Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі



бет106/237
Дата06.02.2022
өлшемі9,17 Mb.
#36785
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   237
Литература

    1. Китайгородская А.И. Место интенсивной методики в системе обучения иностранному языку. М.: Наука, 1999.

    2. Bernd Kast. Kommunikatives, auf reale Kommunikationssituationen bezogenes Schreiben. München: Goethe-Institut,1999.

    3. Margit Grüner, Timm Hassert. Einschätzung der Computernutzung beim Deutschlernen und –lehren. - München: Goethe-Institut,2008.



Мамандыққа бейімдеп оқыту әдістемесі


Хамзина А. Х.
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева (Казахстан)


Статья посвящена подготовке студентов профессиональному английскому языку по специальности.
This article is devoted to teaching the professional English for students.

Өскелең жас ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін мүғалімдер ғылыми - педагогикалық инновациялық іс-әрекет негіздерін меңгеруі шартты нәрсе. Өйткені ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген XXI ғасырда жеке тұлғаны қалыптастыру ұстаздардың басты міндеті болып саналады. Сондықтан да бұл ұстаздан үнемі шығармашылық ізденісті, жаңа әдісті қолдануды талап етеді.


«Жақсы мұғалім маған әр уақыт қат, қымбат, өйткені, ол мектептің жүрегі» деп ағартушы педагог Ы.Алтынсарин айтқанындай, мектеп үшін ең керегі – жаңашыл мұғалім. [ 2, 32 б]
Мұғалім кәсібилігін дамыту – өзекті мәселе. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құндылықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі атап көрсетілген. Ал мектепте білім беру мен тәрбие берудің сапасын қамтамасыз ететін, оны іске асыратын басты тұлға – мұғалім. Ендеше бүгінгі ұрпаққа бәсекеге қабілетті деңгейге білім беруді кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білген, оқыту мен тәрбиенің инновациялық технологияларын меңгерген мұғалім ғана жете алады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға, оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп атап өтілген. Демек бізге оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, таңдаған бағытқа сәйкес пәндердің тереңдетілген деңгейде оқытылуын қамтамасыз ету керек [2, 33].
Қазақстан Республикасының білім жүйесін дамыту тұжырымдамасында «Білім беру жүйесінің мақсаты – қоғамның жоғары білікті мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыра аларлықтай білім берудің тиімді ұлттық моделін жасау» деп көрсетілген. Оқушылардың білім деңгейі мен кәсіптік деңгейін ұдайы арттырып отыруды қажет ететін факторларға: ғылымның, техниканың дамуы нәтижесінде ғылыми ақпараттар көлемінің шұғыл өсуі, жаңа білім саласының дамуы, жаңа мамандықтар мен мамандандыру түрлерін енгізу және басқаруды ғылыми негізде жетілдірудің қажеттілігі жатады. Бүгінгі заман - бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сол себептен жеке тұлғаны дамытуға бағытталған бейімдеп білім беру оқушыларға ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтауға және тұлғалық негізіне қарай білім алуға көмектеседі Ал баланың табиғи қабілетін зерттеу арқылы болашақ мамандығына баулу - әрбір ұстаздың ұлы міндеті.
Бейімдеп оқыту білім беру саласында басты мәселелердің бірі. Жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес 10 сыныптарда оқыту екі бағыт бойынша жүргізілді: қоғамдық – гуманитарлық және жаратылыстану – математикалық.
Бейімді оқытудың мақсаты – жоғары сынып оқушыларының кәсіптік қызығуына және білім алуды жалғастыруға қатысты жоспарларына сәйкес жағдай жасау болса, оның негізгі міндеттері төмендегілерден тұрады:
- жалпы орта білім бағдарламаларына сәйкес жекелеген пәндерден тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ету;
- жеке білімдік бағдарламаларды құруға кең түрде және икемді мүмкіндіктер туғыза отырып жоғарғы сынып оқушыларын оқытуға жағдай жасау;
- білім алушылардың әр түрлі топтарына, олардың жеке бейімділіктері мен сұраныстарына сәйкес толыққанды білім алуына қамтамасыз ету.
Оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, жалпы жеке кәсіптік білім арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, сонымен бірге мектеп бітірушілерді жоғары кәсіптік білімді игеруді тиімді дайындау.
Бейімдеп оқыту мектеп басшысының алдына, пән мұғалімдерінің алдына да осындай міндеттерді жүктейді.
Бағдарламалық оқыту әдісі студенттердің өзіндік жұмыс қабылеті мен белсенділігін дамытудың ең бір қолайлы тәсілі. Бағдарламалық әдісті жаңа тақырыпты өткенде қолдануға болады, бірақта барлық тақырыпты бағдарламалық әдістен өткізуге болмайды, мысалы сабақ беретін әрбір топтарда өздерінің мамандықтарына байланысты мәтіндер таратылып береді. Осы карточкаларда сұрақтар мен нөмірлер жазылады. Нөмірлері бағдарламалық материалдары сәйкес болу қажет, яғни сұрақ – жауап нөмірлері бірдей болу керек. Студенттер берілген мәтінмен танысып оларға қарап карточканы дұрыс толтыру керек. Мәтіндегі әр бөлікке жеке-жеке жауап жазылады. Егер студент сұраққа түсінбеген болса, қайта көмек көрсетіліп түсіндіріледі, ал егер кейбір студенттер ерте орындаса оларға қосымша тапсырма беріледі. Осындай өзіндік жұмыс студентті ізденімпаздыққа, белсенділікке, тапсырманы уақытында орындауға көмектеседі. Сонымен қатар олардың есте сақтау қабылеті, көзбен есте қалдыру белсенділігін арттырады.
Қазіргідегідей ғылыми – техникалық төңкеріс және ғаламдану процесінің белең алып тұрған кезінде мемлекеттік қызметшінің елдің әлеуметтік, эконмикалық және саяси дамуының ауқымдылығын түсіне білуі, стратегиялық ойлау қабілетіне ие болып, жаңа технологиялық және өзінің қызмет саласына тиісті, күнделікті өндіріс қажетті ғылыми жетістіктерді меңгере білуі ауадай қажет. Мемлекеттік басқару ісінде ақпараттық-компьютерлік технологияларға мамандарды даярлау өзекті мәселенің бірі.
“Білім беруді дамытудың 2005-2010 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы” білім беру жүйелерін еліміздің білікті мамандарға деген қажеттіліктерімен тығыз бірлікте дамытуды қарастырады. Мұның өзі бейімді оқытуды кеңейтуден және жекелеген пәндерді тереңдете оқыту сыныптарының ашылуынан көрініс табуда. 12 жылдық білім беруге көшу арқылы, ҚР-сы президенті айтқандай, мектеп қабырғасында жоғарғы сынып оқушылары алғашқы кәсіби мамандықтарды алып шығуы керек. Елбасы әлемдік білім беру кеңістігіне ену арқылы айтқанда мектеп бағдарламасының біраз бөлігі ЖОО-да қайталанады. Осы қайталануды тоқтату, ал ЖОО-ғы білім беру мазмұнын қазіргі ғылыми-техникалық жетістік ақпараттарымен, оқытудың жаңа техналогияларын еңгізу арқылы халықаралық білім беру стандарттары деңгейіне көтерілу қажеттілігі туралы айтқан [1, 167].
Жоғары сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағдарда оқыту базалық білім негізіне сүйенеді. Бұл бағыттарда білім беру оқушылардың болашақ мамандығы мен іс жүзіндегі іс-әрекетін нысана ете отырып белгілі бір нәтижені көздейді. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағдар, негізінен, жан-жақты білім беруді көздейді. Себебі, мұндай бағдармен оқытатын мектепте адамзат тарихы және мәдениетімен ғана емес, адам табиғатынан, болмысынан білім беріледі. Бұл бағдар мектепте оқытылатын гуманитарлық пәндердің біріне сүйенеді. Мәселен, шетел тілі пәндері мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетілдіруге, қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді. Шетел тілі сабақтарының басты мақсаты: шәкірттерге күнделікті өзін қоршаған қоғамнан алған білім, білік дағдыларына қоса басқа елдердің тыныс-тіршілігін хабардар етіп, мағлұматтар береді және ең бастысы, жеке бас тәжірибесін жетілдіре түсуге көмектеседі. Шетел тілін үйрену арқылы оқушылар білім деңгейін көтеріп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар, ерекшеліктерді ажыратуға дағдыланады, оқушының өз пікірі қалыптасады, басқа елдердің мәдениетін үйренеді. Шетел тілін үйрену өз бетінше білім алуға, интермәдениет коммуникациясын бойына сіңіруге септігін тигізеді. Шетел тілі пәнінің ең басты міндеті – шәкірттердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру [2, 36].
Арнайы біліктер бойынша бағдарлы оқытуда сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу талаптарымен қатар аударма және жазу талаптарымен міндетті түрде беріледі. Қоғамдық-гуманитарлық бағытта мектептерде оқу мен сөйлеу басты әрекет болады, оқытудың тәрбиелік, білім беру, жетілдіру мақсаты нақтылана түседі. Атап айтқанда, оларға төмендегілер кіреді:
- мамандық таңдауға оқушының саналы түрде қатынасы, өзінің болашақ мамандығына шетел тілдерін іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін сезінуін тәрбиелеу;
- оқушының өз мамандығына деген жалпы ой-өрісін кеңейту, болашақ мамандығына қызығушылығын арттыру;
- таным үрдісіне оқушының ойлауы, есте сақтауы, тіл мәдениеті, жаратылыстану және математика ғылыми саласына қызығуы, ғылыми көзқарасы мен тілді қолдану білімін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
- оқушыларды ауызша және жазбаша түрде болашақ мамандықтарына байланыстарына өзара мәдени қарым-қатынас жасай білуге дайындау.
Шетел тілі сабақтарында оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сай түрлі әдіс-тәсілдер қолданылғаны жөн. Ал әрбір өткізілген сабақ оқушыларды өз бетімен ізденіп білім алуға, оқуға жетелесе құба – құп.Оқушының мәселені тани білуі, алған білім, біліктерін жаңа тапсырмаларды шешуге, міндеттер қоя білуге тәрбиелейді. Сабақ үрдісінде шәкірттер оқуға үйренеді, өз бетімен ізденіп білім алудың жаңа жолдарын, тәсілдерін білуге бейімделеді. Бұл өз бетінше жүргізілетін жұмыстарға реферат жазуға, қолжазбалар дайындау, баспасөз беттерінен, оқулықтардан ақпарат алу, түрлі хабарламалар дайындау жатады. [4, 19].
Бейнелеу өнері ойлаудағы көркем – образдың және логикалық байқауды үйлестіреді, тұлғаны бір жақты емес, жан-жақты дамыта түседі. Көркем бейнелеу қабілеті студенттердің танымдық саласы мен интелектіне жақсы әсер етеді, өзін-өзі дұрыс бағалауы мен өмірлік бағдарын дұрыс таңдауына ықпал етеді деп дәлелдейді. Осыған байланысты Д.Дидро қызықты қорытынды жасайды: ”Қалай сурет салу, қалай оқу және қалай жазу керектігін үйреткен ел қалған басқа барлық елдерді өнер, ғылым және шеберлік жолынан басып озады. Оқытушы мен студенттік шығармашылық диалогы мен өзара бағалауы, креативтілікті дамытуға арналған жаттығулар жүйесі, шығармашылық пікір сайыс, ретімен түсіндіру, репродуктивті ізденіс әдістері және т.б. Біздің еліміздегі оқыту жүйесінің қазіргі кездегі әр түрлі техникамен қаруланған жоғары деңгейде деп есептеуге болады. Бұл пікірді шетелдік педагогтар да мойындап отыр. Қазіргі білім беру саласын реформалаудың негізгі қағидасы – бұл ұстаздар тәжірибесінде алуан түрлі озық технологияларды зерделей қолдану. Қазастан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру сапалы білім беру арқылы білікті мамандар қалыптастыру көрсетіледі. Қоғамның сұранысына қажет педагогикалық дайындау, білім мен ғылымды интеграциялау арқылы білім берудің сапасын арттыру, әсіресе білім мекемелерін басқару саласын жетілдіру дүниежүзілік озық тәжірибеге сай реформалауды жетілдіру дүниежүзілік озық тәжірибеге сай реформалауды пәрменді жүргізуге талап етеді.
Студенттер өндірістік тәжірибелерін жобалау мен құрылыс мекемелерінде шыңдайды. Бұл мамандардың өндіріске сұранысы өте көп. Орта мектеп, лицей, гимназия, колледжді бітірген орта және орта кәсіптік білімі бар түлектер қабылданады.
ҚР-дағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада айқындалған міндеттерді жүзеге асыру сапалы білім беру арқылы білікті мамандарды қалыптастыру көрсетілді. Қоғамның сұранысына қажетті педагогикалық мамандарды білім мен ғылымды интеграциялау арқылы білім берудің сапасын арттыру, әсіресе білім мекемелерін басқару саласын жетілдіру дүниежүзілік озық тәжірибеге сай реформалауды пәрменді жүргізуді талап етеді. ҚР «Білім беру» туралы Заңында сондай-ақ 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да осы мәселе басты назар аударған. [6, 179]. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев педагогикалық оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелей алатын жаңа формация педагог дайындау міндетін қойып отыр. Сондай-ақ, Елбасының 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауындағы: «Болашақ мұғалім мамандығы аса қажетті және жоғары ақы төленетін мамандық болады». Әрине, мұғалімнің өзі де уақыт талабына сай болуы керек. ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау қажеттілігі туып отыр, яғни ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелуі анық.
Ғылымның қай саласында болмасын техникаға, жаңа ақпараттық технологияларға байланысты пәндер интеграциясы білім беру саласында қомақты орын алуда. Соған орай жалпы білім мазмұны мен оқыту әдістемесінде де жаңалықтар орын алуда. Оның тағы бір дәлелі, мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы міндетті жоғары білім стандарттарының шығуы. Қазір техникалық пәндер мен ізгілендіру пәндері арасындағы тығыз байланыс етене жалғасып кетті. Жаңа ақпараттық технологияларға байланысты пәндер төменгі курстардан бастап типтік оқу жоспарында жаратылыстану пәндер циклында мемлекеттік компонент ретінде жүргізіледі. Сонымен қатар басқа да ақпараттық технологиялар бойынша жүргізілетін пәндер оқу жоспарларында орын алуда. Нәтижесінде техникалық емес мамандықтарға студенттердің ақпараттық білім мен біліктілігі, танымдылығы қалыптасады.
Біз болашақтың жоғары техникалық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Мысалы құрылыс инженерлеріне, материалтанудан, математикадан, информатикадан, құрылыс технологиясынан, құрылысты жобалаудан, жан-жақты терең білім алу керек. 4 жыл оқу барысында студенттер инженерлік графикадан, компьютерлік есептеуден, жобалаудан, құрылыс технологиясынан, ғылыми зерттеу негізінен, гуманитарлық, техникалық ғылымдарды тыңғылықты дайындай алады. Ғаламдық білім беру жүйесінде жұмыс істейтін ұстаздың бойында мынадай қабілеттердің болуы қажет.
- ғаламдық ойлау, әлемді түрлі жағдайда көре білу, басқа ел мәдениетін көруге және басқадай көзқарастарға қызығушылығының болуы.
- ғаламдық білім берудің негізгі идеясы ұлттық мәдениетті білу, отаншыл болу.


Әдебиет

      1. Ә.лімбаева С. . Бейімдеп оқытудың мүмкіндіктері мол. // Вестник КазНУ. Педагогические науки. -Алматы. - 2007. - № 4. - 32-33б.

      2. Шолпанқұлова А. Тәуелсіз елге білікті маман. Қазақстан мектебі. // Ғылыми-педагогикалық журналы. -Алматы. - 2008. - № 2. - 42.-43б.

      3. Базарбек Ж. Қазақстан мектебі. // Ғылыми-педагогикалық журналы. Алматы. - 2007. - № 2.

    1. Назарбаев Н.А. Ғаламдық білім беру технологиясы. Қазақстанның ғылыми әлемі. Алматы, 2008. - № 6.

    2. Базарбек. Ж.Б. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу. // Білімдегі жаңалықтар. Ақпаратты-әдістемелік журнал. Астана, 2007. - № 43б.

  1. Назарбаев. Н.А. ҚР-дың білім беру туралы заңы. // Егемен Қазақстан, 1999. 11 маусым.

  2. Назарбаев .Н. А. ҚР-дың білім беруді дамытудың 2005-2010 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы. // Қазақстанның ғылыми әлемі. Астана, 2004.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет