Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм исламдағЫ Әйелдің жағдайы және қҰҚЫҚтары


 ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ АРАБ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ



бет3/16
Дата24.09.2023
өлшемі262,96 Kb.
#182221
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істер-emirsaba.org

1. ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ АРАБ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК ОРНЫ МЕН МӘРТЕБЕСІ 

а) Қыз баланың әлеуметтік бейнесі 
Бүгінге дейін тарихшылар мен шығыстанушылар тарапынан исламға
дейінгі көне араб қоғамындағы әйел адамның құқығына байланысты нақты
деректер мен фактілер келтірілмеген. Дегенмен, зерттеушілердің басым
бөлігі ислам діні келгенге дейінгі араб қоғамындағы әйел адамның
әлеуметтік жағдайы қиын болғанын атап көрсетеді. Көне арабтардағы
әйелдер тайпалық дәстүрлерге қатаң бағынды. Көптеген құқықтық
мүмкіндіктен шеттетілді.
Араб түбегін мекен еткен тайпалардың әрқайсысы өздеріне тән
жазылмаған дәстүрлі заңдарымен ерекшеленді. Оңтүстік аймақтарда өмір
сүрген әйел адамдар көп жағдайда жергілікті тәртіпке бағынып, яһуди не
христиан дінінің бірін ұстанған болса, солтүстік өңірлердегі араб әйелдері
жабайы далалық бәдәуилік тұрмыс дәстүрін басшылыққа алған. Кейбір
тайпалар әйелдерге сәл болса да азаматтық еркіндік берсе, басым бөлігі
оларды адам қатарына да қоспады. Көне араб ерлері әйел адамды зат ретінде
санап, тек тән рахаты үшін қолданатын. Бұған араб поэзиясындағы өлең
жолдары мен тарихтағы оқиғалар куә.
Араб қоғамының отбасында ер адам толық басшылық жасады, билік іс
жүзінде ерлердің қолында болды. Әйелді күйеуге қамқоршылары ұзататын
және әйелдің қамқоршыларына қарсы шығуға құқығы болмайтын. Исламға
дейінгі араб қоғамында зинақорлық кең етек алған, тіпті жезөкшелер
есіктеріне белгі ретінде жалау іліп қойып, өздеріне келген еркектерді
қабылдайтын. Мұндай жезөкшелердің бірі жүкті болып қалса, жақындасқан
адамы оннан аз болған жағдайда, босанғанынан бірнеше күн өткен соң,
өзімен жақындасқан кісілерді жинап, баланы олардың арасындағы өзі
қалаған кісіге таңып: «Бұл – сенің балаң», – дейтін. Ал оның жақындасқан
адамы оннан көп болса, жақындасқан адамдары жиналып, қаифтарды (із
кесуші әрі адамдардың табандарына қарап олардың өзара туыс немесе
туысқан еместігін ажырата алатын адам) шақыратын да, бала қаифтар
нұсқаған кісіге таңылып, соның баласы саналатын және кісі баланы
қабылдаудан бас тарта алмайтын. Ислам келген соң, Мұхаммед пайғамбар
мұндай арсыздықтардың барлығына тыйым салды.
Арабтар тайпааралық соғыста жеңіліс тапқан рулардың әйелдерін
тұтқынға алып, тұтқынға түскен әйелдерді күң-кәнизак ретінде ұстайтын
және олардан туған балалар өмір бойы масқаралықтан арылмайтын. Исламға
дейінгі кезеңде арабтарда әйелдің құқығы тым төмен еді. Арабтар тұңғыш
перзенттері қыз болса, оларды тірідей жерге көметін. Өлтіруге қимағандары
қыздарын ұлдарша киіндіріп, жұрттан жасырып ұстаған. Әйел мәртебесін
тым төмендету себебі қыздар өскенде жезөкшелік жасап, «абыройымызға дақ
түсіреді» деп ойлайтын. Шынында да исламға дейінгі жабайы араб
қоғамында жезөкшелік асқынып тұрды. Арабтардың қыздарын тірідей жерге



6
көмуін Құран былайша сынға алды: «Егер олардың біреуі қызбен


сүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе), оны ашу қысып, беті қарая
бастайды. Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан елден жасырынады.
Оны қорлыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе? Олар
нендей жаман үкім береді» (Нахл, 58-59). Ислам діні осылайша арабтардағы
азғындық әрекетке тыйым салды.
Мұхаммед пайғамбардың әйел затына ерекше көңіл бөлу керектігі
туралы хадистері өте көп. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ:
«Мұсылмандардың ең жақсысы, әйеліне дұрыс қарағаны», «Әйелдерге жақсы
мінезде болыңыздар» деп өсиет етті. Жалпы, ислам әйелді қашан да
құрметтеуге шақырады. Бұл туралы Мұхаммед пайғамбар былай деді:
«Әйелдерге ер кісілер өзінің апа-қарындастарындай мәміледе болуы керек.
Еркекті адам ететін әйел».
Исламға дейінгі арабтарда кейбір кедей, тұрмысы нашар отбасылар тіпті
ұл баласын да тірідей жерге көметін. Бірақ, халық ішінде есті, ақылды,
парасатты жандар әлгі балалардың қыршынынан қиылуына тосқауыл болып,
ата-анасынан сатып алып, өзі өсіріп, тәрбиелейтін. Ал басқа жағдайда
арабтар ұл баланың туылуын құт-береке санап, қыз баланың туылуын
қаламайтын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет