Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат



бет14/14
Дата23.10.2016
өлшемі3,8 Mb.
#60
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Семей, 1947 жыл



ТҮСІНІКТЕР
«Майданнан майданға» – пьеса алғашында 1947 жылы «Дауылдан соң» деген атпен жазылған, сол жылы 22 қазандағы Қазақстан Жазушылар Одағының Президиумының отырысында бекітіледі. Ғабит Мүсірепов: «Қайымның «Майданнан – майданға» пьесасы қазақ совет драмматургиясының жақсы табыстарының бірі есебінде театр сахнасына ұсынылуы керек», – деп ерекше баға берген.

Пьеса оқиғасы – Ұлы Отан соғысынан кейінгі қазақ ауылында өтеді. Негізгі тақырыбы соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын көтерген ерлердің қажырлы еңбегі.



«Комиссар Ғаббасов» – тарихи драмалық шығарманың оқиғасы 1919 – 1920 жылдары Аягөз, Сергиополь жерінде өтеді. Шығарманың негізгі кейіпкері - Аягөзде Кеңес Үкіметін орнатуға белсене ат салысқан. Сабыржан Ғаббасов. Драмада сол заманның тарихи шындығы нанымды баяндалады. Пьесаның премьерасы 1962 жылы Семейдің Абай атындағы музыкалық драма театрында режиссер Бәйтен Омаровтың жетекшілігімен қойылған.

«Ер Білісай» – тарихи драманың оқиғасы 1919 жылы Семей облысының Жарма ауданында өтеді. Негізгі кейіпкері ақ бандыларға қарсы күресіп, ерекше ерлік көрсеткен Білісай тарихта болған адам.

Білісай Байғаранова (Жарма ауданы) азамат соғысы жалдары ақ бандыларға қарсы күресте ерлік ісімен көзге түсіп, ел аузында «Ер Білісай» атанған әйел.



«Перне» – тұрмыстық махаббат драмасы. Сәбит Мұқанов 1944 жылы 28 июльде Қазақстан Халық комиссарлары советінің жанындағы Өнер басқармасына жазған хатында былай деген: «Жазушы Қайым Мұхамедхановтың «Перне» пьесасы өнер туралы жазылған сүбелі шығарма, шынайы талантты дүние. Сондықтан Қазақстан Совет Жазушылар Одағы жолдас Мұхамедхановтың бұл пьесасын Қазақстан театрларында қойдыруды ұсынады». Пьесаның оқиғасы Ұлы Отан соғысының соңғы жылдарында өтеді.
Өлеңдері
«Қазақ ССР-нің Гимні» – 1944 жылы Қазақ ССР – нің Мемлекеттік Гимні мәтініне жабық конкурс жарияланған. Ақын сол конкурста жеңімпаз болып танылған. «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» - деген өлең жолы «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған» - деп өзгертіліп, Ғ. Мүсірепов пен Ә. Тәжібаев қосалқы автор ретінде тіркелген. Бұл жөнінде «Ана тілі» газетінде (1991 ж. № 51) Әбділда Тәжібаевтің және «Халық кеңесі» газетінде (1992 жыл № 150) Ғаббас Қабышұлының мақалалары жарық көрген.

Негізігі нұсқа «Казахстанская правда» газетінің 1945 жылғы 17 ноябрьдегі № 234 санында жарық көрген.



«Қазақстан Республикасының әнұранына ұсынылған нұсқа» – 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне жарияланған конкурсқа ұсынылған шағарма. Байқауға ұсынылған мәтінде бұрынғы саясат шеңберінде мәжбүрліктен қолданылған әсіресаяси сөздер жоқ. Өлең Егемен Қазақстанның болашағын айқындайтын, алаш рухын асқақтататын биік деңгейде жазылған. «Егемен Қазақстан» газетінің 1992 жылғы 24 наурыздағы № 70 санында жарық көрді.

«Балаларыма» – 1952 жылы Карлаг, Теміртау лагерінде жазылған. Өлең 1991 жылы «Семей таңы» газетінде жарық көрді. Ақынның айдауда жүргенде соңында қалған алты баласына және сүйікті жары Фархинурға жазған өлеңі. «Алтын көріп, адал жолдан таймадым, Сұғанақ боп арам астан татпадым»,- деген өлең жолдарынан ақынның азаматтық кредосы айқын көрінеді. Автор: «Лагерьде жүрген кездегі сезім-сырымды, көңіл күйімді білдіретін, бұдан 40 жыл бұрын жазылған «Балаларыма» атты өлеңімді тұңғыш рет жариялап отырмын»,- деп түсінік берген.

«Отырдық тар қапаста күнді санап» – 1952 жылы басталып, 1956 жылы М.Әуезовтің үйінде аяқталған. Ғалым: «Елу алтыншы жылы түрмеден босадым. Мойынты-Шумен келіп, Алматыға түстім”, - дей келе, «Бір сәтте Мұхтар: Қайым, сен түрмеде не ойлап отырдың? – дегені. Бір кісілік камерада отырғанымды, көрген қорлығымды айттым да, мынау өлеңімді оқи жөнелдім», - деп есіне алады. Алғаш рет «Семей таңы» газетінің 1996 жылғы санында жарық көрді.

«Шерубай – Нұра станциясы маңындағы Қуандық – Қареке ауылының ақсақалы Әтімге» - өлең 1953 жылы Карлаг, Құлайғыр лагерінде жазылған. Бас еркіндігі жоқ, айдауда жүрген азаматтар атыннан станция тұрғындарының мінездерін сынап, шенеп айтқан өкпе-назы. «Ауылыңа іздеп барса шулайсыңдар, Секілді жемтік көрген қара қарға», - деген өлең жолдарынан осыны аңғаруға болады.

«Ұстазыма» – Сегіз жасында қолына қалам алдыртып, оқытып, үйретіп, тәрбиелеген ұстазы Тұрлықан Хасенұлына арналған өлеңі. Темірқанат балапандай баулып, Абай атын жазуды үйреттің - деп тебіренеді ақын.Өлең 1936 жылы жазылған.

«Алдымда ақын Абай - Темірқазық» – Қазақтың ұлы ақыны Абайдың ақындардың ұстазы, өлеңнің биігіне алтын туын тіккен ақын ретінде бағалайды. «Қолыма алып, өлең жазссам, Алдымда ақын Абай – Темірқазық», -дейді. Өлең Семей қаласында 1940 жылы жазылған.

«Орындалған өсиет» – Өзін Хан Шыңғыстың бигінен айналаға көз жіберген қыранға теңеп, Абайдың соңында қалдырғанған мол мұрасын жырға қосады. Абайды ұлы дарияға, басқа ақындарды оған құйып жатқан мөлдір бұлаққа балайды.

«Жамбыл» – 1938 жылы жыр алыбы Жамбылдың 75 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілді. Осы мерекеге орай 18-19 мамырда халық ақындары мен жыршы-термешілерінің слеті өтеді. 20-22 мамыр аралығында Қазақстан Жазушылары Одағының пленумында Қ. Мұхамедханов толғауын оқып, елдің алғысына бөленеді. «Екпінді» газетінің 1938 жылғы 12 апрель, 10 марттағы сандарында жарық көрген.

«Революция дауылпазына» – ХХ ғасыр басында реалистік әдебиеттің негізін салушы ретінде Максим Горькийге өлең арнамаған ақын кемде-кем. Ақын «революция сұңқарын» – «Шаңқылдап қара түнде ұран салған» дауылпазға теңейді. Өлең «Екпінді» газетінің 1940 жылғы 18 маусымдағы № 139 санында жарық көрген.

«Ойнақы көз, тұрақсыз сөз» – Қазақ аруының бойындағы тұрақсыздық, сылқым сұлулық, көлгір күлкі сияқты жағымсыз қасиеттерін айта отырып, ақын тұла бойы ұят пен арға тұнған, жаны таза, сабыры мол сұлуды іздейді. Өлең 1936 жылы жазылған.

«Туған айдай толықсып сен көріндің» – Махаббат, жастық шақ туралы жазған жыры. Ғашықтық отына күйіп, жанған жігіттің сезімін ақын былай суреттейді: «Сүйіп, күйіп, денем балқып, жан иіп, Сезім билеп ақылды да, ойды да». Өлең 1942 жылы жазылған.

«Сүйем Отан анамды» – Туған елін, жерін, өзен-көлін шабыттана жырға қосады. Ақын ел басына қауіп – қатер төнген қаһарлы күнде жасұлан елін қорғауға аттанады дейді. Өлең «Екпінді» газетінің 1942 жылғы 19 ақпандағы санында жарияланған.

«Ел қаһарын жырлаңдар» – Соғыс жылдарында Семей қаласында облыстық ақындар айтысы өтеді. Бұл айтысқа Сапарғали, Төлеу, Нұрлыбек, Архам сынды атақты ақындар қатысады. Ақынның айтысқа қатысушыларға арнаған толғауы. «Екпінді» газетінің 1943 жылғы санында жарық көрген.

*«Батыр ағама» – «Бел шешпей, мұз төсеніп, қар жамылған, Кірпігін күндіз-түні емес қаққан», – деп даңқты батыры, Халық қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының соғыста көрсеткен ерлік ісі шабыттана жырға қосқан.

«Ері қорған еліне» – Майдан даласында Отан үшін қасық қалғанша шайқасып, ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының батыры Кисляковтың ерлгі суреттеледі. Өлең 1941 жылы жазылған.

«Қарындастың білем атын» – Атақ даңқын кірлетпей, елі үшін жанын қиған ержүрек партизан Тося Петрованың ерлік ісі нанымды бейнеленеді. Өлең 1943 жылы 22 мамырда жазылған.

«Біздің Киев» – 1943 жылы неміс басқыншыларынан азат етілді. Осы қуанышты мерекеге орай ақынның жазған өлеңі. «Тажалдың тырнағынан бауырларын, азат етті көзінің жасын тиіп»,- қаһарман қаланы азат еткен ерлерді жырға қосады.

«Москва» – соғыстан кейін жазылған өлең. «Москва – соққан жүрек, көрер көзім», – дей отырып, ақын: «Астанам, бір отауың өзін тіккен – Жайнаған күн сәулелі Қазақстан», - қазақ елін де жырға қосады. Өлең «Екпінді» газетінің 1947 жылға 7 сентябрьдегі санында жарық көрді.

«Мен советтік азамат» – «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1955 жылғы 1 мамырдағы № 18 санында жарық көрген. Совет азаматының адал еңбегін, достығын, мақтанышын жырға қосады.

«Отан туралы екі өлең» – 1955 жылы «Екпінді» газетінің № 170 санында жарияланған. Ақ сүт беріп өсірген анадай Отан анасын сүйіспеншілікпен жырға қосып. «Кім сүймейді туған ата-анасын, Кім сүймейді адалжарын, баласын»,- дейді.

«Алтын дән туралы жыр» – Тың көтерілгеннен кейін қазақ даласында берілген алғашқы миллиард пұт астық берген еңбеккерлер жырланады. Осы өлеңге Бекен Жамақаев ән де жазған.

«Ана тілегі» – Баласының талабына, алғашқы қадамына қуанған ана тілегі жырланады. Елімнің ертеңі, халқымның болашағы сенсің деген ана сөзі айтылады. Өлең «Екпінді» газетінің 1946 жылғы №174 санында жарық көрген.

«Бала» – Бала ата-ананың жүрегі, бала махаббаттың тірегі –деп ақын баланың былдырлаған тілін де жырға қосады.

«Арон Рашид пен иттер» – Ежелгі Шығыс аңызының желісі бойынша жазылған мысал өлең. Патшаға үріп, арсылдаған иттер арқылы әрбіреуге қарадан қарап тисін жүрген адамдарды шенейді. «Біраз үріп, арсылдап – абалаймыз, Ауыз ашпай, тіпті, үндемей қала алмаймыз». 1965 жылы жызылған.

«Әділ бөліс» – Халық әңгімесінің желісі бойынша жазылған шағын әңгіме. Балалар ұғымына лайықталып жазылған. Елді аяусыз қанап, әлімжеттілік жасап отырған, тойымсыз адамдар бейнесі арыстан арқылы берілген. 1965 жылы жызылған.

«Бай мен қызметшісі» – Халық әңгімесінің желісі бойынша бала ұғымына арнап жазылған мысал әңгіме. Қытымыр, қайырымсыз байды қызметшісінің тапқырлығы сөз болады. 1965 жылы жызылған.

«Сараң кемпір мен зейінді баласы» – Халық әңгімесінің желісі бойынша бала ұғымына арнап жазылған мысал әңгіме. Сараң кемпірді алдап, тапқыр баласының жол тауып кеткені айтылады. 1965 жылы жызылған.

«Аңғал бала мен шал» – Халық әңгімесінің желісі бойынша бала ұғымына арнап жазылған мысал әңгіме. Өтіп бара жатқан өмірді байқамаған аңғал бала туралы айтылады. 1965 жылы жызылған.

«Өсиет» – Тарас Шевченконың айдауда жүргенде 1845 жазған өлеңі. «Екпінді» газетінің 1946 жылғы № 50 санында жарық көрген.

«Жалғызбын мен жалғызбын» – Украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченконың түрме мен айдауда жүргендегі өлеңі. Өлең 1847 жылы жазылған. «Екпінді» газетінің 1946 жылғы № 50 санында жарық көрген.

«Ащы тәжірибе дауысы» – Татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың 1911 жылы жазған өлеңі. Жүзінен нұр төгіліп мейірленіп тұрса да ешкімге сен бе, -деп қарт тәжірибені жырға қосады. Өлең «Екпінді» газетінің 1946 жылғы 27 апрельдегі санында жарық көрген.

«Медреседен шыққан шәкірттер не дейді» – Ғабдолла Тоқайдың медресе шәкірттерін сынап жазған өлеңі. ХХ ғасыр басындағы сондай халді қазақ халқының жастарыда өткізгендігін меңзеп аударған. Аударма аяқталмаған.

«Сормаңдай Лиза» – Орыстың әйгілі жазушысы әрі тарихшысы Николай Михайлович Карамзиннің атақ даңқын әйгілі етіп, әдебиет әлеміне танытқан шығармасы – «Бедная Лиза» (повесть) 1792 жылы жазылған. Көркем қара сөзбен жазылған шығарманы Қайым Мұхамедханов 1954 жылы өлеңмен аударған.

МАЗМҰНЫ
І бөлім


«Майданнан майданға» ......................................................................... бет
«Комиссар Ғаббасов» .......................................................................... бет
«Ер Білісай» ......................................................................................... бет
«Перне» .........................................................................................
Пікір ....................................................................................................
ІІ бөлім
Өлеңдері .................................................................................................
«Сормаңдай Лиза» ..................................................................................
Түсініктер ...................................................................................................

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет