2016 жылдың 1 қазанына



Дата31.01.2018
өлшемі168,62 Kb.
#37139

2016 жылдың 1 қазанына


Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы

АҚПАРАТ
Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы.

2016 жылдың 1 қазанына қала бюджетіне 731628,4 мың теңге меншік кірістер түсті немесе 110,4%, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 117426,9 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен субвенциялар, нысаналы трансферттер352746,0 мың теңгені құрады.

Толықтай 2016 жылдың 1 қазанына анықталған жоспардың үстінен 69146,2 мың теңге түсті.

Толықтай қала бюджеті бойынша бекітілген жоспарлардың орындалуы кіріс көздерінің 18 түрлері бойынша жеткізілген. Кіріс көздерінің 6 түрлері бойынша жоспарлар орындалмаған.

101201 «Төлем көздеріне салынатын, табыстардан жеке табыс салығы» коды бойынша жоспар үстінен 37599,2 мың теңге түсті, «Компания Балапан Көлігі» ЖШС бір реттік төлемі 35000,0 мың теңге сомасында, құрылтайшылардың дивидендтерінен, аванстық төлемдер;

101202 «Салық салынбайтын төлем көздерінен, табыстарынан жеке табыс салығы» коды бойынша жоспар үстінен 4496,5 мың теңге түсті. ЖК түскен түсімдердің ұлғаюы салық салынатын табыстардың ұлғаюына байланысты;

103101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша жоспар үстінен 22701,3 мың теңге түсті, аванстық төлемдер;

104101 «Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүліктеріне салық» коды бойынша 27,2 мың теңге сомасына жоспар үсті тағайындалулар түсті, жаңа заңды тұлғаларды тіркеу;

104102 «Заңды тұлғалардың мүліктеріне салық » коды бойынша 169,8 мың теңге сомасына жоспар үсті тағайындалулар түсті, салық төлеушілердің ұлғаюы;

104302 «Елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан жер салығы» коды бойынша 1828,2 мың теңге сомасына жоспар үсті тағайындалулар түсті, салық төлеушілердің ұлғаюы;

104309 «Елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан жер салығын қоспағанда, жер салығы» коды бойынша 1816,0 мың теңге сомасына жоспар үсті тағайындалулар түсті, жер учаскелерін ресімдеуге байланысты;

104401 «Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салық» коды бойынша төлеушілердің ұлаюына байланысты жоспар үстінен 458,2 мың теңге түсті, салық төлеушілердің ұлаюы;

105402 «Қызметтің кейбір түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым» коды бойынша жоспар үстінен 951,6 мың теңге түсті, салық төлеушілердің санының ұлғаюына байланысты;

105 425 «Елді мекендердегі және жалпы пайдаланатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының айыру жолағында сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға төлем» коды бойынша жоспар үстінен 82,4 мың теңге түсті, салық төлеушілердің санының ұлғаюына байланысты;

105429 «Жергілікті бюджетке төленетін тіркелгені үшін алым» коды бойынша жоспар үстінен 310,2 мың теңге түсті, салық төлеушілердің санының ұлғаюына байланысты;

108126 «Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж» коды бойынша салық төлеушілердің санының ұлғаюына байланысты 538,6 мың теңге сомасына жоспар үсті тағайындалулар түсті;

201509 «Коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер» коды бойынша жоспар үстінен 905,5 мың теңге түсті, өткен жылдың төлемдері;

201706 «Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша» коды бойынша жоспар үстінен 2268,5 мың теңге түсті, «Ертіс» ӘКК ӨК АҚ бір реттік төлем;

201 910 «Коммуналдық меншігіне жататын жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы» коды бойынша жоспар үстінен 51,8 мың теңге түсті, аванстық төлемдер;

206109 «Жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер» коды бойынша жоспар үстінен 1067,9,1 мың теңге түсті, тексеру актілері бойынша бір реттік төлемдер;

104501 «Бірығай жер салығы» коды бойынша 46,8 мың теңге сомасына жоспарлық тағайындалулардан аз түсті, төлеушілер санының азаюына байланысты;

105315 «Жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем» коды бойынша жоспар үстінен 46,8 мың теңге түсті, салық төлеушілердің санының ұлғаюына байланысты;

201508 «Коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер» коды бойынша 354,1 мың теңге сомасына жоспарлық тағайындалулардан аз түсті, жалға берілетін коммуналдық меншікте тұрған, мүліктің азаюына байланысты;

204114 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар» коды бойынша 93,2 мың теңге түсті, тексеру актілері бойынша бір реттік төлемдер;

301102 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер » коды бойынша 1000,0 мың теңге сомасына жоспарлық тағайындалулардан аз түсті, мемлекеттік мекемелерге бекітілген сатылатын мүліктің болмауына байланысты;
Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.

2016 жылдың 1 қазанына қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден алынған нысаналы трансферттер, субвенциялар есебімен 1049114,2 мың теңгені құрады жоспардағы 1072546,8 мың теңге немесе 97,8%.



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 173767,4 мың теңге шығындалған жоспардағы 175374,9 мың теңге, немесе 99,1%. Соның ішінде:

сатып алынды: мәслихат аппаратына – мемлекеттік рәміздер, антивирустық бағдарлама; әкім аппаратына – 3 радиостанциялар, дүрбі, 13 газдан қорғайтындар, антивирустық бағдарлама; экономика және қаржы бөліміне – антивирустық бағдарлама; білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне - мемлекеттік рәміздер, шілтер шымылдық, қалың мата, антивирустық бағдарлама; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне - модем, кеңсе жиһазы (шкаф, стөл, кресло), кондиционер, монитор, мемлекеттік рәміздер, антивирустық бағдарлама; мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне - мемлекеттік рәміздер; ішкі саясат бөліміне - мемлекеттік рәміздер, жүйелік блок, үздіксіз қуат беру көзі; құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне - мемлекеттік рәміздер, антивирустық бағдарлама; ауылшаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөліміне – антивирустық бағдарлама; кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне – антивирустық бағдарлама; ветеринария және ветеринарлық бақылау бөліміне – компьютер, 4 шкаф.

- Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 346 қаулысымен қала тұрғындарына және әлеуметтік белгіленген нысандарды жылумен жабдықтау бойынша іс-шараларды жүргізуге «ШҚО Курчатов қаласының ТҮКШ, кісі тасу көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органның резерві есебінен қала бюджетінен 16 491,0 мың теңге бөлініп және «ККПК» МКК аударылды;

- И.Н Даньконың пайдасы үшін 1990 жылғы 26 шілдедегі Семей облыстық сотының тұрақты сессиясының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының шешімі бойынша міндеттерді және ШҚО Курчатов қалалық сотының 2007 жылғы 11 шілдесіндегі ұйғарымын орындау үшін, ШҚО Курчатов қаласы әкімінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 275 өкімімен, «ҚР ШҚО Курчатов қаласы әкімі аппараты» ММ «Халық банкісі» АҚ карточкалық шотқа 66,8 мың теңге аударылды;

- Жылжымайтын мүлік бойынша орталықпен ұсынылған, 403,0 мың теңге сомасында салық салу мақсатында мүлікті бағалау бойынша қызметтер төленді, төлем атқарылған жұмыстар актісі бойынша жүргізілді;

Қорғанысқа жоспардағы 3170,0 мың теңге толық көлемде орындалды.

162 адамға медкомиссия жүргізілді, соның ішінде: әскери есепке тіркелген адамдар -86 адам, әскерге шақырылғандар – 63 адам, ӘЖОО кандидаттар – 5 адам, ӘТМ – 8 адам.



Елді мекендерде жол қозғалысының қоғамдық қауіпсіздігіне 562,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілген. Ағымдағы жөндеу және жол белгілерін орнату жүргізілген.

Білімге 442069,6 мың теңге шығындалып жоспарда 452790,4 мың теңге, немесе 97,6%, соның ішінде:

- орта және екі орта жалпы білім беретін орта мектептерінің қызметтерін қамтамасыз ету үшін 279681,2 мың теңге шығындалды;

- «Күншуақ» балабақшасын және №3 орта мектепте және № 2 жалпы білім беретін орта мектеп ішінде екі шағын орталықтарды ұстауға республикалық бюджеттен («Балапан») трансферттер есебінен 40600,4 мың теңге шығындалды;

- «Журавушка» балабақшасын ұстауға – 47869,0 мың теңге;

- балалар мен жасөспірімдер үшін қосымша білім беруге – 35562,1 мың теңге, соның ішінде балалар музыка мектебін, шығыармашылық үйін, екі балалар – жасөспірімдер клубтарын («Скала» және «Горизонт») ұстау;

- балалар –жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметтерін қамтамасыз етуге – 19585,5 мың теңге;

- қамқоршыларға (қорғаншыларға) айсайынғы ақшалай төлемдерге жетім баланы (жетім-балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) ұстауға 4242,0 мың теңге бөлініп, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды және жетім балаларды (23 адам) ұстауға 22 қамқоршыларына жәрдемақылар төлемі жүргізілді;

- білім берудің мемлекеттік мекемелеріне арналған оқулықтарды, оқу-әдістемелік жиынтықтарды сатып алуға және жеткізуге 14658,0 мың теңге бөлініп, 13985,0 мың теңге немесе 95,4% игерілген, олардан: республикалық бюджет трансферттері есебінен 4208,0 мың теңге бөлініп, 4205,4 мың теңге немесе 99,9% игерілген, қалалық бюджет қаражаты есебінен 10450,0 мың теңге бөлініп, 9779,6 мың теңге немесе 93,6% игерілген, тауарды жеткізбеуге байланысты толық игермеу;

- ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығындарына 544,4 мың теңге шығындалып, сатып алынғандар: № 2 жалпы білім беретін мектепке арналған мемлекеттік символикалар, балалар музыка мектебіне арналған; «Скала» балалар- жасөспірімдер клубы; антивирустық бағдарлама, № 3 орта мектепке арналған жылусанауыш.
Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамтамасыз етуге 91966,4 мың теңге шығындалған жоспарда 93620,1 мың теңге немесе 98,2%.

Қоғамдық жұмыстарға 12690,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген, қоғамдық жұмыстарға 133 адам қатысып, шарт мерзімі аяқталғаннан соң 32 қатысушылар тұрақты жұмысқа орналасты.

Жұмыссыздарды кәсіби даярлауға және қайта даярлауға 1384,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді. «Электромонтер», «Көпірлі кран машинисті», «Аспазшы» мамандықтары бойынша 16 жұмыссыз азаматтар оқуды аяқтады.

Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларға 1857,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 20 адам орналастырылған.

Бірен-саран жұмыс істейтін жалданбалы жұмысшыларды қайта даярлау бойынша Ұлттық қордан нысаналы трансферттер есебінен, соның ішінде 18 ден 24 жастағы жастарға 1031,0 мың теңге игерілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 76,6 мың теңге игерілді. Аз қамтылғандар, халықтың әлсіз қатпарлары санынан 8 адамнан (2 отбасы) өтініштерді қабылау жүзеге асырылып, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып және төленді, сондай-ақ ол мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті аз қамтылған азаматтарға беру тәртібі туралы Ережеге сәйкес айсайын қатаң жүзеге асырылды.

Тұрғын үй көмегіне 763,8 мың теңге игерілді. Тұрғын үй көмегі 39 отбасыларына (114 адам) тағайындалып және төленді, 17 отбасыларына (30 адам) телефонға абоненттік төлемінің көтерілуіне өтемақы тағайындалып және төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмекке 32028,1 мың теңге қаралып, толықтай игерілді. Көмек сұраған аз қамтылған азаматтар санына жергілікті бюджет қаражатынан 3453,1 мың теңге сомасына 156 адамға материалдық көмек көрсетілген. ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға коммуналдық қызметтер шығындарына өтемақы үшін облыстық бюджет қаражатынан 478 адамға 23359,0 мың теңге сомасына материалдық көмек көрсетілді. Жоғары оқу орындарында аз қамтылған отбасыларынан 6 баланы оқыту үшін облыстық бюджет қаражатынан 3640,0 мың теңге сомасына (шәкіртақы, жатақханада тұрғаны үшін, оқуына төлем) материалдық көмек көрсетілді. 46 көп балалы, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» дәрежесін алған, 1,2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналарға облыстық бюджет қаражатынан 460,0 мың теңге сомасына бір жолғы материалдық көмек көрсетілді, 56 көп балалы, 4 және одан да көп кәмілетке толмаған балаларымен бірге тұратын аналарға 560,0 мың теңге сомасына бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.

Жәрдемалықарды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу және апарып беру бойынша қызметтерді төлеуге 157,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілді.

Мұқтаж азаматтарға үйден әлеуметтік көмек көрсетуге 3383,0 мың теңге бөлініп, 3318,0 мың теңге сомасында немесе 98,1% игерілген. Қаражат 4 мүгедек балаларға және жұмысқа жарамсыз жастағы 26 жалғыз тұратын қарт азаматтарға үйден көмек көрсетуді жасайтын, 5 әлеуметтік жұмыскерлерді ұстауға жіберілді.

18 жаса дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларға 1022,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілген. Төлем 159 адамға (50 отбасы) нақты аудару бойынша жүргізілген.

Міндетті гигиеналық құралдармен мұқтаж мүгедектерді қамтамасыз етуге 588,0 мың теңге бөлініп, 539,1 мың теңге сомасында игерілген. Гигиеналық құралдармен 9 мүгедектер қамтамасыз етілген. Қаражат мем. сатып алуларға сәйкес сатып алынған.

Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығын ұстауға республикалық бюджеттен 11 379,0 мың теңге бөлініп, 11 378,6 мың теңге сомасында игерілген немесе 100,0%, төлем ұсынылған шоттар және нақты есептеу бойынша жүргізілген.

Өрлеу жобасы бойынша республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 1897,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 14421,1 мың теңге немесе 76%, қала бюджеті қаражаты есебінен 845,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілген. Әлеуметтік жұмыс бойынша кеңес берушінің қызметтері төленіп, 4 отбасыларына шартталған акшалай көмек ұсынылған.

Мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен трансферттер есебінен 583,5 мың теңге бөлініп, толықтай игерілген. 9 мүгедектер гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін ұстауға 17935,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 17584,6 мың теңге немесе 98,0 %, төлем ұсынылған шоттар және нақты есептеу бойынша жүргізілген.

Күрделі шығындарға 304,0 мың теңге бөлініп, 275,0 мың теңге игерілген. Сатып алынғандар: модем, кеңсе жиһазы (шкаф, үстел, кресло), мемлекеттік рәміздер, антивирустық бағдарлама.

Патронат тәрбиелеушілерге берілген, баланы (балаларды) ұстауға 3269,0 мың теңге бөлініп, 3265,4 мың теңге сомасында игерілген немесе 99,9%. 4 патронат тәрбиелеушілердің еңбек төлемі және 4 патронат тәрбиелеушілерге берілген 6 баланы ұстауға 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақыларды төлеу жүргізілген.



Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылыққа 152 137,7 мың теңге бөлініп 143 990,3 мың теңге сомасында немесе 94,6% игерілген, соның ішінде:

Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыруға 6 210,8 мың теңге бөлініп, 5 112,7 мың теңге сомасында игерілген. Шатырды ағымдағы жөндеу, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлерге терезе және темір есіктер дайындау және орнату бойынша жұмыстар төленді.

Кондоминиумдар объектілеріне техникалық паспорттар даярлауға 1034,3 мың теңге бөлініп, 524,2 мың теңге сомасында игерілген. Төмендегі мекенжай бойынша орналасқан, жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бойынша жұмыстар төленген:

- Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 2 үй;

- Курчатов қаласы, Абай көшесі, 28 үй.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмыс істеуіне 12 669,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген. Жүргізілді:

- 1375 м. кәріз құбырларын тазарту;

- нөсерлі кәріздер жұмыстары: 672 куб.м. су шаю және ағызу, 756 куб.м. лас сулардың бөлінуі және ағызу;

- кәріз құбыр жүйелерін төсеу;

- су құбырларының сыртқы жүйелерін жөндеу 3 ден 4 дейін су тартатын;

- акімдіктің жалғастыра салынған жайында өздігімен ағатын кәрізді монтаждау;

- Молдары ауылында су құбыры жүйелерін ауыстыру.

«Курчатов қаласында сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту» жобасы бойынша мемлекеттік сараптауды алуға 2 092,9 мың теңге бөлініп, толық көлемде игеріліп, қорытынды алынды.

Көшелерді жарықтандыруға 7 393,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген, электрэнергиясын тұтыну төленіп, көшелерді жарықтандыру жүйелерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар:

- шамдарды бөлшектеу және монтаждау (132 дана), ИЗУ (132 дана), таймерлер (5 дана);

- салбыраған сымдарды қайта тартуға (6,6 км.);

- метал тіреуіштерді тазарту, төсеніш салу және бояу (31,8 кв.м.);

- жүйелерді ұстау.

Жерлеу және туысы жоқтарды жерлеу орындарын ұстауға 700,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген. Жерлеу орындарының аумағын қоқыстан тазарту жүргізілген.

Қалада санитарияны қамтамасыз етуге 27336,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінген, қаражат толық көлемде игерілген немесе 100%, механизацияландырылған тазарту үшін қол жетпейтін жерлерді қолмен тазарту жүргізілген, қар және қоқысты тиеу және шығару, ағаштарды кесу, шөп шабыны және жинау (33 га). Төлем атқарылған жұыс актілері бойынша жүргізілген.

Абаттандыру мен көгалдандыруға 35565,8 мың теңге бөлініп, 35550,0 мың теңге сомасында игерілген. Жүргізілді:

- егілген шөптерді суару;

- көшелерді декаративтік жарықтандыруды безендіру;

- орталық алаңда фонтан орнату;

- балалар ойын алаңдарын орнату.

Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бойынша қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде нысандарды жөндеуге 59135,9 мың теңге бөлініп, 52612,6 мың теңге сомасында немесе 89,0% игерілген. Соның ішінде, республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер 20088,0 мың теңге сомасында, Ұлттық қордан нысаналы ағымдағы трансферттер 33 449,0 мың теңге сомасында, жергілікті бюджет қаражаты 5 598,9 мың теңге сомасында. Жүргізілді:

- «Журавушка» балабақшасы» МКҚК ғимаратының есік орындарын және терезе ойықтарын күрделі жөндеу;

- «Курчатов қаласының мектеп-гимназиясы» КММ ғимаратының акті залының ғимаратын және жылумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеу;

- «Курчатов қаласы № 3 орта мектебі» КММ ғимаратының спорт залын күрделі жөндеу.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 100940,0 мың теңге бөлініп, 100915,3 мың теңге немесе 100% игерілді.

- мәдени – бос уақыт жұмыстарын қолдауға 48071,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген, соның ішінде концерттік-көңіл көтеру қалалық мерекелік іс-шаралар өткізілді: Жауынгер интернационалист күні, ұлттық мереке "Масленица", 8 наурыз, "Наурыз-Мейрамы", Күлкі күні 1 сәуір, Халықтар бірлігі күні 1 мамыр, Жеңіс күні 9 мамыр, Балаларды қорғау күні, Қайтыс болғандарды еске алу күні 22 маусым, Мемлекеттік рәміздер күні, Астана күні, Қала күні, Конституция күні;

- спорттық жарыстарды өткізуге 285,0 мың теңге бөлініп, 284,9 мың теңге сомасында игерілді немесе 100,0%, шаңғы, шағын-футбол, волейбол, армрестлинг, футбол, гір спорты, қазақша күрес, 8 наурызға орайластырылған іс-шараларға, Наурыз-Мейрамы, Астана күні бойынша өткізілген жарыстардың жеңімпаздарына табыстау үшін грамоталарға арналған жиектемелер сатып алынды;

- шығатын спорттық іс-шараларға қатысуға 5320,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген. Ұлттық ойындардың салтанатты шеруіне арналған қаланың құрама командасы үшін спорт костюмдері сатып алынды, Қазақша күрес жарыстарына (Аягөз қаласы) шығатын іс-шаралар өткізілді, хоккей бойынша жарыстар (Семей қаласы), ШҚО әкімінің жүлдесіне Ұлттық ойындарға командалардың қатысуы, футбол бойынша жарыстар, армреслинг бойынша чемпионат, гір бойынша чемпионаттар, Қазақша күрес және футбол бойынша турнир;

- қалалық кітапхананың жұмыс істеуіне 7068,0 мың теңге бөлініп, 7067,7 мың теңге сомасында немесе 100% игерілген;

- Қазақстан халықтарының мемлекеттік тілін және өзге де тілдерін дамытуға 6222,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген, осы қаражаттар есебінен тілдерді оқыту орталығы қызметтерін қамтамасыз ету жүргізіледі. Сонымен қатар: «Ой-сана», «Тіл шебер», «Тіл-парасат», «Абай оқулары», Оралхан Бөкей атындағы мәтінді мәнерлеп оқушылар конкурсы, «1001 мақал, 101 жұмбақ» қалалық олимпиадалар, «Тіл-тқндық ойдын кәусары» тіл саясаты бойынша қалалық конкурстарды өткізу қамтамасыз етіліп, шығатын облыстық іс-шаралар төленген;

- Газет және журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге қызметтерге 4129,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген. «Спектр-резонанс», «Көкжиігі» газеті арқылы ақпараттық қызметтерге төлем жүргізілген;

- жастар саясаты саласында бағдарламаларды жүзеге асыруға 6958,0 мың теңге бөлініп, 6934,0 мың теңге сомасында немесе 99,7% игерілген. Жастар іс-шараларын өткізуге арналған жүлделер сатып алынды, «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ұстауға.

Қызметті қамтамасыз етуге:

- мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 10617,0 мың теңге шығындалып, жоспарда 10616,7 мың теңге немесе 100,0%.



Ауыл шаруашылық, жер қатынастарына 20078,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 19 436,2 мың теңге сомада игерілді немесе 69,8% соның ішінде:

- қаңғырған иттер мен мысықтарды ұстап және оларды жоюға 670,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілді. 12 иесіз иттер мен 99 мысықтар ұсталды;

- жануарлардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық іс - шаралар өткізуге 768,0 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлініп, 300 мың теңге сомасында игерілді, толық игерілмеу яғни облыстық ветеринария басқармасынан ветеринарлық дәрі –дәрмектер толықтай түспеуіне байланысты болды;

-ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру бойынша іс шаралар жүргізуге 118,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Өскемен қаласының «Казагромаркетинг» АҚ мамандары АШМС (ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру) бағдарламасын жаңарту, аппараттық қамтамасыз ету және бағдарламалық қызмет көрсету, жұмыс бекетін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға келтіру бойынша жалпы алдын алу жұмыстарын жүргізді;

-эпизоотияға қарсы іс- шаралар өткізуге 1445,0 мың теңге бөлінді, 1272,0 мың теңге сомасында игерілді, аса қауіпті инфекциялық аурулардан ауыл шаруашылық малдарына вакцинация жүргізілді, толық игерілмеу яғни облыстық ветеринария басқармасынан ветеринарлық дәрі –дәрмектер толықтай түспеуіне байланысты болды.

Қызметтерді қамтамасыз етуге:

-ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі 9360,3 мың теңге шығындаған, жоспарда 9361,0 мың теңге немесе 100,0%;

- ветеринария және ветеринарлық бақылау бөлімі 7551,6 мың теңге шығындаған, жоспарда 7551,6 мың теңге немесе 100,0%.

Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстарына 164,4 мың теңге бөлінген, толық көлемде игерілген, соның ішінде:

-ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне антивирустық бағдарлама;

- ветеринария және ветеринарлық бақылау бөлімі компьютер сатып алынған.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне 10094,4 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 9457,6 мың теңге сомада игерілді немесе 93,7 %.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерін ұстауға 9736,9 мың теңге бөлінген, игерілгені 7135,6 мың теңге немесе 93,8%.

Аудан аумағының қала құрылысының кестесін, аудан (облыстық) маңызы бар қалалардың, ауылдардың және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге 200,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне 122,0 мың теңге сомасына антивирустық бағдарлама сатып алынған.



Көлік және коммуникацияларға 57078,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді толықтай игерілген немесе 100,0%. Қала көшелерінің жолдарын, қарларды автогрейдермен және қолмен жинау бойынша жұмыстар жүргізіліп, төлем атқарылған жұмыс актілері бойынша жүргізілді.

Борышқа қызмет көрсету 10,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 10,0 мың теңге сомада игерілді немесе 100,0 %.

6700,9 мың теңге сомада бюджетке 2015 жылы пайдаланылмаған трансферттер қайтарылды.



Курчатов қаласының экономика

және қаржы бөлімінің басшысы А. Аралов

Сектор меңгерушісі А. Қуандықов

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет