Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат


ҮШІНШІ АКТ Бірінші картина



бет11/14
Дата23.10.2016
өлшемі3,8 Mb.
#60
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ҮШІНШІ АКТ




Бірінші картина



Театр сахнаның сыртындағы артистер гремделетін орын. Оң жақта Шәрбанның, солда Толқынның бөлмелері. Коридор Төргі қабырғада шымылдық құрулы.

Ойын басталғалы жатқан уақыт. Ұзақ соғылған электр қоңырауының дауысы. Үстінде ойын киімі Толқын бөлмесінен шығады да, Шәрбанның бөлмесінің есегін қағады.

Толқын. /Ызалы/ Шәрбан, бері шығып кетші.

Шәрбан. /Бөлмесінен шығып/ Толқынбысың? /Қол алысып/ Саламатсың ба? Аман-есен қайттың ба? Келгеніңді естіп едім. Бара алмай жатырмын., ту өзің тіпті ажарланып кетіпсің, жол жаққан екен...

Толқын. /Зілді/ Құдайға шүкір, майдай жақты. Міне өлді, барса келмеске кетті дедіңдер ме. Рөлімнен алып тастап жүрген қайсың?

Шәрбан. Алып тастаған емес, жастарды басты рольдерде ойнасын деген коллективтің тілегі болған.

Толқын. Сол тілекті сене де, ана алақұстан да бұрын мен айтқан болатынмын. Сонда менен бастауларың дұрыс па? Шет қақпай қылып мұқатамын дейтін шығарсыңдар... Пішту. Әлдеріңе қара. Мұқалғаным...

Қалшылдап тұра алмайды.

Шәрбан. Байқұс-ау енді... Мандайға жазып қойған рөль жоқ қой.

Толқын. Маңдайыңа жазбаса, жол бер.

Шәрбан. Менің бермей жүрген күнім бар ма?

Толқын. Қызғыштай қорып, безек қаққан көсемдігіңді көргеміз, болмаса ойнайтын бүгін сенің де ретің жоқ. Неге кезекті бермейсің.

Шәрбан. Көзің қарауытып, ашуыңды менен алғалы тұрсың ба, өзің?

Толқын. Саған айтамын, сенен алам ашуымды. Көлгісірме... Өртті салып жіберіп жайдары жансып, су жұқпас сұмырай бола қалатын ежелгі әдетің болатын. Театрды өз қолыңнан жасағандай билеп-төстейтін дәнеме де жоқ... Ойнап келген рөлім ойнаймын. Мықты екенсіңдер, ойнатпай көріңдер!

Шәрбан. Ол күштілігіңді маған айтпа.

Толқын. Кім едің сен соншама.

Шәрбан. Үйдегі қазан бұзарлығың мұнда жүрмейді Толқын, сенімен салғыласып тұратын уақытым жоқ. Қазір саханаға шығам, ойыным бар /Бұл кезде Тоқтар келе жатады/ Дауыңды ана Тоқтарға айт...

Бөлмесіне кетеді. Толқын да өз бөлмесіне кетеді.

Тоқтар. Вася, Вася. Екінші қоңырауды бер.

Дауыс. Болады.

Тоқтар. /Толқынның бөлмесін қағып/ Күлтай, дайынбысың, киініп болдың ба?

Толқын. /Шыға кеп/ Күлтайыңыздың дайындығы шамалы бопты. Сондықтан өзім шыққалы тұрмын, жолдас режиссер.

Тоқтар. Қыңырлықты қызметтен тысқара жерде істесеңіз екен, жолдас актриса.

Толқын. /Сазарып/ Қыңырлығым емес, кезегім. Қыңырлық сендерден кетпесін.

Сарт еткізіп есікті жауып, бөлмесіне кіріп кетеді.

Тоқтар. /Ызамен/ Кесіріңді елдің бәріне бірдей тигізе алмайсың. Аспанды құлатып жіберсең де бүгін ойнай алмайсың. Күлтай қайда? Рұқсат еткен кім? Бұл не сұмдық! /Қолында комзолы, асығыс Күлтай келе жатады/ Сен қыз қайда жүрсің? Екінші қоңырау соғылады.

Күлтай. Аға, Толқын апам өзім ойнаймын деп киініп алды ғой.

Тоқтар. Болмайды! Толқын апаң ойнамайды. Халықты алдай алмаймыз. Афишада сенің атың жазылған. Басты рөльде сахнаға тұңғыш шығатын күнің. Тигізбесін қырсығын. Бар киін. Екі минут ішінде дайын бол!

Күлтай. Жарайды аға, киінейін, бірақ...

Тоқтар. Күнім-ау, мен саған бар деп тұрмын ғой. Игілігіме қол сұқпа, болашағыма бөгет жасама деп неге айтпайсын. /Шәрбан бөлмесінен шығып келеді/ Шәрбан, бұл не, долылық па, жындылық па... Афишада жазылды, оны неге көрмейді. Театр үй ішінің драмасының орны емес, неге айтпайсың ана замандасыңа.

Шәрбан. Алты аласы, бес бересі жоқ. Өзіме қарап тұрып тарпа бас салған жоқ па. Не деп айтасың.

Тоқтар. Жаным-ау... /сағатына қарап/ Бес-ақ минут қалды. Не істеймін? Костюмерша қайда? Әділ іске қатал болсаң, айыбы жоқ. Бәрі жүр, Күлтай /Екеуі Толқынның бөлмесінің алдына келеді/ Толқын, үйренген жау атыспаққа жақсы деп, басынғың келеді ме? Әр нәрсенің орны бар. Мына Күлтай кешегі жүрген бала еді. Бүгін міне топ алдыны шығып, өнерін көрсетуге жарады. Бақытын байлаймысың. Неге бермейсің. Қуанышы бәрімізге ортақ емес пе?...

Толқын. Күлтайды алдыма кес-кестеп таратпай-ақ қой. Менің бағымды сен байлаймысың. Қатардан қалу маған да ауыр.

Тоқтар. Қатардан... Сондағы Күлтай ма? Бақытыңды өз қолыңа алған жоқ па едің.

Толқын. Ендеше жолыма кедергі болма.

Тоқтар. Жолың ашылған... Киімді бер!

Толқын. Зорлықпен бе...

Тоқтар. Әділ іске қиянат істеп тұрған сенікі зорлық. Бәсеке талас десең, мына менімен, ана Шәрбанмен талас. Күйітпе жазықсыз жастың жанын. Бер киімін!

/Үшінші қоңырау соғылады/ Тоқтай тұр. /Тұра жүгіріп кенет кідіреді/ Беріліп қалды. Толқын, сенімен екеуіміздің арамыздағы тартыс та сенің осы сияқты таяз ой, шолақ ақылыңнан туатын. Ақыры не болды.... Не болғалы тұр... Сен мұнда менің басымды күлкі, келемежге айналдырам дейсің ғой, ана отырған халықты ойыншық етемісің. Ете алмайсың... Халықпен ойнауға болмайды. Өмір сахнаның сыртында емес, ішінде, халықты көз алдында. Бер киімді!

Толқын безеріп тұрып қалып, ақырын киімдерін шеше бастайды. Ойын күткен халықтың залдын қол шапалақтағаны естіледі.

Толқын. /Ауыр күйінішпен/ Мә, ал Күлтай, сен шық халық алдына. Маған шығуға болмайды екен...

Бөлмесіне кетеді. Күлтай да бірге кіреді.

Тоқтар. Шымылдық! Шымылдық! Шәрбан. Дайынбысың?

Шәрбан. Дайынмын.

Екеуі кетеді. Толқынның бөлмесінен киініп Күлтай шығады. Толқын бірге.

Күлтай. Толқын тәте, жүрегім соғып тұр... Менің тұңғыш қадамым. Тоқтар ағам екеуің айныған көңілдеріңді қайта қосуға себеп болар ма!

Толқын. /Ойланып/ Қосуға деймісің? /Күрсініп/ Ширап шыңға шығып кетті ғой, қалқам. Созғанмен қол жетпейді.

Күлтай. Жоқ, тәте, шындап сермесе қол жетпейтін шың бар ма? Біріңнің көмегіңмен, біріңнің ізіңмен міне кең дүниеге мен де қанат қаққалы тұрмын... Ойлаған жерге жету үшін көңілді кейін тартатын күдігім екеуіңнің араңдағы айныған махаббат... Шынымен сөнгені ме...

Толқын. Оны енді еске алып қайтесің, қалқам. Сен қазір сахнаға шыққалы тұрсың.

Күлтай. Тілектес бол, тәте!

Толқын. Тілектеспін... Жолың болсын!

Күлтай. Мен шыққанша кетпейсің ғой?

Толқын. Жоқ... Ия... Апалық борышымды аяғына дейін ақтай алмадым. Бәрі де арман...

Тұнжырап төмен қарап қалады.

Күлтай. Шығатын кезегім келді. Кеттім, тәте.

Жүре береді.

Шам сөнеді. Ойын аяқталуға таяу уақыт. Сахна сыртында Тоқтар, Шәрбан тұр... Залда ду қол шапалақтау. Құрмет, қуанышты, көңілді көтеріңкі дауыстар.

Тоқтар. /Орнында тұра алмай/ Әлі болған жоқ. Соңғы сатысына жеткізбей қол ұрды... /сахнаға назарын аударып/ Осы серпінінді төмендетпе... Аяғыңды кең таста. Міне, міне, осы бір кезең... Толға, түйдектеп тек... /Ырза болып/ Жарайсың Күлтайым, жарайсың! /Шәрбанға/ Көрдің бе? Ұзаққа талмай шабатын жүйріктің серпіні бар ма емес пе? Вася, тез шымылдық! /Ду қол шапалақтау/ Васька, аш! /Зал күңіреніп кетеді, шапалақ күшейеді. Жарқ етіп сахнадан Күлтай шыға келеді. /Тоқтар құшағын жайып/ Жанған талап! Ризамын! Төбем көкке жеткендей болды. Жабырқаңқы көңілді серпіп тастадың.

Шәрбан. Құтты болсын қадамың!

Бұл кезде Бұлан келеді. Ізін ала Күнікей, Шалдыбайлар келеді.

Бұлан. Күлтай қайда?

Күлтай. Мен мұндамын, аға.

Бұлан. /Қолын алып/ Ойлаған ойымнан шықтың, осы қасиетіңді мәңгі сақтай біл. Ардақтаймын, қуанамын.

Күнікей. Келші Күлтай, маңдайыңнан иіскейін.

Шалдыбай. Молодец! Тіпті өзіміз соқыр екенбіз... Осы күнге дейін Күлтайды көрмей жүрген. Бәрінен де асырдың! Шәрбан, Толқындар шашыңа да ілесе алатын емес. Міне, дүниені осылай жалпағынан болмас па...

Бұлан. Өй сенің жүрмейтін жерің, қыстырылмайтын орның болсайшы.

Шалдыбай. Шырағым-ай енді, қуанғанымызды білдірмейміз бе? Апа, бүгінгі еңбек Күлтай екеуіміздікі... Міне, мына алақанды қараңдаршы, ұра, ұра күлдіріп қалды.

Күнікей. Е, сен байғұс кімге алақан ұрмай жүрсің... Жарайды балалар. Қуанттыңдар да, күлдірдіңдер де. Тоқтаржан, осының бәрі сенің еңбегің. Сен едің баулып ұшырған /көзіне жас алып/ Не керек төрт құбылам тең тұрғанда, менен бақытты кім бар еді. Маңдайыма симадың...

Тоқтар. Ия, апа, уақыт солай болды...

Шалдыбай. /Ұнатпай/ Уақыт, уақыт... Осындайдың арты той-тобырға айналып, мәз-мәйрам болып жатпайтын ба еді тәйірі...

Тоқтар. Қоя тұршы, Шалдыбай.

Бұлан. Жетік іздеген құзғын құсамай, осы сен бізден қашан аулақ кетесің. /Шалдыбай үндемейді, ығысып теріс айналады/ Тоқтар аға, бұл саған қойған таудай талаптың, көп тілектің бір ұшқыны ғана... Бетіңді жаңа түзедің... Енді құламай, сүрінбей аяқтай біл. Тек өз ұяңнан өзің шошыма. Қош бол!

Күнікей екеуі кетеді.

Тоқтар. /Ойланып/ Не деп кетті, Шәрбан?!

Шәрбан. Туысы ғой, ұя дегені Толқынның торы емес пе...

Тоқтар. /Толғанып/ Біреу тор дейді, біреу ұя дейді.

Бұл жанға батқан жарадан қашан арылармын!






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет