, 2011 жылы – 6,3 млрд. теңге).
Өнімнің нақты көлем индексі – 49,7% (2012 жылы – 77,2%, 2011 жылы – 134,7%). 2012 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендеуі «Ақтау болат құю зауытының» ЖШС-нің қаржылық қиыншылықтарына (айналым қаражатының болмауы, жыл басынан тек құю цехы жұмыс жасады, жаймалау цехы өнім шығаруды 2013 жылғы наурызда бастады).
Саланың НКИ 2014 жылдың 10 айында 125%, өнім өндіру көлемі – 2,9 млрд. теңгені құрады.
«АҚЗ» ЖШС-нің негізгі қызмет түрі – болат дайындамалар өндіру мен жаймалау өндірісі. Кәсіпорын болат дайындамалар, арматура, сортты илек өндіреді. Ксәіпорын өнімі ішкі рыногқа, әрі экспортқа шығарылады.
«АҚЗ» ЖШС кәсіпорны 2008 жылы 2006 жылы басталған әр түрлі пішіндегі металл профиль шығару бойынша зауыттың екінші кезегінің құрылысын аяқтады. Кәсіпорын 2012 жылы арматура өнімдерін шығарып бастады.
«АҚЗ» ЖШС-нің жобалық қуаттылығы: қуаттылығы 180 000 тонна болат дайындамалар болатын болат құю зауыты (қуаттылық 2012 жылдың басында үш есе арттырылды) мен қуаттылығы 400 000 мың тонна болатын жаймалау зауыты (арматура, бұрыштар, швеллерлер, екі басты арқалық).
Сондай-ақ, кәсіпорын қуаттылығы жылына 600 мың тонна дайындама болатын электрмен болат балқыту кешенін салу жобасын іске асыруда. Жобаның құны – 24 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орны – 660 адам.
«АҚЗ» ЖШС Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасының қатысушысы болып табылады және 2013 жылдың соңынан бері қаржылай қолдау алуда. Облыс әкімдігінің жәрдемдесуімен өңірдің ірі мұнай-газ өндіруші компанияларымен («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ойл Сервис Компани» ЖШС және т.б.) металл сынығын жеткізуге арналған келісімшарттар жасасылды.
ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов бекіткен 2014 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 20-19/07-376 іс-шаралар жоспарына (161-тармақ) сәйкес, облыс әкімдігі, ҚР ИДМ, «Бәйтерек» ҰБХ және «ҚДБ» АҚ, «қаржыландыруға арналған өтінімді қарауды және «Бәйтерек» ҰБХ мен «ҚДБ» АҚ-нан АҚЗ» ЖШС үшін кредит бөлуді жеделдету бойынша жұмыс жүргізуде. Жоғарыда көрсетілген қаржы институттары «АҚЗ» ЖШС басшылығымен, оның ішінде зауытқа бару арқылы бірқатар кездесулер өткізді. Бүгінге «АҚЗ» ЖШС бастапқы іріктеуді жүргізу үшін қажетті құжаттар пакетін ҚДБ-не ұсынып, техникалық аудит жүргізу үшін қара металлургияға маманданған, ҚДБ-де аккредиттелген компаниялар қызметтерінің ақысын төледі. Техникалық аудит жүргізіліп, аудит нәтижелері жөніндегі қорытынды келісу сатысында.
Қазіргі кезде «АҚЗ» ЖШС «Kaznex Invest» АҚ-ның өзара іс-қимыл жасасу арқылы Иран мен Түрікменстанның кәсіпорындарымен 70 млн. АҚШ долларынан асатын сомаға бірқатар экспорттық келісмшарттар жасасуда. Экспорттау алдындағы қаржыландыру «ҚДБ» АҚ-нан алынады, экспорттаушы кредитінің сақтандырушысы «ҚазЭкспортГарант» АҚ болып табылады. Сонымен бірге, айналым қаражаты 2015 жылдың басында алынатын болғандықтан, кәсіпорынды жүктеу 2014 жылдың соңында 15%-дан аспайды.
Кәсіпорын ішкі рыногта «Стальной двор Астана», «УралМеталлИнвест» компанияларымен қызмет істейді, арматура жеткізу жолға қойылған.
«АҚЗ» ЖШС, Маңғыстау облысының әкімдігі және өңірдің ірі мұнай компаниялары («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маерск Ойл Казахстан Гмбх» компаниясы) арасында 2014 жылы меморандум жасасылды, оның мақсаты кәсіпорынды толық жүктеу болып табылады.
Әкімшілік-басқарушылық кедергілерге (құрылтайшылардың ауысуы) және айналым қаражатының болмауына байланысты, «CaspianStal» ЖШС кәсіпорны 2011 жылдың аяғынан бері тоқтап тұр.
Ақтау қаласы әкімінің 2007 жылғы 14 маусымдағы №2 шешімімен «Мұнай сұрыпталымдағы құбырларды шығару бойынша зауыты» («Арселор Миттал Ақтау» АҚ) құрылыс объектісін пайдалануға енгізу туралы мемлекеттік комиссияның актісі бекітілді. Инвестициялық жобаның іске асырылуы 2004 жылы «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында басталды. Жобалық қуаттылығы жылына 60,0 мың тонна болат құбыр және инвестициялар көлемі 32,8 млн. АҚШ доллары болатын зауыт API, DIN,BBS, ASTM, AWWA, IS стандарттарына және басқа халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, жоғары және төмен қысымды мұнай сұрыпталымдағы шиыршық жікті құбырларды шығарады. Жасау барысында қазіргі заманғы лазерлік визуалдық бақылау жүйелері пайдаланылып, ультрадыбысты және радиографиялық пісіру қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |