Тұрғын үй қоры. Статистика деректері бойынша облыстың тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2013 жылдың қорытындысы бойынша 4 087 мың шаршы метрді, оның ішінде жеке меншік 98,5% құрайды.
Тұрғын үй қорының көп бөлігі – 1960-1970 жылдары салынған панелді, блокты және кірпіш үйлер.
Кондоминиум объектілерінің (көп пәтерлі үйлердің) жалпы саны 1394 объектіні (4087 мың шаршы метр) құрайды, оның ішінде 353 кондоминимум обьектісі тіркелген. Облыстың тұрғын үй қоры мейлінше жоғары тозу дәрежесімен сипатталады. Қазіргі кезде 1 158 мың шаршы метрден астамы немесе 28%-ы күрделі жөндеудің кейбір түрлерін жүргізуді қажет етеді және 104 үй (23,24 мың шаршы метр) немесе 2,2 пайызы тұру үшін жарамсыз үй ретінде бұзуға жататын апатты үйлер болып табылады.
Шатырларға байланысты аса ауыр жағдай Ақтау және Жаңаөзен қалаларында орын алуда. Соңғы жылдары жауын-шашынның мөлшері артты. Үйлердің шатырларының конструкциялары қорап тәрізді және нөсер жаңбыр жауған жағдайда бассейнге айналады. 80-100 мм диаметрде жасалған суағарлар судың жақсы ағуына мүмкіндік бермейді, соның нәтижесінде көптеген үйлердегі шатырлар іс жүзінде апатты жағдайда. Үйлердің қасбеттері мен кіреберістері де ағымдағы жөндеу жүргізуді қажет етеді.
Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесінің төмендеуі «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүргізілуде.
Мәселен, 2011 жылы Мұнайлы ауданында 1 үй жөнделді, бұл – күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін 21,3%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Маңғыстау облысы бойынша 2012 жылы 21 үй жөнделді, бұл – күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін 19,8%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
2013 жылы жөнделген үйлер болған жоқ, 2014 жылы Ақтау қаласы бойынша 10 үйді жөндеу және аталған көрсеткішті 19,4%-ға дейін төмендету, 2015 жылы Ақтау қаласы бойынша 20 үйді жөндеу немесе аталған көрсеткішті 18,3%-ға дейін төмендету жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |