Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру. Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде 2013 жылда 2101,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 101,7% құрады (2012 жылы – 2037,1 млрд. теңге, НКИ – 100,5% 2011 жылы – 1927,3 млрд. теңге, НКИ – 94,9%). Өсу, саланың ірі кәсіпорындарының кен алу коэффициентін арттыруы есебінен мұнай өндірудің өсумен байланысты болды.
2014 жылдың 10 айында 1906,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл – облыстың жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 92,4%-ын құрайды және осы өнеркәсіп секторының өңірде басым екенін көрсетеді. НКИ 101,4% құрады.
2013 жылы газ конденсатын қоса алғанда, 18 072,8 мың тонна көлемінде мұнай өндірілді, бұл – 2012 жылы өндірілгенге қарағанда 2,0%-ға көп (2012 жылы – 17 720 мың тонна, 2011 жылы – 17 858 мың тонна).
Мұнай өндіру көлемі 2014 жылдың 10 айында 15393,3 мың тоннаны немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 102,7% құрады.
Өсудің себебі ұжымдардағы әлеуметтік және өндірістік қарым-қатынастардың тұрақталуында, Бағдарламаның «Өзенмұнайгаз» АҚ бойынша да іске асырылуында, өңір кәсіпорындарында жаңа технологиялар енгізуде жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген отырысында берген 2020 жылға дейін мұнай алу коэффициентін (МАК) арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңір кәсіпорындары осы бағыттағы жұмысты бастап кетті. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның тапсырысы бойынша «Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ («КИНГ» АҚ) мен «CPTDC» институттары полимерлік суландыру үшін реагенттер таңдау мақсатымен керндерге зертханалық зерттеулер жүргізіп, полимерлік әсер етудің тәжірибелік учаскелерін таңдап алды. Геологиялық-гидродинамикалық модельдеу жүргізіліді. Қаламқас кен орнының тәжірибелік учаскелерінде полимерлік суландыруға тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар (ТӨС) жүргізіліп басталды.
Геологиялық-гидродинамикалық модельдеудің нәтижелері полимерлік суландыруды қолдану МАК-ін 12% арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Қазіргі 31% болатын МАК-мен салыстырғанда, түпкілікті МАК 43%-ға жетеді. ТӨС жүргізілгеннен кейін, МАК-ін арттырудың осы тәсілін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның кен орындарына кең ауқымда енгізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, өңірдің бірнеше кәсіпорны игеріліп жатқан кен орындарында МАК-ін арттыру бойынша жұмыстарды бастады.
Табиғи газ өндіру көлемі 2013 жылда 2180,7 млн. текше метрді немесе 2012 жылғы деңгейіне 95,9% құрады (2012 жылы – 2 288 млн. текше метр, 2011 жылы – 2 677 млн. текше метр).
Табиғи газ өндіру көлемі 2014 жылдың 10 айында 1721,9 млн. текше метрді немесе 2012 жылдың деңгейіне 96,6% құрады. Газ өндірудің төмендеуі игеріліп жатқан орындарының табиғи түгесілуімен байланысты.
Газ конденсатымен бірге шикі мұнайды экспорттау көлемі 2013 жылда 10,7 млн тоннаны құрады (2012 жылы – 10,2 млн. тонна, 2011 жылы – 17,2 млн. тонна). Шикі мұнайды экспорттау көлемі 2014 жылдың қаңтар-қазанында 11,1 млн. тоннаны құрады (2013 жылдың 10 айында – 10,1 млн. тонна).
Мұнай-газ саласындағы негізгі кәсіпорындар, есепті кезеңде мұнай өндірудің жалпы облыстық көлемінің 90,4%-ын өндірген «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Каражанбасмұнай» АҚ, «Бозашы Оперейтинг Лтд» компаниясының филиалы, «Қарақұдықмұнай» ЖШС болып табылады.
Есепті кезеңде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мұнай өндіру көлемінің артыуы мына кәсіпорындарда байқалады:
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (өткен жылдың тиісті кезеңіне – 103,5% «Өзенмұнайгаз» АҚ (102,7%); «Каражанбасмұнай» АҚ (104,3%); «Бозашы Оперейтинг Лтд» КФ (102,2%); «Маерск Ойл Казахстан ГМБХ» компаниясы (133,7%); «Емір Ойл» ЖШС (127,7%); «Меербуш» ЖШС (199,5 %); «Теңге» БК» ЖШС (165,8 %).
Мұнай-газ секторында жұмыс істейтін кәсіпорындардың негізгі басымдықтары – игеріліп жатқан кен орындарында мұнай өндіруді тұрақтандыру және қарқындату.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің жалпы республикалық көлеміндегі Маңғыстау облысының үлесі, өнімдердің мына түрлері бойынша:
газ конденсатын қоса алғанда мұнай (мың тонна) – 22,1% (2012 жылы – 22,3%);
битум минералдарынан алынған мұнайды қоса алғанда, шикі мұнай (көмірсутегілердің табиғи қоспасы) (мың тонна) – 25,9%;
газға айналған күйіндегі табиғи газ (тауарлық шығарылым), (млн. текше метр) – 9,8% құрайды.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларындағы өнім көлемі 2013 жылы 7429,8 млн. теңгені құрады немесе 2012 жылдың деңгейінен 19,6%-ға аз (2012 жылы – 7486 млн. теңге, 2011 жылы – 10 564 млн. теңге). Осы саладағы өсу қарқыны 2014 жылдың 10 айында 140,7% құрады.
Облыс аумағында ұлутас, қиыршық тас пен шағыл, табиғи құм өндіру жүзеге асырылады.
Ұлутас, қиыршық тас пен шағыл, табиғи құм өндіру көлемдері 2013 жылы тиісінше 94,9 мың текше метр (2012 жылға – 145,6%), 1290,9 мың текше метр (83,8%), 507,4 мың текше метр (60,9%) құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |