Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



бет92/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   144
2.2.3.3. Құрылыс
Маңғыстау облысында 2013 жылы 593 құрылыс ұйымы өз қызметін жүзеге асырды (2011 жылы – 402, 2012 жылы – 765). Орындалған мердігерлік құрылыс жұмыстарының көлемі 2013 жылы 154,3 млрд. теңгені құрады, бұл 201 жылдың деңгейінен 1,1 есе асып түседі.
Облыстың барлық аудандарында құрылыс жұмыстары белсенді дамуда, Бейнеу ауданына 2012 жылы мердігерлік жұмыстардың барлық көлемінің 8,9%-ы келеді, 2013 жылы да Бейнеу ауданының үлесі 27,2% құрады. Облыстың аудандарынан мпйлінше жоғары үлес 2013 жылы Ақтау қаласында – 18,8%, Маңғыстау ауданында – 15,8% құрады. Жаңаөзен қаласында мердігірлік жұмыстардың барлық көлеміндегі үлес 13,2% құрады.
Негізгі беталыс ретінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерді атауға болады. Жеке тұрғын үй салушылар негізгі рөл ойнай бастады, егер 2012 жылы олардың үлесіне 81,4% келсе (2011 жылы – 85,9%), 2013 жылы жеке тұрғын үй салушылардың үлесі 92,4% құрады. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру 2013 жылы 1544,2 млн. теңгені немесе тұрғын үйге салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 7%-ын құрады (2011 жылы – 1716,8 млн. теңге немесе 5,5%, 2012 жылы – 4424,6 млн. теңге немесе 18,2%).
Тұтастай алғанда, 2013 жылы жалпы ауданы 532735 мың шаршы метр болатын 3209 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға аз. Аудандар мен қалалар бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру үлесі2013 жылы: Ақтау қаласында – 24,8%, Жаңаөзен қаласында – 16,2%, Бейнеу ауданында – 11,5%, Қарақия ауданында – 7,7%, Маңғыстау ауданында – 7,1%, Мұнайлы ауданында – 27,7%, Түпқараған ауданында – 5,1% құрады.
Салынған тұрғын үй көлемінің мейлінше артуы Мүнайлы ауданында байқалады.
Облыста салынған тұрғын үйлердің жалпы ауданының көлемінде Мұнайлы ауданы (27,7%), Ақтау қаласы (24,8%) және Жаңаөзен қаласы (16,2%) мейлінше жоғары үлес салмақты алады.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджеттен кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй салу (жалдамалы тұрғын үй) бағытына 1 млрд. 50 млн. теңге бөлінді. Облыстың барлық аудандарында 31 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.
Жас отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үй бағыты бойынша Ақтау қаласында жалпы ауданы 12,5 мың шаршы метр болатын 100 пәтерлік тұрғын үй және 40 пәтерлік бес тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бұдан басқа, Ақтау қаласында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған 120 пәтерлік ведомстволық тұрғын үй пайдалануға берілді.
Өткен жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласындағы үлескерлік құрылыстың екі проблемалық объектісінің құрылысын қайта жалғастыруға 80 млн. теңге сомасына қаржылай көмек көрсетілді («ДАВ-2» ЖШС-нің 17 шағын аудандағы және «РАП-Құрылыс» ЖШС-нің 12 шағын аудандағы кеңселік орынжайлары бар көп пәтерлік тұрғын үйлері). Жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін 2014 жылы кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салуға – 500 млн. теңге, жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 200 млн. теңге, кредиттік тұрғын үй салуға – 4290 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға – 2786,1млн. теңге бөлінді.
Кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салу аясында: Форт-Шевченко қаласында 48 пәтерлік тұрғын үйдің, Бейнеу ауылында 4 пәтерлік алты тұрғын үйдің, Шетпе ауылында 4 пәтерлік сегіз тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында жайлылығы ІV-сыныпты 120 пәтерлік 5 қабатты үш тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Жас отбасылар үшін, Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу бағыты бойынша, Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 60 пәтерлік төрт және 40 пәтерлік төрт тұрғын үйдің, Ақтау қаласының 33 шағын ауданында көп қабатты көп пәтерлік тұрғын үйлердің және қалалық маңызы бар объектілердің құрылыстары жүргізілуде. Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында жайлылығы ІІІ-сыныпты 120 пәтерлік 5 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы көздестірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет