Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі


Қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін аудармада салғастырмалы түрде зерттеу



бет100/237
Дата06.02.2022
өлшемі9,17 Mb.
#36785
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   237
Қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін аудармада салғастырмалы түрде зерттеу


Сарсикеева Г.Қ., Жузтаев Ж.Б.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті (Қазақстан)


Бұл мақаланың негізгі мақсаты - туыс емес екі тілден алынған 3000- мыңнан астам мақал-мәтелдердің айырмашылығы мен ұқсастығын аудармадағы эквиваленттерді қолдана отырып зерттеу. Сонымен қатар, мақал-мәтелдердің әр түрлі тілдік стильдегі әлеуметтік маңыздылығын ескеру.
The principle goal of the article is to study and analyze more than 3000 proverbs and sayings taken from unrelated languages. The article is focused on social significance of the proverbs used in different lingual styles.

Мақал-мәтел (лат. –proverbium, adagium, франц - proverbe, неміс тілінде - Sprichwort, ағылшын тілінде - proverb) ауызша айтылған, ешбір әдеби немесе фольклорлы шығармамен байланысы жоқ, бірақ нәтиже, ақыл, дәлелдеме ретінде жаппай қолданылатын афоризмдер. Мақал - мәтелдерді көптеген тілдердің лингвистикасында паремия деген терминде қолданады. Паремия грек тілінде « paroimia » мақал - мәтел деген мағынаны білдіреді.


Мақал – мәтелдер ғасырлар бойы қалыптасқан халық сөзі. Қазақ тілінде мақалдап сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу тек 1948жылдан кейін басталды. Бүгінгі күнде мақал- мәтелдер көбінесе ауылда және зиялы қауымда жиі қолданылып жүр. Осы жағдай, келесі 2 мәселені қамтиды:
біріншіден, қазақ ауылындарында ғасырлық салт дәстүрдің әлі күнге дейін сақталып келе жатқандығын, олардың өз ойларын астарлап, қысқа да әрі нұсқа сөйлеп, мәнерлі көркем сөз құралдары, яғни мақал - мәтелдердің көмегімен білдіретіндігінен байқай алатын болсақ;
екіншіден, бүгінгі күні зиялы қауым біртіндеп бұрынғы қазақ салт - дәстүріне бой ұрып, әңгімелесушінің сезімдерін жараламауға тырысып, мақал - мәтел арқылы ойларын астарлап айтуға тырысады.
Алайда зиялы қауым мақал - мәтелдерді көбінесе қызметтеріне байланысты қолданады. Бұл жерде мақал - мәтелдердің әлеуметтік маңыздылығы байқалады. Бұқаралық ақпараттардан осы мәселенің төңірегінде басылған мақалалармен танысуға болады. Әсіресе, бұл мақалаларда мақал - мәтелдерді өкімет басындағылар қаншалықты жиі қолданылатынына көңіл аударылған. Себебі мақал–мәтелдердің қолданылуы адамның интеллектуалды дәрежесін көрсетеді.
«Қазақ халқы да өзге халықтар сияқты – әр - қилы заманннан өтіп, сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл - көсір фольклоры бар халық. Соның ішінде мақал - мәтелдерге өте бай ел. Тегінде, қазақ мақал - мәтелдерінің қағазға түсуі, кітапқа кіруі, кешеулеу басталғанына және тірнектеушісі оншама көп болмағанына қарамастан, бұл күндерде кітап болып халық қолында жүрген қазынамызды олқысына да алмаймыз, місе де тұтпаймыз.
Жылдар бойында сарыла сарқылып қазақ мақал - мәтелдерін жинаған белгілі жазушы Өтебай Тұрманжанов еңбегін елден ерекше атап кеткеніміз жөн. Ол кісінің жалғыз тергенінің өзі шамамен елу мың мақал – мәтелдей. Бұл телегей - теңіз байлық. Біздің халықтың даналықтары бауырлас халықтардың мақал – мәтелдерін ана тілімізге аудару арқылы да, ауыз тиіс арқылы да байып, толығып, толысып келеді. Бұл үдерістің бұрында том–томдап болсын, өмірден көрініс тапқанын байқаймыз.
Дегенмен, 1960 жылға дейін туыстас, бауырлас халықтардың мақал – мәтелдері әр кітаптың бетінде жалғыз – жарымдап қана аударылып келді, жеке кітап болып жарық көрмеген еді. 1960 жылы шыққан «666 мақал мен мәтел » осы жаңа да игі істің төл бастамасына айналды. Одан кейін іркес–тіркес арасында бір жыл, екі жыл салып « Мақал -сөздің мәйегі »(1963 ) , «Шығыс халықтарының мақал - мәтелдері» (1968 ), - бұны орыс тілінен аударған белгілі журналист Мақсұтбек Майшекин «Ер айнасы - еңбегі» (1968 ), «Мақалнама» (1970 ) «Денсаулығынды ойласаң» (1974 ), белгілі журналист , қаламгер Ұзақ Бағаев 1971 жылы «Орыс халқының мақал – мәтелдері» атты еңбегін орыс тілінен қазақ тіліне аударып, басылып шықты.» - деп жазады ақын М.Әлімбаев.
Әрине, осы күнге дейін фонетика–фонологиялық, синтаксистік, семантикалық тұрғыдан зерттеу жоқтың қасы емес болса да, бүгінде осы мақал – мәтелдер туыстық байланысы жоқ ағылшын тілімен салыстыра - салғастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Осы мақаланың негізгі мақсаты - қазақ мақал – мәтелімен ағылшын мақал –мәтелдерін салыстыра отырып ұқсастығымен айырмашылықтарын және олардың өмір сүру салаларында қаншалықты жиі қолданылатынын пайымдау.
Бұл жұмыста үш мыңнан астам қазақ және ағылшын мақал – мәтелдері зерттелді. Соның нәтижесінде біз мақал – мәтелдердің қандай өмір саласында қаншалықты жиі қолданылатынын анықтадық.
Бірінші орында: өмір – орта, тұрмыс - тірлік, қоғамдық құбылыстар;
Екінші орында: төрт түлік мал туралы;
Үшінші орында: Адалдық, адамгершілік, ізгілік, достық туралы;
Төртінші орында: еңбек - байлық, кәсіп – нәсіп туралы;
Бесінші орында: сақтық, қырағылық туралы және де т.с.с.
Қазақ ұлтына тән семантика ағылшын халқының мақал – мәтелдеріне де тән.
Ағылшын мақал–мәтелдері мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп – дамуының нәтижесі. Оларды тек көркем сөз құралы демей, ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн. Бұл жағдай да қазақ мақал - мәтелелдеріне сөзсіз тән қасиет. Осы орайда Ү. Кеңесбаеваның «Ағылшын халқының мақал–мәтелдері » атты 2004 жылы басылып шыққан кітабында ағылшын мақал - мәтелдерінің қазақ тіліне түп - нұсқадан аударып, балама табуға талпынған алғашқы қадамы болды. Кітапқа ағылшын халқының қазіргі ауызекі тіл мен баспасөзде көркем әдебиетте жиі қолданып жүрген 1500 - ден астам мақал – мәтелдері енді. Шекспир, Диккенс, Оскар Уайльд сияқты әдебиет класссиктерінің шығармаларынан шығып, нақыл сөзге айналып кеткен афоризмдерді де жиі кездестіруге болады. Жинақталған ағылшындардың ұлттық ерекшелігін көрсетіп, мінез – құлқын ашатын, ел танып, жер білуге көмегін тигізетін мақал–мәтелдерді көптеп ұштастыруға болады. Паремиология ғылымы мақал–мәтелді екіге бөліп қарастырады. Олар: «Мақал – дегеніміз өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысы шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын, бітімі бекем өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы.
Мақал туралы айтылған біраз мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.
Мысалы: «Мақал сөздің маржаны, Болмайды оның арзаны.»
«Тұз – астың дәмін келтіреді, Мақал – сөздің мәнін келтіреді.»
«Мақал - сөздің атасы, Ананың ақ батасы.»
«Мақалсыз сөз болмайды, Мақал ойды қорғайды.»
«Сөзге мақал жарасар, Егдеге сақал жарасар.»
«Мақал қайдан шығады, Ой болмаса. Киім қайдан шығады, Қой болмаса.»
«Мақал сөздің ажарын келтірер, Делдал сауданың базарын келтірер.»
«Мақалмен сөз өтеді, Мақтаумен бөз өтеді.»
«Атаның ақ сақалына да қара, Айтқан мақалына да қара»; т.б...
Осы келтірілген мысалдар мақалдың көркем әдебиетте және ауызекі тілде алатын орнын айрықша екенін көрсетеді.
Осы орайда, мысал ретінде және бір ағылшын және қазақ мақалын қарастырсақ:
«Nothing stake, nothing draw » (ағылшын тілінде), ал қазақ тілінде
«Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас».
мағыналары бірыңғай болғанымен, лексика-грамматикалық құралымы сәйкес келмейтінін анық білдіреді. Тағы да бір айырмашылығы, ағылшын тіліндегі айтылған мақал орфографиялық тұрғыдан кысқа болып беріліп, екі мағынасы үтірмен белгіленсе, ал қазақ тілінде, керісінше, яғни, мақалдың екінші сөйлемі үлкен әріппен жазылады
Мәтел деген ұғым халық арасында көп таралған қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама - қарсы шендестіруі жоқ ықшам кестелі халық сөзі. Мәтел бейнелей сөйлеу формасына ие. Мәтел мазмұнды бұлжытпай, турадан – тура береді, онда ой құрамындағы сөздердің тура мағынасынан тұрады, соның жүйесі логикалық байланысынан пайда болады. Ауызекі тілде және көркем әдеби тілде де, мәтелге қатысты мақал-мәтелдерді ұштастыруға болады.
Мысалы: «Мәтел – қыз, Мақал – жеңгесі, Ісінің жоқ теңдесі».
«Сөз сүт болса ойдағы, Мақал – мәтел қаймағы».
Мәтелге мысал ретінде екі тілден мақал-мәтел беретін болсақ:
Мысалы: «Many a true word is spoken in jest» (ағылшын тілінде).
«Ойнап айтса да ойындағыны айтады» (қазақ тілінде).
«Pride goes before a fall»
«Аспандай берме, Жерден ұзап кетерсің. Елден ұзап кетсең, Барса-келмеске жетерсің».
Бұл ретте, синтаксистік баламасы өте ұқсас және қазақ тіліндегі баламасында даусты дыбыстар басымырақ. Бұл алдыңғы мысалда ол «О» әрпі болса, екінші мысалда «Е» дауысты дыбысы.
Сонымен, бұл мысалдарда «ассонанс», немесе француз тіліндегі «assonance» деген құбылыстың «үйлесу», яғни бірыңғай дауыстылардың үйлесіп, қайталанып келуін көрсетеді. Ағылшын және қазақ мақалдары мен мәтелдері көп бөлігі өлең формасында, ықшамдалған жолдарына ұйқасушы сөздер аллитерация мен ассонанс енген, соның нәтижесінде мақалдардың өзінің терең мағынасында, бай әуезділікке ие болған.
Аллитерация–дегеніміз латын тілінде «alliteratio» әріп-көркем шығармаларында, көбінесе өлеңде, тұрақты тіркестерде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың сөз басында қайталанып келуі.
Мысалы:
«Little streams make great rivers»
«Көлге көл қосылса, теңізбіз дейді»
Бұл мақалда тек қазақ тілінде аллитерация қолданған. Ол «К» дауысты дыбысы.
Ал мына мәтелде ағылшын және қазақ тілінде аллитерацияны ұштастыруға болады.
Мысалы:
«Many a little makes a mickle»
«Тама-тама теңіз болар»
Қорытындылай келе, жоғарыда айтылған мәселелерге сүйене отырып келесі тұжырыммен шектелмекпіз. Мақал – мәтелдерді зерттеу барысында өмірден алынған қарым - қатынас қызметке байланысты фактілері және де олардың көп сатылы семантикалық кеңістіктегі орнын анықтау үшін жаппай зерттеуідің ыңғайлы әдістемесі қолданылуы қажет.
Екі тілдегі мақал – мәтелдің де ұқсастығы мен айырмашылықтары бар. Мақал – мәтел айырмашылығы екі тілдің формаларының сыртқы белгілеріне байланысты. Сонымен бірге мағынасын анықтау үшін мақал - мәтелдердің көлеміне де назар аудару қажет. Мақал -мәтелдер арқылы біз әр елдің мәдени ерекшелігімен, салт - дәстүрімен және тілдік байлығымен танысамыз. Мақал - мәтел арқылы біз әр елдің тек өзіне ғана тән ерекшеліктерін байқай отырып, барлық елге мынадай ортақ бір заңдылықты аңғарамыз: мақал - мәтел - әрбір халықтың рухани қазынасы, ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жаттала тарайтын өнеге, үлгі -өсиет және де адам пікірінің дәнекері, аталы сөздің жемісі.


Әдебиет

      1. Асқар .О. Қазақ және Әлем халықтарының таңдамалы мақал–мәтелдері. - Алматы, 2005. - 432 бет.

      2. Кеңесбаева Ү. Ағылшын халқының мақал–мәтелдері . - Алматы: Өлке, 2004. -214 бет .

      3. Longman dictionary of English languages and Culture. - Adisson Wesley: Longman Limited, 1997.

      4. Малайсарин. Ж. Қазақ мақал–мәтелдері. - Алматы.: Ана тілі, 2007. – 184 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет