Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығару. Дайын металл бұйымдары өндірісінде 2013 жылы 2012 жылға қарағанда өндіру көлемінің 2,2 есе өскені байқалады немесе 15,7 млрд. теңге (2012 жылы – 7,2 млрд. теңге, 2011 жылы – 12,4 млрд. теңге). Сала өнімінің нақты көлем индексі 2013 жылы 220% құрады (2012 жылы – 69,0%, 2011 жылы – 69,5%, 2014 жылдың қаңтар-қарашасында – 73%). Соңғы жылдары саладағы көлемнің төмендеуі Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру мерзімінің ауыстырылуына байланысты болды, ал осы саланың негізгі кәсіпорындары дәл теңіз мұнай операцияларына бағдарланған.
2014 жылдың 10 айында саланың НКИ – 240%, өнім өндіру көлемі – 8,4 млрд. теңгені құрады.
Бүгінге көрсетілген саланың өнімі ішкі рыногта сатылуда. Алдағы уақытта Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру шеңберінде теңіз металл конструкцияларын жасайтын зауыттарды салу жобалары іске асырылғаннан кейін, өнімнің бір бөлігі экспортталатын болады.
Қазіргі сәтте осы қызмет түріндегі негізгі кәсіпорындар: Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2015
жылға дейінгі стратегиясының аясында пайдалануға берілген, метал конструкцияларын шығаратын кәсіпорын «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС (бұрынғы – «Кеппел Қазақстан» ЖШС) және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында салынған «Каспиан Оффшор Индастриз ЛТД» ЖШС болып табылады.
Кәсіпорын Каспий қайраңында мұнай шығаруға арналған жасанды аралдар салуға қажетті теңіз металл конструкцияларын шығаруды жүзеге асырады – «Теңіз металл конструкцияларын өндіру бойынша өнеркәсіптік кешен» «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС (жаңа аты – «Темір ат» теңіз мұнай-газ өндірісі құрал-жабдықтарының зауыты»). Жобаның сметалық құны – 11 550 млн. теңге. 2013 жылғы 1 қаңтарға жұмыс орындарының нақты саны – 102 адам. Жобалық қуаттылығы: жылына – 16 мың тонна металл конструкциялары. Объект 2011 жылғы мамырда пайдалануға берілді (1-кезең). 2013 жылы – 560 тонна, 2014 жылдың 10 айында – 50 тонна металл конструкциялары шығарылды. Жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған. Аьталған жобаны іске асыруды бастаудың кешкітірлуіне байланысты, кәсіпорын жұмыс көлемін жүктеу бойынша қиындықтар көруде.