Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы


Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету



бет34/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   144
Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Азық-түлік рыногындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ауыл шаруашылығы облыстарынан негізгі азық-түлік өнімдерін сатып алу, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ бағдарламасы бойынша азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру, оларды «Каспий-Берекет» ЖШС-нің сауда нүктелері арқылы рыног бағасынан 15-20% төмен бағамен сату, жергілікті ауыл шаруашығы өнімдері мен тауарларын өндірушілердің жәрмеңкелерін өткізу практикасы қолданылуда.
Жергілікті тауар өндірушілер 2013 жылы 10288,3 тонна ұн, 263 тонна макарон өнімдерін, 4039,9 тонна сиыр сүтін, 642,4 мың дана жұмыртқа мен тірі салмақта 5538 тонна мал мен құс етін өндіріп, халыққа өткізді. Облыс халқын жергілікті жерде өндірілген етпен қамтамасыз ету деңгейі 33,8%, сүтпен қамтамасыз ету 24,3% құрайды.
Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен реттелетін қызметтерге арналған тарифтерге бағалардың өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жалғасуда.
Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджеттен 2014 жылы 300,0 млн. теңге бөлінді.
Осы соманың шеңберінде «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ ҚР-ның ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерімен 155,7 млн. теңге жалпы сомасына, дәлірек айтқанда:
- «Бейнеу астық терминалы» ЖШС-мен 81523,584 мың теңге сомасына 1728 тонна көлемінде 1 сұрыпты ұн;
- «Цесна-Мак» ЖШС-мен 32 256,0 мың теңге сомасына 288 тонна көлемінде макарон өнімдерін;
- Орта Азия қант корпорациясымен 44 336,0 мың теңге сомасына 272 тонна көлемінде «Ақ қант – құмшекер»;
- ЕвразияФудсКорпорейшен» АҚ-мен 3 961,0 мың теңге сомасына бір литрге 233 теңге бағамен 17 000 литр көлемінде «Күнбағыс майын»,
- «Феликс» ШҚ-мен 19 625 мың теңге сомасына көлемінде көкөністер ассортиментін (асханалық сәбіз, асханалық қызылша, басты пияз) тікелей жеткізу шарттарын жасасты.
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ ірі сауда және логистика компанияларын тарту арқылы, өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысын жетілдіру мәселесін қарауда. Ол үшін, азық-түлік тауарларын өткізуде және сақтауда жұмыс тәжірибесі бар Metro, Green, TG Trade сияқты компаниялармен және өзге компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет