Шағын, орта бизнес бойынша SWOT-талдау: Тұтастай алғанда, облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуді көтеруге және кедейлік деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Алайда, әзірге облыстың шағын кәсіпкерлігінің әлсіз әртараптандырылғанын, инновациялық белсенділігі төмен инертті болып қалып отырғанын мойындау керек. Бұл – экономика құрылымында мұнай секторының басым болуына байланысты (90%-дан астам).
Мықты тұстары: шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлік субъектілер, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының, шағын және орта бизнес өндіретін өнім көлемінің сандық тұрғыда артуы;
шағын кәсіпкерлікті дамытатын рыногтық инфрақұрылымның болуы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, МКҰ, кәсіпкерлер ассосациялары, ағымдағы жылы облыстың барлық қалалары мен аудандарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен бизнес-инкубаторлар ашылды.