2.2.1.2. Инновациялар және инвестициялар.
Маңғыстау облысы инновациялық дамуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуетке ие: индустриялық-өнеркәсіптік өңір, бай минералдық-шикізат қоры.
Облыста соңғы жылдары инвестициялық белсенділіктің өсуі байқалады. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2011-2013 жылдарда 1,2 есе: 369,6 млрд. теңгеден 440 млрд. теңгеге дейін өсті. Негізгі капиталға инвестициялардың НКИ 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 105,7% құрады (2012 жылы – 2011 жылға 101,5%).
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2014 жылдың қаңтар-қазанында 416 млрд. теңгені құрады, бұл – нақты бағалар индексін есепке алғанда 2013 жылдың осындай кезеңінен 15%-ға артық.
Негізгі капиталға инвестициялар бойынша облыстың үлесі 7,3% құрайды (2013 жылы – республика бойынша 5 орын). Алайда халықтың жан басына шаққандағы инвестициялар көлемі бойынша (2013 жылда 750,6 мың теңге) облыс республика өңірлерінің арасында екінші орында тұр (Қазақстан Республикасы бойынша орташа алғанда – 353,1 мың теңге).
Инвестиция құрылымының негізгі көлемін өнеркәсіп (70,2%), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі (61,9%), өңдеу өнеркәсібі (5,8%), көлік және қоймалау (17,8%), құрылыс (1,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (5,2%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (1,6%), өзгелері (3,6%) алады.
Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты болып табылады. Инвестициялардың жалпы көдеміндегі аталған инвестиция көзінің үлес салмағы 2012 жылғы 62,7%-дан 2013 жылы 55,7%-ға дейін төмендеді. Бюджет қаражаты есебінен берілетін инвестициялардың үлесі 2009 жылғы 9,5%-дан 2013 жылы 9,5%-ға дейін өсті. Қаралып отырған кезеңде шетелдік инвестициялар үлесі 12,1%-дан 16,3%-ға дейін ұлғайды.
2013 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 1021 кәсіпорнындағы инновациялық қызметке статистикалық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 11 шаруашылық етуші субъектінің технологиялық инновациясы бар болды. Кәсіпорындардың инновациялық саладағы белсенділік деңгейінің өсуі бойынша 2013 жылы орташа республикалық көрсеткіш 5,7% болғанда, облыста 2,4% болды (2010-2011 жылдары – 1,1%, 2012 жылы – 1,6%. Төмен көрсеткіштің себебі кәсіпорындардың статистика органдарына инновациялық есептілікті тапсырмауы болып табылады. Инновациялық өнім көлемі 2013 жылы 1395,4 млн. теңгені құрады (2010 жылы – 233,2 млн. теңге, 2011 жылы – 618,6 млн. теңге, 2012 жылы – 3609,0 млн. теңге).
Достарыңызбен бөлісу: |