Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитеті мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығЫ


Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін!



бет2/2
Дата27.12.2016
өлшемі1,21 Mb.
#5928
1   2

Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін!


* * *

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ

ҮШІНШІ СЪЕЗІ

_____________________________________________________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ

Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ҮШІНШІ СЪЕЗІНІҢ АШЫЛУЫНДА

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
1 шілде 2009 ж.
Құрметті съезге қатысушылар!

Мәртебелі меймандар!
Құшағы кең, қонақжай қазақ жеріне келген қадамдарыңыз құтты болсын!

Астанада үшінші рет өткізіліп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне шақыруымызды қабыл алып, бүгінгі алқалы жиынға қатысып отырған сіздердің баршаларыңызға қазақстандықтар атынан шынайы ризашылығымды білдіремін.

Адамзатқа ортақ құндылықтарды жинақтап, ортаға салып ой бөлісіп, өркениеттер үндестігін нығайтсақ деген ізгі мақсат, асыл мұраттар сіздерді Астана қаласына топтастырып отыр.

Астана төрінде осы күндері сіздер тарапынан айтылатын салиқалы сөз, салмақты ұсыныстар дүниенің түкпір-түкпіріне тарап, Жер шарында бейбітшілік пен өзара бәтуаластықтың орнығуына септігін тигізеді деген үміттемін.

Азия мен Еуропаның, Батыс пен Шығыстың бел ортасында бой көтерген Астана қаласы бүгінгі таңда алуан түрлі ұлттар мен діндердің де тоғысып, жарасым тапқан орталығына айнала бастады.

Біз Қазақстан халқының діни және этносаралық татулықты ту еткен асыл қасиеттерін әрдайым мақтан тұтамыз. Бұл жетістігімізді әлем жұртшылығына үлгі етуге ұмтыламыз.

Біз жаңа мыңжылдықта да толастамай отырған әлемнің әр бұрышындағы діни текетірестер мен ұлттық қақтығыстардың алдын алуға ықпал етіп келеміз.

Астанадағы бүгінгі басқосу да біздің осындай табанды ұстанымымыздың бір көрінісі.

Сондықтан, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі дүние жүзінде дінаралық келісімнің өркен жайып, өркениеттердің өзара үндестік табу ісінде айтарлықтай рөл атқарады деп есептеймін.

Құрметті Съездің қатысушылары мен меймандары!
Біздің шақыруымызға үн қосқан, сөйтіп адамдарға өз баталарын беріп, дінбасы аманаттарын тапсыру үшін осында жиналған бүкіл әлемнің діни лидерлерін - Қазақстанның достарын есен-саулықта көру мен үшін бір ғанибет.

Сіздердің әлем туралы діни қамқорлық сезімдеріңіз, Жер бетінде келісімге қол жеткізу ісіне деген сіздердің берілгендіктеріңіз осымен үшінші рет баршаңызды Астанаға жеткізіп отырғанын біз жоғары бағалаймыз.

Біздің жас елордамыздың мәртебелі меймандарды өзінің туған күні қарсаңында қарсы алуының нышандық сипаты бар.

Астана - бұл конфессияаралық келісімнің қаласы. Бейбітшілік және келісім сарайы, мешіттердің мұнаралары, христиандық храмдар мен синагогалардың күмбездері, басқа дін өкілдерінің ғибадат үйлері қала архитектуралық ансамблінің және оның рухани өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналып келеді.

Астана - бұл өзінің бүкіл тарихында аса ұлы өркениеттердің тарихи және мәдени мұраларының тоғысу орталығы болған елдің ордасы.

Бүкіл әлемнің саны жағынан жылдан жылға өсе түскен діни, мемлекет және қоғам қайраткерлері Съезд жұмысына қатысуды өзі үшін маңызды санайды. Егер 2006 жылы біздің форумға 29 делегация қатысса, бүгін осы залға әлемнің 35 елінен 77 делегация жиналып отыр.

Мен Исламның аса беделді өкілдерін құттықтауға қуаныштымын. Біз сіздерге: "Ассалаумағалейкум!" дейміз.

Біз үшін өзімізде Христиандықтың көрнекті қайраткерлерін қабылдау үлкен құрмет. Сіздерді өздеріңіздің тақуалық қайрандарыңызда Құдай сақтасын!

Иудаистік қауымдастық лидерлеріне сөз арнап, біз "Шалом алейхем!" дейміз.

Біз Шығыстың бағзыдан келе жатқан діндері - Буддизмнің, Индуизмнің, Даосизмнің, Синтоизмнің және Зороастризмнің өкілдерін Съезімізге қатысуымен құттықтаймыз. Нұр жаусын сіздерге!

Бүкіл әлемнің көптеген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері біздің шақыруымызға үн қосып, осы форумға қатысып отырғанына қуаныштымыз.

Сіздердің барлықтарыңызға біздің Съезге қатысу мүмкіндіктерін тапқандарыңыз үшін ризашылық білдіремін.



Қымбатты достар!
Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі посткеңестік кеңістікте барынша табысты тәжірибелердің бірі ретінде мойындалған.

Біздің елімізде 3200 дерлік мешіттер, шіркеулер мен ғибадат үйлері жұмыс істейді. Бұрнағы күні ғана осында, Астанада мен жаңа Күмбезді мешіт тұрғызылатын жерге құты салдым. Келесі жылы біздің өңірдегі ең үлкен шіркеулердің бірі православиелік Успения Құдай Ана храмының құрылысы аяқталатын болады.

Екінші Съезге салынған Бейбітшілік және келісім сарайы өткен үш жылда еліміздің шынайы рухани орталығына айналды. Мұнда түрлі конференциялар мен форумдар жүйелі өтіп тұрады.

Мен өткен Съезде уәде еткенімдей, біз Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығын құрдық, ол да осы Сарайда орналасқан.

Мемлекеттің қолдауымен Қазақстанда Ислам мәдениеті мен білімінің қоры құрылуда.

* * *


Сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген Қазақстанның біртұтас халқы өз бойына толеранттылық, діни төзімділік және жаңа атаулыны қабылдауға деген ашықтық секілді қасиеттерді қалыптастырған.

Сондықтан да біз ғасырлар бойы қалыптасқан осынау адамгершіл императивті бүкіл адамзатқа жеткізуді өз міндетіміз сезінеміз.

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдау білдірген айтулы бастамаларының бірі 2010 жылды "Халықаралық мәдениеттер жақындасуының жылы" деп жариялау болды.

Сондай-ақ, Қазақстанға алдағы жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға және Ислам Конференциясы Ұйымына басшылық жасаудың жоғары сенімі көрсетілгенін мақтанышпен атап өте аламын.

Біз ЕҚЫҰ және ИКҰ бойынша өз әріптестерімізге Съездің шешімдері мен ұсыныстарын мақсатты түрде жеткізіп, оларды өз төрағалығымыздың кезеңінде іске асыруға ұмтылатын боламыз.

* * *


Қазақстанның бастамасы бойынша шақырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі де осы заманғы діндер арасындағы жаһандық үнқатысудың құрамдас та ықпалды бөлігіне айналды. Ол елеулі рөл атқарып, діни лидерлердің, діндер мен халықтардың арасындағы өзара түсіністіктің өсуіне жәрдемдесуде.

11 қыркүйектегі сойқан лаңкестік әрекеттен кейін әлемге атышулы "өркениеттер қақтығысы" дейтін қара бұлт төнгенде біз Съезд шақыру туралы бастама көтердік. Алғашқы форум 2003 жылы болды.

Оған қатысушылар - бүкіл әлемнің аса беделді діни қайраткерлері Декларация қабылдап, онда конфессияаралық үнқатысу халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімге қолдау білдірудің аса маңызды құралы деп аталды.

Екінші Съезді біз 2006 жылы өткіздік. Бұл Таяу Шығыстағы ахуал күрт шиеленісіп, Иракта соғыс жүріп жатқан күрделі уақыт еді. Бұл оқиғалар түрлі діни нанымдағы адамдардың арасында сенімсіздікті күшейтіп, бүкіл әлемге толқындала таралып жатты.

Сол жолы Астанаға жиналған әлемдік діни лидерлер мемлекеттерді үнқатысу жолынан таймауға, сөйтіп Бейбітшілік және келісім мәдениетін нығайту жөнінде шаралар қабылдауға шақырды.

Міне, тағы да біздің елімізде бүкіл планетаның дінбасылары жиналып отыр.

Тағы да осы заманғы дүниедегі ахуал алаңдаушылық туғызып отыр.

Планетаның түрлі өңірлерінде адамдар Құдайдың басты өсиетін бұзып, бірін-бірі өлтіруді жалғастыруда. Мыңдаған бейбіт тұрғындар бұлдыр мақсаттар мен мүдделерге құрбандыққа шалынуда.

Тек соңғы жылда ғана Ыстамбұлда, Мумбайда, Пешаварда, Бағдатта ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған лаңкестік әрекеттер орын алды. Күш қолдану күш қолдануды туғызады, содан да осынау тұйықталған шектің ақыры көрінетін емес.

Ауғанстандағы ахуал бұрынғыдан да қатты шиеленісіп, мұнда бүкіл өңірдің тұрақтылығына қауіп төндіретін экстремистер тағы да "бас көтере бастады". Бұл елде өндірілген есірткілер бүкіл әлемді жайлады.

Ядролық қатер бүкіләлемдік қоғамдастықты шиеленісте ұстап тұр. Халықаралық ядролық қауіпсіздік жүйесі іркіліс жасап, жаппай қырып-жою қаруының «тарамдалу» үдерісін тоқтата алмады. Ядролық материалдар контрабандасы мен бірқатар лаңкесшіл топтардың өзінің ядролық қаруына ие болу әрекеттері қорқынышты нақтылыққа айналуда.

Осылайша, әлем тұрақтылығына төнген қатер азайған жоқ. Тіпті жаңалары пайда болды.

Бүгінде адамзат соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысты бастан кешуде, ол әлемдік экономиканың негіздеріне қатаң соққы берді.

Күйреу салдарынан әлемдік экономика триллиондаған долларларды жоғалт¬ты. ХВҚ мәліметтері бойынша әлемнің 50-ге жуық мемлекеті экономикалық шыңыраудың шетіне жетті. Әлемнің бүкіл өнеркәсіптік дамыған экономикалары - АҚШ, Жапония, Еуроодақ және Ресей рецессия жағдайында. Соңғы ондаған жылда алғаш рет Қытай экономикасының өсуі баяулады.

Экономикалық, қаржы дағдарысы әлемнің жоғарыда аталған барлық проблемаларын шиеленістіре түсуде.

Осындай күрделі жағдайларда барлық елдер өз экономикаларын құтқарумен белсене айналысуда. Дағдарысқа қарсы шаралар көлемі 10 триллион доллардан асып түсті. Валюта резервтері азайып, мемлекеттік қарыздар өсуде.

Солай болса дағы осы жолғы әлемдік дағдарыс көп ретте заңды болып отыр.

Соңғы онжылдықтардағы әлемнің экономикалық дамуы, технологиялардағы ғаламат секіріс кедейшілік пен аштық секілді мәңгі проблемаларды шеше алмады.

Несиелеудің қампиған жүйелері, "оңай ақша" есебінен тұрмысты жақсарту әрекеттері бүгінде жүз мыңдаған адамдар үшін нағыз қасіретке айналды. "Еңбексіз байлық табу" иллюзиясы қатардағы алдаушылық болып шықты.

Тағы да адамзаттың алдынан әзірге ешкім де үзілді-кесілді жауап бере алмаған сұрақтар өткір қойылып отыр.

Жаратқанның өзі адамзатқа сый еткен әлемнің бүкіл сансыз байлығы неліктен оның аз ғана бөлігінің игілігіне қызмет етеді?

Кедейлер мен байлардың арасындағы алшақтық геометриялық прогрессиямен ұлғайып барады. Ал осындай кезде миллиардтан астам адам күніне 1 доллардан аз қаржыға тірлік кешуде.

Бір елдерде қоқыстарда барлық өндірілген өнімдердің үштен бір бөлігі жойылуда. Планетаның басқа бөліктерінде тұтас елдер мен өңірлер аштық қатерінде қалып отыр.

Осы заманғы ғылымның сондайлық ғажап табыстары жағдайында неліктен әлемді кенеттен пайда болатын планеталық эпидемияның қатері сілкінтіп тұрады, ал миллиардтаған адамдардың неліктен медициналық көмекке қолжетімділігі жоқ?

10 миллион дерлік бала жыл сайын бес жасқа жетпестен, оның үстіне емдеуге болатын аурулардан шетінеп жатады. Әлемде 30 миллионнан астам адам ВИЧ-инфекциямен ғұмыр кешуде, ал олардың 3 миллионының ғана антиретровирустық терапияға қолы жетеді екен. Адамзатқа жаза секілденіп жаңа эпидемиялар пайда болуда, ал олардың алдында ғылым әзірге әлсіз болып тұр.

Жер бетіндегі игіліктер жолындағы бассыз бәсекеде неліктен өмірдің адамгершілік жақтары ұмытыла беріп, тұтынуға табынушылық неліктен көптеген адамдар үшін өмірдің мәніне айналды?

Тұрақты өзін-өзі рухани жетілдіру қажеттігі екінші тұрғыға ысырылды. Дүниені материалдық құндылықтар - ақша, ашқарақтық пен табыс жолындағы ойсыз бәсеке билеп-төстеп алғанына көпшілік көз жұмып қарайтын болды.

Упанишадтарда "сыпыра білмеушілікте болған көргенсіздер былай деп ойлайды: "Біз мақсатқа жеттік", делінген.

Адамзаттың прогресі де кейде қателікпен қолайлы да жайлы тұрмыс жағдайын жасау үдерісімен бірдей түсініле бастады.

Сонда адамзаттың ғұмыр кешуінің шынайы мәні осында ма? Бәлкім, тоқтап, біз осы қайда барамыз, бізді болашақта не күтіп тұр дегенді ойланатын уақыт жеткен шығар?

Өкінішке орай, адам қауымдастығы руханилық регресті бастан кешуде дейтіндер ішінара дұрыс болып шығады. Мүмкін, осы заманғы дүниедегі барлық экономикалық сілкіністердің терең себебі осында болар.

Дағдарыс экономикадағы, күнделікті адам өміріндегі, түрлі экономикалық құрылымдар секілді адамдардың, елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасындағы адамгершілік бастаулардың мәнін бірнеше қайтара өзекті етті.

Қазіргі ахуалды ой елегінен өткізуге және дағдарысты еңсеруге соны көзқарас қажет екендігіне сенімдімін. Мұнда ескі амалдар мен қасаңдықтар жарамайды. Оның бәрі жартылай шара болады.

Қазіргі жаһандық экономикалық "зілзала" рухани әлемнің тектоникалық қабаттарын қозғалысқа келтірді.

Осы қозғалыстар неге соқтырады? Бұл тұрғыда қазірдің өзінде жаһандық соғыстар, күш қолдану мен қатыгездіктің жаңа ауқымды өршулері туралы қатерлі болжамдар бар.

Әлде адамзат жемісті де тең тұрғыда барлық мәдениеттер мен халықтар өзара ықпалдасатын тірлік формасын табатын болар.

Бүкіл адамзатқа сөз арнаған Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) бұл өмірдегі өз миссиясының басты мақсатын айқын тұжырымдаған: "Мен ізгіліктің тектілігін жетілдіру үшін ғана жіберілгенмін".

Иисус Христос былай деген: "Егер адам бүкіл дүниеге ие болса, ал өз жанына жарақат түсірсе, одан оған не пайда бар?".

Бүгінде алдыңғы тұрғыға ізгілік бастаулары шығуы тиіс. Осынау маңызды құралсыз қоғамның дағдарыстан дамудың әлдеқайда жоғары траекториясына шығуы мүмкін емес. Мен бұған әбден сенімдімін.

Барлық кезеңде мәртебелі моральдық құндылықтардың сақтаушылары діни лидерлер - түрлі діндердің басшылары болған және болып отыр. Нақ сондықтан да осынау күрделі кезеңде дін қайраткерлеріне айрықша үміт артылады.

Бүгінде қай кездегіге қарағанда діннің адамгершіл-гуманистік императивтері қажет болып отыр.

Талмұттың аңызында былай делінеді: "...әр адам мынаны есте сақтағаны жөн, дүние ол үшін және оның жауапкершілігіне жаратылған".

Нақ сіздер, діни лидерлер, руханилықтың - дүниенің үйлесімді дамуының басты шартының қайта өрлеуінің жүргізушілері бола аласыздар. Біз өз Съезіміздің мәртебелі мақсатын осыдан көреміз.
Құрметті Съезге қатысушылар!
Құдай шамаң жетпейтін жүк бермейтіні белгілі, сондықтан да бүгінде адамзаттың өзінің бұрынғы қателіктерін түзеу мүмкіндігі әлі де бар.

Қазіргі дағдарыс әлемге қайта өзгерудің, адамзаттың әділ дүние тәртібі туралы мәңгі арманын іске асырудың бірегей мүмкіндігін береді. Ал бұл мүмкіндікті жіберіп алу кешірілмес болар еді.

Оның үстіне бұрын әрдайым болып келгеніндей жаңа әлемдік тәртіп кезекті жаһандық әскери қақтығыстан кейін емес, бейбіт түрде - үнқатысу және өзара қолайлы ұстанымдарды әзірлеу жолымен құрыла алар еді.

Біздіңше, жаңа дүние құрылысының негіздері қандай?

Біріншіден, бұл әділ экономикалық модель.

Ол адал да әділ әлемдік қаржылық, валюта жүйесіне негізделуі тиіс, онда алдау мен ысырапқорлыққа орын болмайды. Онда адам жасайтын игілік әрбір адамның жасампаздығы мен прогресіне, оның рухани өсуі мен жетілуіне бағытталатын болады.

Екіншіден, бұл мемлекеттер арасындағы өзара қатынастардың әділ саяси моделі.

Мұнда басты орынға жекелеген елдердің емес, бүкіл әлемнің мүдделері қойылуға тиіс. Халықаралық қатынастардың жаңарған жүйесінде үлкен және шағын елдерге, "жақсы" және "жаман" халықтарға бөлу болмауға тиіс. Осынау жаңа дүние баршаға ортақ сенім мен құрметтің, әріптестік пен үнқатысудың дүниесі болуы тиіс.

Сондықтан да бізді АҚШ-тың жаңа басшылығының мұсылман әлемімен өзара түсіністікті жолға қоюға деген ұмтылысы қанаттандырады. Әлемде маңызды өзгерістер бола бастағанының белгісі бұл.

Біз сондай-ақ Сауд Арабиясы Королінің мәдениеттер мен діндер үнқатысуы туралы ұсынысына қолдау білдіреміз.

Үшіншіден, бұл жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген жаңа көзқарас.

Планетада ахуалды тұрақтандырып, оны қауіпсіз жасай алатын халықаралық кооперацияның жаңа формаларын әзірлеу жөнінде табанды іс-қимыл қажет. Лаңкесшілдік пен есірткі бизнесіне қарсы тұрудың әлдеқайда тиімді тетіктері талап етіледі.

Бүкіл адамзаттың ядролық қарусыз дүниеге қарай жаһандық қозғалысында күш-қуатты біріктіру айрықша маңызды.\

Бұдан 40 жыл дерлік бұрын қабылданған Ядролық қаруды таратпау туралы шарт ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әмбебап тетігі бола алмады. Ол жаңа ядролық мемлекеттердің пайда болуына жол бермеу былай тұрсын, сонымен бірге "ядролық клуб" мүшелерінің жаппай қырып-жою қаруын жетілдіруіне тыйым да салмады.

Сондықтан халықаралық қоғамдастық ядролық қаруды таратпау тетіктерін дереу қайта қарауға және жаңа әмбебап Ядролық қаруды баршаға ортақ көлбеу және тіктеп таратпау туралы шарт жасауға кірісуі тиіс.

Әлемдік қоғамдастық алдындағы өз жауапкершілігін түйсіне отырып, біздің еліміз әлемдегі төртінші ядролық әлеуетінен ерікті түрде бас тартты. Өкінішке орай, біздің өнегемізбен жүргендер әзірге аз ғана. Сондықтан Қазақстан планетадағы ядролық қатерді толық жоюға бағытталған саясатын одан әрі жалғастыратын болады.

Біз Біріккен Ұлттар Ұйымына 29 тамызды, бұдан 18 жыл бұрын менің Жарлығыммен Семей ядролық полигоны жабылған күнді Жаппай қырып-жою қаруынан бас тартудың Бүкілдүниежүзілік күні деп жариялау бастамасымен қайырылдық.

Нақ осы БҰҰ аясында әлемдік қоғамдастық бүкіл адамзатқа төнген осы заманғы қатерлерге қарсы тұру шараларын әзірлеуі тиіс.

Төртіншіден, жаңа дүние тәртібі жоғары адамгершілік пен руханилықсыз мүмкін емес.

Нақ осылар дағдарыстан кейінгі дүниені қайта құрудың басты тетіктері болуы тиіс. Әр халықтың мәдениетінде бар жақсының бәрі бүкіл адамзаттың игілігі болуы керек. Мұндай дүниеде өзара күмәнданушылыққа, діни және басқа негіздер бойынша кемсітушілікке орын болмауы керек. Бұл прогресс дегеніміз материалдық игіліктердің санымен ғана емес, сонымен бірге жоғары адамгершілікпен және адамдардың жауапкершілігімен өлшенетін қоғамдастық болады.

Мұндай дүние тәртібін құруға жетекші державалар ғана емес, сонымен бірге барлық басқа елдер мен халықаралық ұйымдар қатысуы керек.

Нақ осы тұрғыда өзімнің "Дағдарыстан шығу кілті" деген мақаламда мен Түбегейлі жаңару жоспарын әзірлеуді ұсындым. Бұл жоспарда жаңа валюта жүйесін құру, ұлттардың, халықтар мен елдердің шаруашылық жүргізу мен жоспарлаудың жаңа, әлдеқайда тиімді тәртібіне көшу жөніндегі шаралар ғана болмауы тиіс. Мәдениеттердің өзара баюының шексіз мүмкіндіктерінен өз әлеуетін алатын рухани саладағы түбегейлі инновацияларды мен оның ажырағысыз элементі ретінде көремін.

Сондықтан дағдарысқа тек материалдық тұрғыдан қарсы тұруды қарастыру тым тар өрісті болар еді.

Санадағы өзгерістерсіз, моральдық нормалар мен биік адамгершілік қағидаттарды қатаң сақтаусыз дағдарысты еңсере алмайтынымызға мен сенімдімін!

Тек әділ дүние тәртібі ғана адамзат қоғамы өркендеуінің негізі бола алады!

Астанада құрылған Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығының қызметі нақ осыған бағытталуы тиіс.

Оның аясында түрлі мәдениеттер мен діндер өкілдерінің үнқатысуын кеңейту маңызды. Оған зайырлы және діни БАҚ-тардың және жастар бірлестіктерінің, ғылыми және шығармашылық дегдарлар өкілдерін тартқан жөн.

Орталық бейбітшіліктің, келісім мен әділдіктің интеллектуалдық зертханасына айналып, жаһандық күн тәртібіне ұсыныстар әзірлеп ұсынуы тиіс. Ол Съездің жұмысшы құрылымы болып, оның барлық қатысушыларын жаңа идеялармен және ұсыныстармен нәрлендіруі керек.

Біздің Съездің хатшылығы Орталықпен бірлесіп, жұмысы мәдениеттердің үнқатысуы мен экономикалық өзара ықпалдастыққа бағытталған басқа форумдармен және халықаралық ұйымдармен үнқатысу және ынтымақтастық үшін Діни лидерлер кеңесін құру мәселесін ойластыра алар еді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Үшінші Съезіне қатысушылар осындай көзқарасты жақтайды деген сенімдемін.


Құрметті Съезге қатысушылар!
Өздеріңіздің мінәжаттарыңызда, уағыздарыңызда, адамдармен кездесулеріңізде сіздер адамзатқа Құдай Сөзін жеткізіп, осынау дүниенің көнермейтін құндылықтарын сақтаушы болып табыласыздар.

Сіздер миллиардтаған адамдарға арнаған әрбір өз сөздеріңіз олардың іс-әрекетіне, сенімдері мен құндылыққа бағдарлануына қалай ықпал ететінін толық мәнінде сезінесіздер деп сенемін. Қазақстан жерінен біз бірлесіп адамдарға жолдайтын барлық діндердің негізіне алынған ізгіліктің, әділдік пен қайырымдылықтың жоғары мұраттарын ұстану жөніндегі шақыруымызды олар естиді деген үміттемін!


Ардақты әлеумет!

Мәртебелі меймандар!
"Халықтарды бір бірінен бөлетін теңіздер емес, надандық пен тілдердің бөлектігі де емес, араздық қана" деген даналық сөз бар.

Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу - адамның өз міндеті.

Мінеки, біз бүгін осы жайында - адамзаттың бүгіні мен ертеңгі тағдыры туралы кең отырып кеңесуге жиналып отырмыз.

Сонымен бірге бұл басқосу қазіргі дүниежүзілік саяси ахуалға, халықтар достығына игі ықпалын тигізеді деп сенемін.

Съезд жұмысының табысты өтуіне тілектестігімді білдіремін.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ҮШІНШІ СЪЕЗІНІҢ ЖАБЫЛУЫНДА

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

2 шілде 2009 ж.
Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезі өз жұмысын аяқтады.

Сіздер екі күн бойы бейбітшілік пен діндер арасындағы келісімді нығайту жолдары туралы көкейтесті мәселелерді талқыладыңыздар.

Бұл басқосулар сындарлы жағдайда өтті. Соның нәтижесінде Съезге қатысушылар тарапынан Үндеу қабылданды, онда діндер диалогын кеңейту және жалғастыра беру туралы ортақ тілектеріңіз көрініс тауып отыр.

Съезге келген барлық делегация басшыларына жемісті еңбектері үшін өз ризашылығымды білдіремін.

Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзге де халықаралық ұйымдардың өкілдеріне, әр елдің саясаткерлері мен қоғам қайраткерлеріне біздің Съезге шақыруымызды қабыл алғандары үшін шексіз алғысымды айтамын.
Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!
Осыдан он жыл бұрын ЮНЕСКО Астананы «Бейбітшілік жолындағы қалалар» халықаралық конкурсының жеңімпазы деп таныды. Осы жылдар ішінде Қазақстанның жас астанасы бұл жоғары атаққа абыроймен алып келді. Қазір де, діни лидерлердің бірегей форумында жоғары мәртебелі қонақтардың басын қосып отырып, ол Бейбітшілік пен келісім қаласы деген өз мәртебесін тағы да дәлелдеді.

Съезде өткен пікірталастар Астанада бас қосқан барлық діни лидерлердің үнқатысуға әзір екендігін және аса мүдделілігін тағы да көрсете білді.

Бұл күндерде Бейбітшілік пен келісім сарайында және тәуелсіздік сарайында талқылауға шақырылған мәселелер бойынша әртүрлі ой-пікірлер айтылды, барлық делегация өкілдерінің көзқарастары білдірілді.

Бірақ айтылған сөздердің барлығын сан қырлы ғаламшарымыздың тағдырына алаңдаушылық және елдер мен халықтар, әртүрлі дін өкілдері арасындағы келісім мен өзара түсіністікті нығайту жолдарын іздеуге деген құлшыныс біріктірді.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің ІІ Съезі Хижраға сәйкес мұсылмандардың ең қастерлі айларының бірі – Раджаб айында өтті.

Бұл кезде жаратушының мейірімі адамдарға шексіз «төгіліп», оларды ізгі істер мен бастамаларға оятады.

Сондықтан да Сіздердің осында, Қазақстан жеріне қабылдаған шешімдеріңіз – Құдай жолындағы ізгі де рақымды іс.

Сіздердің әлемге арнап айтқан сөздеріңіздегі даналық адамдардың жүрегіне жетіп, қызу қолдау тапсын!

Ғаламшарымыздағы қазіргі жағдай күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы. Ксенофобия мен діни төзбеушілікке негізделген лаңкестіктің, соғыстар мен қақтығыстардың жаңа құрбандары туралы хабарды біз жүрегіміз сыздап қабылдаймыз.

Форумға қатысушылардың барлығы діннің бейбітшілік пен келісімді, төзімділік пен өзара түсіністікті сақтаудағы, қоғамның имандылық негіздерін нығайтудағы рөлі маңызды екендігін атап өтті.

Қазіргі әлемдік дағдарыстың күрделі кезеңінде оның рөлі барынша күшейе түсті түседі.

Сондықтанда рухани бастауларды дағдарыстан кейінгі әлемді қайта құрудың басты тетіктерінің бірі дәрежесіне көтеру керек.

Съездің қорытындылары халықтар арасындағы татулық пен келісімге шақыратын тақуалардың ауқымын кеңейте беретініне сендіремін!

Оның үстіне, саясаткерлер мен діни лидерлер арасында тұрақты жұмыс істейтін үнқатысуды ұйымдастыру көрегендік қадам болар еді деп есептеймін.

Біздің ортақ мақсатымыз – халықтардың өзара жауапкершілігіне, өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығына негізделген неғұрлым қауіпсіз, тұрақты және әділетті қадам құру.

Будда өсиет еткендей, « егер сен мың сөздің орнына жалғыз ғана, бірақ БЕЙБІТШІЛІК орнататындай сөз іздеп тапсаң, сол жеткілікті болар еді!»

Мен ІІІ Съездің қорытындылары өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуды ілгерілетудегі тұжырымдамалық және практикалық аса маңызды рөл атқаратынына сенімдімін. Ол, сөзсіз, адамдарды жақындастырады, әлемде дінаралық өзара түсіністікті нығайтады.

Ашық мәдениетаралық және дінаралық үнқатысу Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының шешуші мәселелерінің бірі болып табылатынын атап айтқым келеді.

Бұл жолды біз жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық деңгейлеріне жүргізіп келеміз және жүргізе беретін боламыз.
Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!
ІІ Съезд өз жұмысын аяқтады. Оған қатысушылар бұрынғыдан көбейіп, пікірталастар – анағұрлым тереңірек және мазмұнды, қабылданған шешімдер неғұрлым байсалды бола түсті.

Бұл жол айрықта тұрған әлемге осы форумның қажеттілігін білдіреді. Біздің Съезіміз – адамдар арасындағы келісімге бастайтын түзу жолды көрсетуге қабілетті шамшырақтың бірі.

Мен барлық делегация басшыларына, барлық қонақтарға Съезге қатысқаны үшін зор ризашылық білдіремін!
Біз қоштаспаймыз, осында, Қазақстанның ел ордасы – Астанада қайта кездескенше дейміз!

Барлықтарыңызға бейбітшілік пен келісім, шабыт пен даналық, бақыт пен ізгілік тілеймін!


* * *

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ

ТӨРТІНШІ СЪЕЗІ

_____________________________________________________________
Қазақстан РеспубликасыныҢ Президенті н.ә.назарбаевтың діни лидерлер кеңесінің бірінші отырысында сөйлеген сөзі

30 мамыр 2012 ж.

Жоғары мәртебелі, құрметті қонақтар!

Құрметті Кеңес мүшелері
Мен Діни лидерлер кеңесі Бірінші отырысының барлық қатысушыларына халқымның атынан шын жүректен сәлем жолдаймын.

Мен сіздердің Кеңес құру бастамасын қолдағандарыңыз және оның мүшесі болуға келіскендеріңіз үшін бәріңізге ризамын.

КеңестегіОрыс православ шіркеуінің өкіліМәскеу және бүкіл Русь ПатриархыҚасиеттіКириллге шын жүректен сәлем жолдаймын.

Сізөзіңіздің алдыңыздағы Мәскеу Патриархы II Алексийдің батасымен (оның жанытыныштықта болсын)белсенді әрі әрдайым сәтті жұмыс істеген,осыдан 9 жыл бұрын ұйымдастырылған біздің Съездің жұмысынаалғаш рет қатысып отырсыз.

Мен біздің форумға ынтасымен қатысқаны үшін Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы шейх Абдалла бен Әбдел Мухсин ат Әл-Түркигеризашылығымды білдіремін.

Қасиетті Папапрестолыделегациясының басшысы,Жоғары мәртебелі кардинал Джованни Лайолоғаерекше сәлем жолдаймын.

Жоғары мәртебелі Рим Папасы II Иоанн Павелдің(оның жанытыныштықта болсын)біздің елімізҚазақстанға11 жыл бұрынкелгенін,Астана аспанының астындаберген қастерлі батасын жадымыздасақтаймыз.

Мен Дүниежүзілік Ислам мазхабтарын жақындастыру Ассамблеясының Бас хатшысы Аятолла Мухаммад Али Тасхири мен Дүниежүзілік лютерандық федерация өкіліЖоғары мәртебелі Мартин ЮнгеніңКеңес құрамына кіруге келісім бергені үшін ризамын.

Мен көптеген жылдар бойы Съезд жұмысына белсенді қатысқан Израильдің Бас ашкеназийлік раввині Йона Мецгерге ризамын.

Біз Діни лидерлер Кеңесінің мүшесі болуға келісім берген Түркияның дін істері Басқармасының Төрағасы Мехмет Гермезге, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәліге, Жапония синтоистік храмдары Ассоцациясының Президенті Цунекиё Танакеге, Заратуштра мәдени мұрасы Дүниежүзілік Кеңесінің ПрезидентіХоми Буржор Дхаллеге, Брэдфорд епископы (Англикандық шіркеу) Жоғары Мәртебелі Николас Бейнске, үндітану зерттеу институтының және дінаралық диалогтың жетекшісі Самиру Сомайя мырзаға ризамыз.

Мен Дүниежүзілік буддистер одағының вице-президенті Хамбу ламу Чойжилжавын Дамбажавпен, Қытай буддистер Ассоциациясының Төрағасы Сюэ Чэнмен, сондай-ақ Қытайдың даосистер Ассоциациясы қауымдастығыТөрағасының орынбасары Хуан Синьянмен қауышқанымақуаныштымын.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жаңа ұйымының осындай көрнекті құрамы – Діни лидерлер кеңесінің түпкі абыройы мензор әлеуетінің куәсі.

Осыдан үш жыл бұрынғыоны құру жөнінде меніңалға қойған ұсынысым, бәрінен бұрын, заманауи үрдістегі дін мен конфессияаралық диалогтың рөлін арттыруға байланысты болды.

Қазақтың ұлы ойшылы Абай ізгіниетті істерде оғаш ештеңе болмайтынын жазған.

Діни лидерлер кеңесінің мақсаты мен міндеттері –ізгі әрі өзекті.Біз бәріміз бүгінгі әлемдегі үйлесімге, бейбітшілік пен келісім идеяларының нығаюынаалаңдаушылық білдіреміз.

Мен Кеңес қызметінің басталуымен қатысушылардың бәрін құттықтап,баршаңызға жемісті еңбек тілегім келеді.


Құрметті Кеңес мүшелері!
ХХ ғасырдағыкүрделі кезеңде дінаралық сұхбатты,шын мәнінде, жаһандық деңгейде түсіну басталды.

Діни лидерлердіңжүз миллиондаған ізбасарларына арналған бейбітшақырулары, әсіресе, мыңжылдықтар тоғысында маңызды бола түсті.

Солардың арқасында өркениеттердіңДамоклов семсерліатышулықақтығысынтоқтатудың сәті түсті. Бірақ,ол өркениеттіңтағдырымен бірге жалғасып жүретінінкөрмеу мүмкін емес.

Сондықтан біздің Кеңестің басты мақсаты – діндер сұхбаттастығыныңнығаюына жағдай жасау.

Оның қызметінің негізінде барлық дінге сенушілердіңадамгершілік бастауындағы ізгілік, сүйіспеншілік, әділдік, бейбітшілік пен келісімге шынайы берілгендік жатыр.

Менің ойымша,олардың тәжірибелік міндеттерітөмендегідей болуы мүмкін:

Бірінші. Жаһандық толеранттылықты қалыптастыру саласындағы басқа да халықаралық сұхбаттасу құрылымдарымен өзара әрекеттестікті жолға қоюы маңызды.

Екінші. Кеңестің әлеуетімен беделі жаһандық бітімгершіліктіңаймақтықтетігі ретінде белсенді әрекет етугемүмкіндік береді.

Кеңес шиеленістердіреттеу мәселелері бойынша шақырулар мен үндеулер жасай алар еді.

Үшінші. Кеңес аясында діндарлардың құқықтары мен бостандықтарынсақтаудыңжаһандық мониторингінжүргізген жөн.

Өкінішке орай, конфессиялық белгілерінеқарайкемсітушілік тәжірибесі– қазіргі әлемдекеңінен таралғанқұбылыс.Барлық осы деректер тиісті бағасын алуы керек. Осы мақсаттаКеңестің БҰҰ-мен және халықаралық ұйымдармен, құқық қорғау құрылымдарымен ынтымақтастық жасауы маңызды.

Төртінші. Діни лидерлер Кеңесінің табысты қызметі ХХІ ғасырдағыжалпыәлемдік тепе-теңдікті сақтаудың маңызды бөлігі бола алады.

Біздің Кеңес аясында біріккендіндердіңрухани күші, уақыт өте келе қайшылыққа толы әлемдегітепе-теңдіктіңсалмақты құралы болуға қабілетті.

Кеңестің құрылуына байланысты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің келесібарлық Съездерін ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарынеғұрлым сапалы деңгейдежүргізілетін болады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінде қабылданған құжаттарды басшылыққа алып,КеңесСъездің атынан біздіңшешімдерімізді жүзеге асыруға байланысты қадамдар жасай алар еді.
Құрметті әріптестер, достар!
Халық даналығында айтылғандай, діннің шырағыадамдарды ізгілікке шабыттандыру, болашағына бата беру болып табылады.

Біздің Кеңес діндер ынтымақтастығыныңтиімді тетігі,өзара құрмет пен төзімділіктің лайықты үлгісі болатынына сенемін.


Баршаңызға тағы да жемісті жұмыс тілегім келеді.
Ықыластарыңызға алғыс білдіремін.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ТӨРТІНШІ СЪЕЗІНІҢ АШЫЛУЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
30 мамыр 2012 ж.
Ардақты дінбасылар!

Құрметті делегация басшылары!

Қадірлі меймандар!

Ханымдар мен мырзалар!
Бүгін Қазақстан жері жоғары руханилық пен алғыс-батаның сәулесімен нұрлана түсуде.

Біз үлкен мақтанышпен Астанада төртінші рет әлемнің діни және рухани көшбасшыларын қабылдап отырмыз!

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне дүние жүзінің 40 елінен келген барлық 85 делегация басшылары мен қатысушыларын шын жүректен құттықтаймын.

Тоғыз жыл бұрын бірінші Съезд жұмысына әлемнің 17 елінен 17 делегация қатысқан еді.

Біздің форумның жаһандық маңызының сандық және сапалық өскені бірден көрінеді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі халықаралық үнқатысудың теңдессіз құрамдасына айналды.

Біз БҰҰ, ЮНЕСКО және ИСЕСКО, сондай-ақ басқа да бірқатар халықаралық бірлестіктер жетекшілеріне, белгілі саясаткерлер мен сарапшыларға съезге назар аударып отырғаны үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы пирамидасының төрінде әркез діндер мен мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың көкейкесті мәселелері талқыланып келеді.

Үшінші мыңжылдықтың басындағы күрделі кезеңдебұрынғы съездердің игілікті бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан қолдау тапты.

Олар көп жағдайда әлемнің «өркениеттер қақтығысының» шыңырауына құламауына ықпал етті.

Жаһандық дамудың барлық күрделіліктеріне қарамастан, үнқатысуға деген жан-жақты ұмтылыс қазіргі заманғы жалпыәлемдік үдерістер талап етіп отырған үрдістер болып қалып отыр.

Мен төртінші Съезд де тарихқа ХХІ ғасырда адамзат әділетті әлемдік тәртіп негіздеріне бастайтын жаһандық үнқатысудың маңызды бөлшегі ретінде кіретініне сенімдімін.




Құрметті съезге қатысушылар!
Жаңа ғана Дін көшбасшылары кеңесінің алғашқы мәжілісі болып өтті.

Осындай орган құру туралы менің ұсынысым осыдан үш жыл бұрын өткен Съезде қолдау тапқанын еске сала кетейін.

Кеңес құрамына әлемнің жетекші конфессиялары – Исламның, Христиандықтың, Иудаизмнің, Буддизмнің, Индуизмнің, Синтоизмнің, Зороастризмнің өкілдері енді.

Іс жүзінде бұл діндер арасындағы өзара іс-қимылдың көп жақты пішініндегі алғашқы жұмыс тетігі болып табылады. Кеңес құру бүкіл конфессияаралық үнқатысуды жаңа деңгейге алып шығуға қабілетті.



Біріншіден, оның аясында басқа халықаралық үнқатысу құрылымдарымен өзара іс-қимыл қалыптастырылатын болады.

Екіншіден, үлкен әлеуетке ие, уақыт өте келе жаһандық бітімгер­шіліктің маңызды құралына айналатын жаңа тұрақты орган құрылады.

Оның беделі мен әлеуеті тіпті ықтимал жанжалдар жағдайында да үндеулер мен үндеу-хаттар қабылдауға мүмкіндік береді.



Үшіншіден, Кеңес шеңберінде дінге сенетіндердің құқықтары мен бостандықтары сақталуына жаһандық мониторинг орнықтыру маңызды.

Төртіншіден, жаңа Кеңес аясына топтастырылған діннің рухани күші әлемдік даму үдерістерінде тепе-теңдік қалыптастырудың маңызды элементі рөлін атқаруға қабілетті екеніне сенімдімін.

Бесіншіден, бұдан кейінгі барлық съездерді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстар қазіргіден сапалы деңгейге көшірілетін болады.

Мен біздің бастамамызды оң қабылдап, құрылған Кеңестің алғашқы қатысушылары болуға келісімдерін берген барлық әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларына ризашылығымды білдіремін.


Құрметті делегация басшылары мен съезд қонақтары!
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өз тарихының 9 жылында да күрделі жаһандық үдерістер ушығып тұрған тұста өткізіліп келді.

Алғашқы съездер діндер «қақтығысы» қатеріне жауап ретінде және дінді халықаралық терроризм мен экстремизмнің қатерлі мақсатына қарсы қолдану үшін ұйымдастырылды.

Үшінші Съезд ең күшті әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс қызып тұрған шақта өтті.

Біз биылғы форумды да бүкіл әлем үшін бетбұрысты кезеңде өткізіп отырмыз.

Әлемдік тәртіптің жаһандық трансформациясы басталды.

Адамзат іс жүзінде жүйелі дағдарыстың кезеңінен өтуде.

Әлем табалдырығына тап болған жаһандық рецессия көптеген қоғамдастықтарға ауқымды әлеуметтік жарылыстар қатерін төндіріп тұр.

Қазіргі дүниеде миллиардтан астам жұмыссыздар бар деп есептелсе, олардың жартысы – жастар. Олардың ішінде жақсы білім алған жастар да бар.

Лайықты еңбектену мүмкіндігінің жоқтығына, әлеуметтік кепілдіктердің төмендеуіне байланысты жастар арасында радикализация мен криминализация өсіп келеді.

Осы аралықта моральдық-адамгершілік құндылықтардың жаһандық дағдарысы да үдей түсіп отыр.

Көптеген қоғамдарда «жалған-бостандық» насихатталып және орнықтырылып отырғанын көрмеу мүмкін емес.

Адами қарым-қатынастар табиғатына жат көзқарастарды қазіргі қоғамның қалыбы ретінде көрсетуге тырысушылық байқалады.

Таза еңбекке талпыныс қандай тәсілдермен болса да тез баюға ұмтылыспен алмастырылуда.Және мұндай «анти-мораль» көп жағдайда абсолют ретінде мадақталады.

Әлемде моральдық-адамгершілік дағдарыстың өрістеуіне тән белгі дінге сенетіндерді баса-көктеп қаралау оқиғалары, дінді әлеуметтік үдерістердің жағалауына ығыстырып шығару әрекеттері болып табылып отыр.

Діни құндылықтарды қорлау фактілері көптеген елдерде, іс жүзінде, барлық діндерге қатысты байқалып отыр.

Бұлардың қатарында қасиетті кітаптарды көпшілік алдында өртеу, мешіттерді, храмдарды, синагогаларды және басқа да ғибадат орындарын қорлау мен өртеу, дін қызметкерлерінің беделін түсіру, діншілдерді соққыға жығу мен өлтірулер бар.

Неге мұндай жағдайлар орын алып отыр?

Дін – руханисыздық пен ашкөздіктің алдындағы аса берік қорғаушы бөгеттердің бірі.

Көптеген кезеңдерде дәл осы дін халықтық даналықтың, мәдениеттер мен дәстүрлердің кей жағдайда тіпті бірден-бір сақтаушысы болып келді.

Қазақстан қоғамы мұны құдайсыз кеңестік режимдегі өзінің өмір тәжірибесінен, әсіресе, сталиндікқуғын-сүргін кезеңінен біледі.

Съезге қатысушылар ертең бұрынғы зұлымдық шашқан «ГУЛАГ» архипелагы «аралдары» бірінің орнына салынған саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған тарихи-архитектуралық мемориалға барады.

Ол «АЛЖИР» – «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» деп аталады.

Сол жылдары бұрынғы КСРО аумағында миллиондаған жазықсыз адамдар өлтірілді.Олардың ішінде ондаған мың Исламға, Христиандыққа және басқа да конфессияларға діни қызмет етушілер болды.

Бұл Жаратушыға сенім ізбасарлары мен уағызшыларының төзімділігі мен мұқалмастығы үшін діндер төлеген қасіретті құн болатын.

Бүгін дінге қарсы жасалып жатқан өнегесіз іс-әрекеттер, бұл храмдарды «аластауға» әрекеттенген 20-30-шы жылдар барысындағы оқиғалар сияқты құбылыс болып табылады.

Біз мұндай қылықтарды шешімді түрде жазғырамыз және барлық дін көшбасшыларына, барлық діндерге жауыққан құдайсыздарға қарсы тұруда қолдау білдіреміз.


Қымбатты достар!
Қазіргі дүние жол айырығында тұр.

Сондықтан съезде талқылауын күткен түйінді мәселе жүз есе көкейкестірек бола түседі.

Адамзаттың жаһандық тарихында Бейбітшілік пен Келісімнен өткен құндылықтар болған емес.

Қазіргі дүниеде әлемдік құрылыстың оң тұжырымдамасының тапшы екенін мойындауға тура келеді.

Адамзат, бұрындары талай мәрте болғанындай, оған Жоғары Сана берген жаңалықтардың барлығын әркез әлем игілігі жолына жұмсамауда.

Мәселен, халықтарды біріктіруге тиісті аса жоғары ақпараттық технологиялар мен аса жаңа коммуникациялар көп жағдайда адамдарды бөлу үшін, қоғам іші мен елдер арасына жаңа тосқауылдар қою үшін қолданылуда.

Желілік ресурстар білім таратудың орнына көп жағдайда кесірлі істерді насихаттауға қызмет етіп, жалғандықтың, адамдардың арсыз түйсіктерінің, ағайынаралық өшпенділікке үндеулер мен жеккөрушіліктің ұрығын шашады.

Кез келген қоғамның моральдық және өнегелілік беріктігі – отбасы, балаларды тәрбиелеу дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы және басқалар бұзылады.

Осының бәрі қазіргі заманның ащы шындықтары.

Өз кезегінде мен өзімнің саяси тәжірибемнің нәтижесі болып табылатын өзімнің көзқарасымды білдіргім келеді.

Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканы рецессиялық тығырықтан бүкіл ұлттар қоғамдастығының бірлескен күш-жігерімен ғана алып шығуға болады.

Мұны барша жұрт мойындайды.

Сондықтан осыдан бір апта бұрын Астана экономикалық форумында мен ХХІ ғасырда әлемдік қарым-қатынастардың тиімді моделін қалыптастырып, жүзеге асыруды ұсындым.

Мен оны «G-GLOBAL – ҰЛЫ ӘЛЕМ» деп атадым.

Бұл – дағдарыстардан сенімді қорғалған, тиімді әлемдік валютасы, сауда мен ықпалдастықтың әділетті жүйесі бар өркендеген жаһандық экономика.

Бұл – жоғары технологиялар адамдардың бақыты мен әл-ауқаты үшін қызмет ететін әлем.

Бұл – халықтар мен мемлекеттер арасындағы өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің берік негіздері бар әділеттілік пен сенім әлемі.

Бұл – барлық проблемалар келісім мен құрмет негізінде шешілетін ұлттардың толерантты қауымдастығы.

Бұл – ядролық қырып-жоюдан біржола азат етілген, жаппай қырып-жою құралынан тыс біздің планетамыз.

Мен адамзат бес іргелі қағидаттарға негізделген осындай модельді құруға қажетті білімдер мен тәрбиелерге ие деп сенемін.



Біріншіден, бұл әлеуметтік-саяси жүйе дамуының эволюциялылығы, саяси дамудың түрі ретіндегі революциядан бас тарту.

ХХІ ғасырда дін емес, дәл осы революция халық үшін апиынға айналды.



Екіншіден, бұл бүкіл мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардағы әділеттілік, теңдік және консенсус.

Үшіншіден, халықаралық қарым-қатынастарда кез келген «қосарлы стандарттарды» және «күбір-сыбыр әңгімені» жоққа шығаратын жаһандық транспаренттілік.

Төртіншіден, өткен жүзжылдықтың блоктық психологиясынан арылған, геосаяси тепе-теңдік жүйесі ретіндегі сындарлы көп полярлылық.

Және ең соңында, бесіншіден, ХХІ ғасырдағы мәдениетаралық, дінаралық және мемлекетаралық қарым-қатынастардың бастапқы негізі ретіндегі жаһандық толеранттылық пен сенім.

Мен полимәдениеттілік, этностық және діни саналуандық – ол қоғам үшін қатер емес, орасан артықшылық деп есептеймін.

ХХІ ғасырда толеранттылық инновациялық экономиканы дамыту мен өркендетудің шешуші факторына айналып отыр.

Соңғы 30 жылда этномәдени сан алуандылығымен ерекшеленген елдердің неғұрлым зор табыстарға жету фактісін көрмеуге болмайды.

Бүгінгі әлем осындай тәжірибені кеңінен таратуға және дамытуға мұқтаж.

Бұл тұрғыда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ХХІ ғасырда әділетті әлем құрудың негізін идеялық-рухани құрылымдауға нақты бағытталған жетекші үнқатысу тұғырнамасы бола алар еді.

Бүгінде жаһандық үнқатысу – ол тек халықаралық форумдар мен кездесулер ғана емес.Интерактивті қарым-қатынастар жасау арқылы оған барған сайын бүкіл әлем бойынша көптеген адамдар атсалысуда.

Қазақстан ұсынған G-GLOBAL идеясы мен пішіні бұл тұрғыда жаһандық өзара түсіністік пен толеранттылық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сондықтан мен Төртінші Съезге қатысушылардың ақ тілеуімен жаһандық толеранттылық пен сенімді қалыптастыру мен нығайту проблемаларына арналған Интернет-ресурс құруды ұсынамын.

Бәлкім, ол G-GLOBAL жалпы электронды порталының бір бөлігі де бола алар еді.

Оның шеңберінде Дін көшбасшылары кеңесі мен біздің Съезіміз Хатшылығының интерактивті отырыстарын өткізуді, интернет пайдаланушылардың кең ауқымы үшін тұрақты түрде онлайн-форум жүргізуді қарастырудың маңызы зор.

Мен бұл ұсынысқа сіздер қолдау көрсетеді деп сенемін.

Құрметті Съезге қатысушылар мен меймандар!

Бейбітшілік пен келісімнің тиімді моделі – ол біздің еліміздің табысты дамуының арқаулық факторы.

Тәуелсіз Қазақстан – бұл 140 этнос бейбітшілікте және келісіммен өмір сүріп жатқан ел.

Біз ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығында экономикасы неғұрлым ырғақты дамыған елдердің үштігіне ендік.

Біз этносаралық келісімнің өзіндік моделін құрдық.

Кез келген этносқа және дінге жататын қазақстандық – ол тең құқылы азамат, біртұтас азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі.

Біз әрбір адамның өз дінін еркін ұстануы, туған тілін оқып және пайдалануы, өз этносының мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуы үшін барлық жағдайларды жасаудамыз.

Әрбір дін – ислам, православие, католицизм, протестанттық діни ілім, иудаизм, буддизм және басқалар уағыздайтын жоғары құндылықтар – әркезде де Қазақстан мемлекетінен қолдау тауып келеді.

Сондықтан біздің қоғамымызда 20 жылдан астам уақыттан бері рухани қайта өрлеу үрдісі жүруде.

Жаңа мешіттер мен храмдар бой көтеруде.

Біз конфессияаралық келісімді нығайтудың 2016 жылға дейінгі бағдарламасының жобасымен жұмыс істеудеміз.

Қазақстанның бастамасымен 2010 жыл Мәдениеттерді жақын­дастырудың халықаралық жылы ретінде өтті, ал 2013-2022 жылдарды ЮНЕСКО Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы деп жариялады.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында 2010 жылы біз оған толеранттылықты нығайту мәселесін қоса отырып, әріптестерімізге еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік өлшемдерінің санын кеңейте түсуді ұсындық.

ЕҚЫҰ Астана саммитінің Декларациясында конфессияаралық үнқатысуды дамыту, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту туралы біздің бірқатар идеяларымыз көрініс тапты.

Қазақстан бір жыл бойы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымын басқарды, оның өзі Умма үшін күрделі уақытпен тұспа-тұс келді.

Біз әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық саладағы өткір проблемаларды шешуде мұсылман мемлекеттерінің ынтымақтастығын дамытуға бағытталған бірқатар бастамалар ұсындық.

Бүгінде мұсылман әлемінде күрделі үдерістер жүруде.

Мұнда экономикасы ырғақты және елеулі әлеуметтік-саяси проблемалары жетерлік елдер бар.

Ислам – бұл адамзаттың мәдени және материалдық мұраларының орасан зор және өсіп келе жатқан қатпары.

Қазіргі заманғы және болашақтағы жаһандық қоғамдастықты Ислам әлемінсіз көзге елестету мүмкін емес.

Оған тосқауыл қоюдың кез келген түрі көрегенділік емес, тіпті қатерлі де.

Үлкен де көп бейнелі әлемнің осынау бөлігінде болып жатқан оқи­ғаларға түсіністікпен қарау қажет.

Қазақстан – мұсылман тұрғындары басымдыққа ие ел.

Ислам діні – біздің халқымыздың рухани тіректерінің бірі.

Біз олардың қандай дінге және этномәдениетке жататынына қарамастан барлық қазақстандықтардың жалпы ұлттық бірлігі мен келісімінің ерекше формуласын қалыптастырдық.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – бұл Қазақстанның бүкіл әлемге парасатты сыйы.

Алдағы жылы Бірінші Съездің шақырылғанына 10 жыл толады.

Осыған орай алдағы жылы онда үнқатысудың маңыздылығы мен көкейкестілігін, діни рухани көшбасшылардың бітімгершілік рөлін арттыруды атап көрсете отырып, Дін көшбасшылары кеңесінің арнайы үндеуін дайындап, қабылдау жөнінде ұсыныс білдіргім келеді.



Қымбатты достар!

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу діндер арасындағы бітіспес әртүрлілік пен алауыздық туралы тезистің бар болғаны елес қана екенін білдіреді.

Бір-бірімен жауласатын діндер емес, адамдар мен мемлекеттер.

Әлемнің ұлы ойшылдары дінді өнегелілік формуласы деп атайды.

Ұлы Абайда «Дінге сенушінің борышы – жақсылық жасау. Бірақ сенімсіз жасалған жақсылық не тұрады?» деген сөз бар.

Кез келген діннің жоғары мағынасы адам мен адамзатты жоғалтып алған жетілу жолына қайтару болып табылады.

Біздің жоғары мәртебелі форумның басты мақсаты да осыған келіп тіреледі.

Барлық Съезге қатысушыларға жемісті және сындарлы пікір­таластар тілеймін.



Біздің ізгілікті ниеттерімізде бізге Жаратушының жәрдемі тие берсін!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ТӨРТІНШІ СЪЕЗІНІҢ ЖАБЫЛУЫНДА

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

31 мамыр 2012 ж.
Жоғары Мәртебелі!

Құрметті делегация басшылары!

Ханымдар мен мырзалар! 
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезінің жұмысына арналған бағдарлама толығымен жүзеге асты

Пленарлық және секциялық отырыстарда сындарлы талқылаулар болды.

Мәдениеттер мен діндердің жаһандық диалогының маңызды сұрақтарын қарастырудың оңтайлы ыңғайлары қалыптасты.

Форумның негізгі мақсаты жүзеге асты – онда қатысушылардың Үндеуі қабылданды.

Бұл құжатта терең рухани мағынаға толы шақыртулар айтылды.

Дін лидерлері барша адамзатты өз жер шарының болашағы үшін жасампаздық пен әділеттілікке, бейбітшілік пен келісімге, өзара ынтымақтастыққа ұмтылуға шақырды.

Мен бұл шақыртуды діндарлармен әртүрлі дін өкілдерінен басқалардың да игі ниетпен қабылдайтынына сенімдімін.

Оны әлемдік қауымдастықтың белгілі қоғамдық және саяси орталары да естіді.

Мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезіне қатысушылардың барлығына Форум жұмысында белсенділік танытқандары үшін шын жүрегімнен алғысымды білдіремін.

Сіздердің әлем бірлігі үшін шынайы қолдауларыңыздан көрініс алып отырған құнды идеяларыңыз мен ұсыныстарыңыз үшін.

Съезде сөз сөйлегендердің барлығы діндер мен мәдениеттердің жаһандық диалогының терең бойлауына және толеранттылыққа шақырды.

Менің G-GLOBAL туралы идеяма қолдау көрсетіп, оң баға бергендеріңіз үшін барлықтарыңызға алғысым шексіз.

Біз бұл мәселені делегация басшылармен бірқатар екіжақты кездесулер барысында тыңғылықты талқыға салған болатынбыз.

Рухани келісім – бұл әлем дамуының негізгі алғышарты, міне Съезд бізге осыны көрсетіп берді.

ХХІ ғасырда бұған барабар келетін ештеме жоқ, болуы да мүмкін емес.

Руханилыққа қайтып оралу – әділетті әлем орнатудың негізіне апаратын жол.

Барлық діндерге тән күш қуаттылығының құдіреттілігі ол қазіргі бетбұрыс заманында адамзат атаулыға дұрыс талдау жасауға көмек көрсету қабілеттілігінде болып отыр.

Біз бүгін Астанада, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері IV Съезінде бейбітшілік пен келісім, жаһандық толеранттылық, діндердің өзара ынтымақтастығы мен өзара сыйластығы XXI ғасырда ғаламшардағы барлық адамдардың дүниетанымдық құндылықтарына айналуына жаңа қадам жасадық .
Құрметті достар!
Ізгі ниеттердің бірлігі – бірлесе істеген жұмыстың кепілі.

Біздің Съезд қазіргі таңда діндердің барлығына ортақ міндет біреу екендігін тағы да көрсетіп берді.



Біріншіден, адамзаттың моральдық-өнегелік дағдарыс қауіпін жеңіп, рухани вакуумның таралуына тоқтау салуымыз қажет.

Мұндағы ең маңызды көрініс жастарды терең рухани негізде тәрбиелеу моральдық қауіпке бой алдырудан тұрақты иммунитетке дағдыландыру.

Сондай-ақ қоғамда әйелдің қоғам мен отбасындағы рөлі, отбасылық дәстүрді нығайтуға мақсатты бағытталған шаралар деңгейінің маңыздылығы да артуда.

Осы сұрақтардың барлығы біздің Съезіміздің арнайы секцияларында алғаш рет барынша талқыға түсті.

Осы пікірсайысты жалғастыра отырып, Дін лидерлері Кеңесі мен біздің Съезіміздің негізінде отбасылық құндылықтарды қолдау мақсатында жастарды, жасөспірімдер мен балаларды өнегелік тәрбиелеу мәселелері бойынша жеке Халықаралық онлайн-конференция өткізуді ұсынамын.

Екіншіден, кез-келген қоғамның жасампаз бастамасы – еңбексүйгіштік, адалдық және әділеттілік құндылықтарын нығайтумыз қажет.

Бұл тұрғыдан алғанда қазіргі таңдағы бірқатар діндер арқылы жүзеге асырылып отырған әлеуметтік доктриналардың маңыздылығы арта түсуде.

Менің көзқарасыма келсек, мен олардың адам өмірінің сапасын көтеру, адамзат мүмкіндігінің деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік өлшемдермен тиісінше байланысты болса маңыздылығы арта түсер еді деп айтқан болар едім.

Үшіншіден, дін бітімгершілік күші – кез-келген қоғамдағы радикалдылық пен төзімсіздіктің туындауы мен қақтығыстардың алдын-алуға ықпал етуде.

Сондықтан да, ең маңыздысы біздің Съезіміздің тәжірибесін ұлттық мемлекеттер, сонымен қатар қақтығыстың жоғары мүмкіндіктері байқалатын бай этно-діни көпжақтылығымен ерекшеленетін әлемнің жекелеген аймақтары дәрежесіне (деңгейіне) жеткізу.

Көріп отырғанымыздай, келешекте БҰҰ-на және қақтығыстар деңгейін бәсеңдетумен қатар жаһандық мәселелерді жеңу бойынша қызығушылық танытып отырған барлық форумдар мен мемлекеттерге ұсыныстарды жеткізе алатын Дін лидерлері кеңесі жанындағы арнайы комиссияны құрудың болашағын пысықтауымыз қажет.

Төртіншіден, халықтар мен мемлекеттер, көпконфессиялы қоғам ішіндегі алауыздықты сейілту үшін дін ілімдерін қолдануға сенімді тосқауыл қою маңызды.

Халықаралық терроризм мен экстремизмнің адамзатқа қарсы өзіндік қорлауын дінге деген қандай да бір сілтеме жасау арқылы негіздеуіне жол берілмеу керек.

Сонымен қатар, экстремизмнің кез-келген формасын және терроризмнің адамзатқа, дінге қарсы мәнін түсіндіру тұрғысынан келушілер арасында тұрақты жұмыс жүргізілуі қажет.

Бесіншіден, қоғамды дінді, ондағы құдіреттілікті, діндарлардың дәстүрі мен сезімін сыйлай білуге үйрету де маңызды.

Діндер диалогы – бүкіл әлемде және әрбір қоғамда толеранттылыққа қол жеткізудегі жалғыз ғана жол.

Диалогты кеңейту үшін қазіргі таңдағы байланыс құралдарын қоса алғандағы барлық мүмкіндікті пайдаланудың маңызы зор.

Осы тұста біздің форумымыздың интерактивті алаңы жұмысына үлкен жауапкершілік артылып отыр.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің төртінші Съезі барысында осы маңызды бес маңызды сұрақ бойынша өзара түсіністік қалыптасты.

Олардың барлығы форумға қатысушылардың қорытынды Үндеуінде көрініс алып отыр.

Осылардың барлығы діндердің сындарлы диалогының міндетті түрде XXI ғасырдың жаһандық әлемінің маңызды құрамдасы болатындығына деген сенім ұялатады.
Құрметті достар!
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төртінші Съезі өз жұмысын аяқтады.

Біздің Қазақстан аспанының астында өздеріңіздің бас қосуларыңыз арқылы елімізде келісім мен бейбітшіліктің шырағын жаққандарыңыз үшін Сіздерге өзімнің тағы да үлкен алғысымды білдіремін.

Қазақстан жерінде оқыған дұғаларыңызда Сіздер Қазақстан жеріне және оның халқына саулық, ал бүкіл ғаламшарға бейбітшілік пен өркендеу тілеген едіңіздер.

Мен Сіздермен 2015 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші Съезінде тағы да қауышамыз деп ойлаймын.

Съезге қатысушылардың барлығына рухани тұрақтылық, дендеріңізге саулық, құдай алдындағы қызметтеріңіз бен адам игілігі үшін жасалып жатқан қызметтеріңізге жеміс тілеймін.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төртінші Съезін жабық деп жариялаймын.



Жемісті жұмыс атқарғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін.


* * *

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ

БЕСІНШІ СЪЕЗІ

_____________________________________________________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ДІНИ ЛИДЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ЕКІНШІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
10 маусым 2015ж.
Қайырлы таң, Жоғары мәртебелі, Аса қадірменді,құрметті қонақтар мен Кеңес мүшелері!
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне қатысуға келген барлық делегация басшылыларына шын жүректен сәлем жолдаймын.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің өткенІV Съезінде Діни лидерлер Кеңесін құру Астана форумының барлық қатысушылары арасында қалыптасқан сенімнің заңды нәтижесі болатын.

Діни лидерлер Кеңесі бүкіләлемдік рухани-адамгершілік құндылықтардынығайтуда, діндер мен мәдениеттер арасындағы келісім мен өзара түсіністікке қол жеткізудемаңызды рөл атқарады деп сенемін.

Әлемніңқазіргідамуы жаһандық конфессияаралық сұхбаттастықтың осындай бірегей жүйе қажеттілігінің әлі де өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Әлем алдыңғысъезд өткенүш жылданбері,адамдар арасындағы діни айырмашылықтардың жаңа шектен шыққан алауыздықтарының таралуымен бетпе-бет келді.

Біріншіден, адамдардың діни сенімдерін асырапайдаланғандықтан, ішкі әскери қақтығыстар көбейе бастады.

Мұсылмандардың қасиетті басты мекені, ислам әлемінің бесігі – Мекке мен Мәдинеге жақын маңдаЙемендегі қақтығыстың орын алуы бізді алаңдатпай қоймайды.

Лаңкестік топтардың бірқатар әрекеттері Азия мен Африкадағы түрлі конфессия ізбасарларының арасындағы жауласу мен көптегенқауымның бөлшектенуіне ұшыратады.

Украинаның шығысындағыоқ жаудырудың салдырынан қалалар мен ауылдардағышіркеулердің бүлінгені туралы ақпарат үрей тудырады.

Екіншіден, «ислам мемлекеті»атын жамылған әрекеттерімен жаһандық терроризмнің аса қауіпті деңгейіне өтті.

Лаңкестер Ирак пен Сирияның мыңжылдық өркениетін, мәдени мұра нысандарын жалған діни көзқарастардың ықпалымен қасақана қиратуда. Олар журналистерді, еріктілерді және өзге дінді ұстанушыларды көпшілік алдында жан түршіктірердейжазалауәрекеттерін ғаламтор арқылы таратады.

Үшіншіден, әлемдік әлеуметтік желілердің бұрын-соңды болмаған әрекеттермен дін мен дін қайраткерлерінежасап жатқан шабуылын көрмеу мүмкін емес.

Әлемнің барлық діндеріадамдар арасындағы соғыс пен қақтығыстарды тоқтатып, шыдамдылық пен төзімділікке, бейбітшілік пен келісімгешақырады.

Әлемнің басқа да діндерісекілді, ең толерантты діндердің бірі – ислам. Экстремизм мен терроризмніңқандай да бір түрінеисламды сылтау ретіндепайдалану оны қадірлемеу болып есептеледі.

Барлық діни көшбасшылардыосындай қиынкезеңдеөз қауымындағыларғабейбітшілік, келісім, толеранттылық және кешірімділік туралы үндеулеріңізді еселей түсуге шақырамын.

Кез келген халықбірлікті бағалап, сақтай алғанда ғанаұлы және өмір сүреді.

Қазақстан халқы – өзінің даналығының арқасында тату.

Барлық конфессиялардың арасындағы достық пен өзара түсіністіктің, келісім мен бірліктің, толеранттылықтың арқасындабіздің халқымыздың даңқы мен күші – мәңгілік. Бұл – біздің еліміз де қосылуға ұмтылатын дамыған алдыңғы қатарлы30 елдіңең жоғары құндылықтары.

Біз осы ізгі мақсат үшін«Қазақстан-2050» стратегиялық жобасын жүзеге асырудамыз. Жаңа институционалдық реформаларға кірістік.

Біздің Қазақстанды жаңартуға байланысты Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» этникалық және діни айырмашылықтарына қарамастан, барлық қазақстандықтардың жарқын өмір сүруіне бағытталған.


Құрметті делегация басшылары, Жоғары мәртебелі қонақтар!
Қазақстан Діни лидерлер кеңесі өзініңжұмыс барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ойлары мен шешімдерін ілгері жылжытудыбарынша қолдайды.

Біз қазақстандық мәмлегерліктің мемлекеттік және халықтық тәжірибесін осы мақсаты жүзеге асыру үшін пайдалануға ниеттіміз.Оған қоса, сіздердің Қазақстанға көрсеткен сенімдеріңіз үшін ризамыз.

Іргелі рухани қуат ретінде адамзат санасындағы діннің ізгі рөліне баға жетпейді.

Меніңше, Кеңес адамзаттың ХХІ ғасырдағы рухани қайта түлеу идеясының жалғастырушы-авторыбола алар еді.

Кеңес жұмысының өзекті бағыты діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекеттердің бастамасыболар еді.

Алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезі Кеңестің ұсыныстарымен келісіп, қолдаса,діни сенім мәселесінде адасқандардыңоғаш амалдарының алдын алуға көмектесер еді.

Сіздердіңбірлескен пікірлеріңіз өшпенділікті, шыдамсыздықты, қатыгездік пен жақынына әділетсіз қарым-қатынасты қолдайтындар үшін алауыздық пен тартысты тежеудің шешу факторы бола алады.

Осы ұсыныстар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезд жұмысына қатысушылар мен саяси қайраткерлердің сұхбаттасуы барысында іске аса бастайтынына сенімдімін.


Құрметті Кеңес мүшелері!
Бүгін Астанада сөздері мен амалдарына игі ниет пен қамқорлықтысыйдыра білген бейбітшілік пен келісімнің, үйлесімділіктің идеяларын растайтын дін көшбасшылары жиналды.

Діни лидерлер Кеңесінің Екінші отырысы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіәлем тарихындағы жарқын оқиғалар болатынына күмәнім жоқ.

Олар қазіргі беймаза уақытта адамзаттың үміті мен қайырымдылығының, әділеттілігі мен сенімінің шырақшысыболып енетініне сенемін.

Біздің ізгі пейіліміз бен ниеттерімізді Құдіретті Жаратушы қолдасын.


Назарларыңызға рахмет!
Біздің Съезд бен Сіздердің еңбектеріңіздің жемісті болуын тілеймін!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ БЕСІНШІ СЪЕЗІНІҢ АШЫЛУЫНДА

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

10 маусым 2015 ж.

Ардақты дінбасылар!

Құрметті БҰҰ-ның Бас хатшысы мырза!

Қадірлі съезге қатысушылар мен меймандар!

Ханымдар мен мырзалар!
Сіздерге Қазақстанның құт дарыған жерінен шын жүректен сәлем жолдаймын! Егер әлемде бір нәрсе тек бір ғана мәрте жүзеге асса, онда оны әдетте тарихи кездейсоқтық деп санайды. Екі немесе үш рет болса – бұл тарихи заңдылық. Ал егер көптеген мәрте жүрсе – Ұлы Тарих дегеніміз, міне, осы! Астана Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысушылар мен меймандарын бесінші рет қабылдап отыр!

Біз І Съездің шешімі бойынша салынған әлемдегі жалғыз Бейбітшілік және келісім сарайы шаңырағының астында толеранттылықтың, мәдениеттер мен діндердің жаһандық үнқатысуының Ұлы Тарихын қалыптастырудамыз. Біз, тіпті, осы күрделі дәуірдің өзінде де оның парақтарын бірінен кейін бірін жазып, толтырудамыз. Және біздің бәрімізді – саясаткерлер мен конфессиялар қызметшілерін – адамдар мен халықтардың тағдыры, Ұлы Жаратушы жаратқан біздің бүкіл бірегей планетамыздағы бейбітшілік пен тыныштық үшін ортақ бір жауапкершілік сезімі біріктіреді.

Съезд жұмысына алғаш рет БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мырза қатысып отыр. Мен Сізге, Бас хатшы мырза, шын жүректен сәлем жолдаймын! Сіздің қатысуыңыз Астанадағы бүкіл әлемдік қоғамдастық мән беріп отырған рухани лидерлер үнқатысуының маңыздылығын көрсетеді.

Мен шақыруымды қабыл алып, бүгінде осы залда отырған баршаға сәлем жолдаймын. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ізгілікті идеялары әлемдік қоғамдастықта, діни, сондай-ақ, саяси топтарда кең қолдау тауып отыр. Олар әлемге дінаралық қарым-қатынастар туралы ғасырлар бойы қалыптасқан таптаурындарды еңсеруге, ХХІ ғасырда жаһандық толеранттылық пен өзара түсіністіктің іс-қимыл таныта алатын формуласын жасауға мүмкіндік береді. Мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі осы мақсатқа маңызды қадам жасауға көмектесетініне сенімдімін.

Барлық қатысушылар мен меймандарға жемісті жұмыс, пайдалы үнқатысу және оң шешімдер тілегім келеді.

Құрметті рухани лидерлер!
V Съездің негізгі мәселесі діни және саяси лидерлердің қазіргі әлемнің қауіпсіз және үйлесімді дамуы үшін маңызды рөлі мен жауапкершілігін сезінумен байланысты. ХХІ ғасырда әлем басым жағдайда терең діни болып қалуын жалғастыруда.

Үміт пен торығудың жаһандық барометрінің соңғы есептерінің бірінде ұсынылған Gallup институтының деректеріне сәйкес, Жер тұрғындарының жартысынан көбі – шамамен 60 пайызы, өздерін діндар адамдармыз деп есептейді. Әрбір бесінші адам өзінің діндар емес екенін атап көрсетеді.

Технологиялық төңкерістер дәуіріндегі орнықтылық пен діни оқулар ықпалдылығы сақталуының феноменін ХХ ғасырдағы итальян жазушысы Чезаре Павезе өте дәл түсіндірді: «Дін, – деп жазды ол, – бұл сенім, біздің басымыздан өтіп жатқандардың барлығы ерекше маңызды. Дәл сондықтан ол әркез бізбен бірге болады». Бірақ бұл адам дамуында діни қарама-қайшылықтар, жақтырмаушылық, жанжалдар мен конфессияаралық соғыстар оның өзгеріссіз серіктері болады дегенді білдіре ме? Мен мұндай сауалға сенімді жауап беретіндердің жақтастары болып табылмаймын.

Біріншіден, Махатма Ганди атап өткендей, «Құдайда дін жоқ». «Біздің шіркеулік қоршау қалқаларымыз көкке дейін жетпейді», – деген еді ХІХ ғасырда православиелік философ митрополит Платон Городецкий. Мыңжылдық тарихта теологиялық дискуссиялар, саясаткерлер олардан соғыстар мен жанжалдар туындатқанша, тек сөз жүзіндегі таластар күйінде қалып келген еді.

Екіншіден, әлемдегі барлық діндер сабырлылық пен төзімділікке, күш қолданбау мен келісімге үндеп келеді. Қасиетті Құранда мынадай сөздер бар: «Кім бір адамды өлтірсе, бұл бүкіл Адамзатты өлтіргенмен пара-пар». «Бүкіл адамдар алдындағы ізгілік туралы ойланыңдар... Барлық адамдармен бейбітшілікте болыңдар», – осы үндеу христиандық Жаңа өсиетте бар. Адамдар қылығы үшін жауапкершілікке шақыру сөзі көне үнді Упанишадында айтылады: «Бір шөп жұлынған кезде, бүкіл дүние дірілдейді». Адамның бойында тек махаббат, жанашырлық және ізгілік сезімдерін оята алатын сенім ғана нағыз сенім. Бұл ақиқат өткінші емес, мәңгілік.

Үшіншіден, қазіргі заманғы тарих діни тұрғыдан толерантты қоғамдар мысалдарын біледі. Мәселен, біз Қазақстанда бейбітшілікте, келісімде және бір-бірімен өзара түсіністікте бейбіт қатар өмір сүріп келе жатқан 18 конфессияның табысты моделін құрдық. Біздің діни бірлестіктер туралы заңнамамыз теңдік пен ождан бостандығы қағидатына негізделген. Біздің ширек ғасырға жуық тәуелсіздігімізде Қазақстан рухани қайта өрлеу дәуірін бастан өткерді. Кеңес дәуірінде, оның ішінде Қазақстанда да, атеизм орныққан болатын. Бірақ халқымыз Құдайға сенімін жоғалтқан жоқ. Қазір елімізде 3312 мешіт, храмдар, құлшылық үйлері, синагогалар мен басқа да ғибадат ету орындары жұмыс істейді. Бізде діни бағыттағы 47 бұқаралық ақпарат құралы басылып шығарылады. Елімізде 500-ге жуық шетелдік миссионер жұмыс істейді. Ислам мен Христианның басты күнтізбелік даталары – барлық қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Елімізде жұмыс істейтін барлық діндердің паствалары – бір үлкен қазақстандық отбасының мүшелері. Біздің бәріміз бірлесіп, дүрдараздық пен ұрыс-керіске орын жоқ жаңа ел құрудамыз.

Біздің бәріміз бір мақсатқа – ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарында тұратын өсіп-өркендеген мемлекет құру мақсатына біріккенбіз. Біз алдымызға барлық қазақстандықтардың Болашақтың біртұтас ұлты болуына қол жеткізу міндетін қойып отырмыз. Оның басты негізі азаматтық теңдік пен толеранттылық, ашықтық пен құқықтық тәртіп, ой-ниет пен әр адамның өмірі үшін лайықты жағдай жасау бойынша практикалық істердің бірлігі болып табылады. Оның ғасырлық мәні мынада: ұрпақтан-ұрпаққа, дәуірден дәуірге бейбітшілік пен келісім құндылықтарын беру.

Биыл біз бірегей ұйым – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Ол түрлі этностық және діни ұстанымдағы барлық азаматтардың келісімі мен толеранттылығының арқаулық құндылығы мен берік тетігі болды. Біз бүкіл әлемге мәдениеттер мен діндердің болмай қоймайтын жанжалдары, тіпті, бір қоғамның шегінде де жоқ екенін көрсеттік. Сондықтан, олардан халықаралық саясаттың кез келген деңгейінде қашып құтылуға болады. Біз қоғам ішіндегі толерантты қарым-қатынастар – мемлекеттің де, діни бірлестіктердің де, қатардағы азаматтардың да ұғынықты жауапкершілігінің мәселесі екенін айғақтадық. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу тәжірибеміздің табыстылығын біз жаһандық мойындаудың призмасы арқылы қарастырамыз.


Құрметті Съезге қатысушылар!
Діндер мен мәдениеттердің өзара қарым-қатынастары мәселесін Жер шарындағы бейбітшілік пен тұрақтылық мүдделері тұрғысынан талқылау біздің форумның айрықша ерекшелігі болып табылады. Мұндай пікірсайыстың көкейкестілігін жаһандық ахуал дамуының үрейлі аяқ алысы күшейте түседі. Бүгінде әлем қауіпті белгісіздік жағдайында дағдарып тұр.

Біріншіден, жаһандық қауіпсіздік режимінің күрт әлсіреуі орын алды. Және бұл үдеріс әлі де өз түбіне жетпегенге ұқсайды. Тежеу мен арасалмақтарды ұстаудың халықаралық жүйесі жұмыс істемейді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі соңғы ондаған жылдар бойына қалыптасқан жетекші мемлекеттер арасындағы сенім ахуалының жойылғанына өкініш білдіруге тура келеді. Өзара санкциялық қысымдар әлемдік экономикадағы ахуалды күрделендіруде. Ол таяуда ғана бастан өткен жаһандық экономикалық дағдарыс зардаптарын тездетіп еңсеру перспективаларын алыстата түсті. Сенімсіздік экономикалық қана емес, сонымен бірге, елдер мен халықтар арасындағы гуманитарлық қарым-қатынастарға да теріс әсер етуде. Өзара туризм, мәдени алмасулар қысқаруда, бір-біріне қарсы ақпараттық шабуылдар жүруде. Осының бәрі – тұрақсыздықтың, сенімсіздіктің, ошақты соғыстар мен қақтығыстардың салдары.

Екіншіден, әлемде әскери және ішкі дау-дамайлар қауырт өсе түсті. Украинаның шығысындағы жанжал еуропалық және жаһандық қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Батыс Африкадан Ауғанстанға дейінгі бүкіл аумақ қарулы қарсы тұрушылықтармен қамтылған.

Үшіншіден, халықаралық терроризм қатері «ислам мемлекеті» деп аталатын іс-қимылдар пішінін қабылдады. Өздеріне қаратып алудың жаһандық желісін пайдалану арқылы әлемнің түрлі елдеріндегі жастар оның қатарына тартылуда. Жалған діни үндеулермен бүркемелене отырып, содырлар өзге діндер өкілдерін, журналистер мен еріктілерді жаппай өлім құштырудың жан- түршігерлік актілерін жүзеге асыруда. Біз сіздермен бірігіп, мұндай көзқарасқа және діннің осындай қаскүнемдіктеріне қарсы ортақ пікірімізді білдіруіміз керек. Олар Ирак пен Сириядағы сан ғасырлық мәдени мұраларды қасақана қиратуда. Мұның бәрін ізгі ниеттілікке және адамгершілікке қарсы актілер демеске лаж жоқ.

Төртіншіден, қазіргі заманғы әлемде аш және жоқ-жітік адамдар азаймай отыр. Бүгінде, БҰҰ мәліметтері бойынша, 700 миллион бала мен жасөспірім кедейшілік жағдайында өмір сүруде. Тағы 150 миллионы – тастанды балалар. Мектептердің болмауынан 100 миллион баланың білім алуға мүмкіндіктері жоқ. 10 миллионы дәрі-дәрмек пен медикаменттер жетімсіздігінен зардап шегуде. Әлеуметтік қолайсыздықтың, ал одан кейін қылмыстың, әлеуметтік дүрдараздықтың, терроризм мен экстремизмнің бастапқы ортасы да міне, осы.

Бесіншіден, рухани-өнегелілік құндылықтарды көмескілендірудің жаһандық проблемаларын көрмеу де мүмкін емес. БАҚ-тар мен Интернет-желілер арқылы балағат сөздер, адамдардың рухани бастауларын қорлау, қылмыстық көргенсіздік пен бетімен кетушілік, «жаппай мәдениет» деп аталатынның жексұрын үлгілері кеңінен таратылуда. Мұндай «жалған мәдениет» тасқыны, әсіресе, жастардың балғын жан-дүниелерін ауыр жаралауда, отбасылық дәстүрлерге нұқсан келтіруде, ұрпақтар арасындағы өзара байланысты күйретуде. Осылардың бәрі – қазіргі заманғы әлемдік тәртіпке, қауіпсіздікке, рухани салт-дәстүрлер мен өркениет құндылықтарына төнген ауыр сын-қатерлер. Мен съездің пікірсайыс алаңдарында осы және басқа да көптеген проблемаларды шешу жолдарының егжей-тегжейлі талқыланатынына сенімдімін.

Бүгінде қауіпсіздік пен дамудың жаңа парадигмасын қалыптастыру бойынша кең көлемді үнқатысуларды жолға қоюдың маңызы зор. Оның негізінде тең құқылық, өзара құрмет, бір-бірінің мүдделерін мойындау, ынтымақтастық, толеранттылық және өзара түсіністік қағидаттары болуы тиіс. ХХІ ғасырда барлық салалардағы – саяси, экономикалық, мәдени, рухани салалардағы үнқатысуға балама жоқ. Бүгінде адамзат үлкен материалдық, ғылыми-техникалық және интеллектуалдық мүмкіндіктерге ие. Егер адамдар бір-бірімен бейбітшілікте және рухани келісімде өмір сүріп үйренбесе, ешқандай прогресс болмайды. Адамзаттың болмысы сондай, этностық, тілдік, діни және мәдени айырмашылықтар болжаулы болашақта әркезде де бола бермек. Бірақ олар ажыратушы жіктер емес, біріктіруші бастаулар болуы тиіс.

Мен «Бізді біріктіретіндердің өзі ажырататындардан едәуір асып түседі», деген Рим Папасы Францисктің сөзін қолдаймын. Этносаралық және дінаралық жанжалдарды қате саясаттың туындататынын ашып айтқым келеді. Ол елдерді, адамдар мен қоғамды бүлдіреді. Біз бүгінде де оны әлемнің түрлі түкпірлерінен көріп отырмыз. Бірақ халықтардың өзара тартылысы, тілдерді, мәдениетті, рухани әлемді өзара тану, сауда мен тату көршілікті дамыту әркезде де мәңгілік болған, болып қала береді. Және халықтар достығының осынау үрдісі әсіресе, жаһандану ықпалымен ХХІ ғасырда күшейе түсуде. Рухани және саяси лидерлер бірлесе отырып, адамзат әлемін неғұрлым өнегелі және толерантты жасай алары анық.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің V съезіне қорытынды декларация қабылдауға тура келеді. Оған бүкіл әлем бойынша миллиардтаған адамдардың мұң-мұқтаждары мен үміттерін бейнелейтін бірқатар үндеулер қосуды ұсынамын.

Бірінші. Барлық әскери жанжалдарды тоқтату және бітім жариялау. Барлық қарсы тұрушы тараптар келіссөздер үстеліне отырып, зорлық-зомбылықты тоқтату, бейбіт азаматтарды қорғау, бүкіл қарама-қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу жөнінде келісімдер қалыптастыруы тиіс.

Екінші. Кез келген елде және мемлекетаралық қарым-қатынастарда кез келген саяси қарама-қайшылықтарды шешудің күш қолдану тәсілдері батыл түрде теріске шығарылуы керек.

Үшінші. Бүкіл жетекші державалардың саяси лидерлерін қазіргі заманғы әлемдегі сенімсіздік шыңырауының ұлғая түсуін тоқтатуға шақыру маңызды. Салдарынан «үшінші әлем» мен қарапайым адамдар ауырырақ зардап шегетін өзара санкцияларды тоқтату қажет. Әлемді ХХІ ғасырда «қырғи-қабақ соғыс» уақытының стереотиптерін, әсіресе, блоктық ойлауды қайта жаңғырту қаупінен сақтандырудың маңызы зор. Бүгінде қарама-қайшылықтарды реттеу, соғыстар мен дау-жанжалдарды тоқтату үшін БҰҰ мен қауіпсіздіктің өзге де халықаралық құрылымдарының мүмкін деген барлық тетіктерін пайдалану керек.

Төртінші. Барлық адамдарды саналылыққа және Интернетті қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарын адамдар арасындағы дінаралық араздықтарды тұтандыру үшін пайдалану тәжірибесін тоқтатуға шақыру қажет. Бұл тұрғыда БАҚ-тардың қожайындары мен баспагерлерінің, өздерін «төртінші билік» деп атайтындардың бәрінің моральдық жауапкершілігін арттыру керек.

Бесінші. Мемлекеттер мен қоғамдарға кедейшілік, аштық, эпидемия, жұмыссыздық, табиғи зұлматтар мен техногендік апаттар проблемаларын шешу үшін күш-жігерді біріктіру өмірлік тұрғыда қажет.

Осының бәрі қауіпсіз және үйлесімді әлемнің жаңа архитектурасының бөлігіне айналуы тиіс.
Жоғары мәртебелі дінбасылар!

Ханымдар мен мырзалар!
Қазіргі заманғы дәуірдің оқиғалары біздің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін жаһандық «рухани дипломатияның» маңызды элементіне айналдырады. Барлық делегациялар басшыларын конфессияаралық үнқатысуды ұлғайта түсуге деген үндеуді өз діндеріңіздің ұстанушылары мен барлық діни қауымның мүшелеріне жеткізуге шақырамын. Мен қатысып отырған бүкіл саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне өз ықпалдары мен мүмкіндіктерін соғыстар мен дау-жанжалдарды тоқтату, жаһандық саясаттағы сенімді қалпына келтіру үшін пайдалану жөнінде үндеу тастаймын. Съезд жұмысының мәдениеттер мен діндер үнқатысуының тәжірибесін байыта түсетініне сенімім мол.
Баршаңызға жемісті жұмыстар мен табыстар тілеймін!

Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ БЕСІНШІ СЪЕЗІНІҢ ЖАБЫЛУЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
11 маусым 2015 ж.
Жоғары мәртебелі және аса қадірлі діндарлар!

Құрметті қатысушылар мен Съезд қонақтары!
Бүгін біздің форум жұмысына мәртебелі Иордания королі Абдалла Екінші қатысуда.

Ең бірінші, мәртебелі қонаққа жаһандық конфессияаралық келісімді нығайтуға сіңірген еңбектері үшін алғыс білдіремін.

Біз мәдениеттер мен өркениеттердің бейбітқатар өмір сүруіне маңызды үлес қосатын Сіздердің бастамаларыңыз «Амман Жолдауын» жоғары бағалаймыз.

Соған орай, өркениеттер мен конфессиялар арасындағы сындарлы сұхбатты дамытуда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыру мен «Амман Жолдауы» үндесболып,платформа ретінде қызмет етеді.


Құрметті Съезд қатысушылары мен қонақтары!
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Бесінші Съезі өз жұмысын аяқтайды.

Қонақжай Қазақстан жеріне қайтадан жиналған Съезд делегаттары алға қойған басты мақсаттарына жетті.

Діндер, халықтар мен мемлекеттер арасындағы бейбітшілік пен келісімнің түбегейлі маңыздылығын түсінуге тағы да бір-біріне қарай бір қадам жасалды.

Діндердің өзара әрекеттестігі мен оның жаһандық дамудағы рөлі туралы ашық сұхбаты жалғасты.

Әлемдік қауымдастықтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін ынтымақтастық терең ортақ қызығушылықпенсалтанат құрды.

Барлық қатысушылардың жер бетіндегі өмірлік маңызды мәселелерге ортақ немесе ұқсас көзқарастарын көрсететін Съезд Декларациясы келісіліп, қабылданды.

Қазақстанның елордасы Астанада екі күн бойы әр түрлі тілдерде және әр түрлі дәстүрде, бейбітшілік, келісім, әділдік туралы, жақындарына деген кешірім мен махаббат үшін, шын мәніндегі, ортақ құлшылық шарықтады.

Біздің Қазақстанның гүлденуі мен бақыты туралыСіздердің Құдайдан сұраған дұғаларыңыз үшін барлық діндердің қызметкерлеріне мен алғыс айтамын!

Мен Съездің барлық зайырлы қонақтарына – саясаткерлерге, қоғам қайраткерлеріне, сарапшылар мен журналистерге – оның табысты өтуіне қосқан өлшеусіз үлесі үшін шын жүректен ризамын.

Әлемде ақыл мен сенімнен құралған шындықтан күшті ештеңе жоқ.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездері діни тұлғалар мен саясаткерлердің өзара сұхбаты түрінде өтіп жүр.

Біз осылай өнегелілік пен руханилықтың күші арқылы бейбітшілік пен келісім мәселелерінде адамдар арасындағы іс-әрекеттің шынайылығын арттыруға ұмтыламыз.

Діндегі өз ізбасарлары мен пікірлестеріне съездің ізгілігі мен тыныштықты жақтайтын болмысын жеткізуге барлық қатысушыларды шақырамын.
Ханымдар мен мырзалар!
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Бесінші Съезі жаһандық сұхбат қажеттілігінің өскелеңдігі менөзектілігін тағы да айқын көрсетті.

Сөз бен Сөйлеу, яғни ТІЛДЕСУ мен СҰХБАТ – бұл Адам мен Адамзатқа берілген Тәңірдің сыйы.

Ал оның бітімгершілігі мен жасампаздық күшін толықтай пайдалану – біздің борышымыз.

Бүгін Бесінші СъездеЖалпыға ортақ Бейбітшілік пен Мейірімділік, Әділдік пен Рухани Үйлесімділік дәуіріне тағы бір қадам жасалды.

Біз жаһандық күмәнді кезеңде тек бір-бірімен тілдесу арқылы болашаққа деген сенім мен үміт ұялатуға болатынын дәлелдедік.
Құрметті қатысушылар мен қонақтар!
Делегация басшыларымен және саясаткерлермен тілдесу барысында сіздердің төреліктеріңізге салуды жөн көрген менде екі ұсыныс пайда болды.

Бірінші – біздің Съездің енді бай тарихы бар.

Біз тікелей сұхбаттың салиқалы тәжірибесін жинақтадық, тілдесу мен өзара түсіністіктің дәстүрін қалыптастырдық.

Діндер мен өркениеттердің өзара әрекеттесуінің басқа сұхбат алаңдарымен байланысы жолға қойылуда.

Сондықтан бізде, Астанада, осы ғимаратта Бейбітшілік пен келісім мұражайын құруды ұсынамын.

Адамзат дамуының мәселелері бойынша халықтар мен діндердің өзара түсіністігі мен бейбітшілікті нығайту үшін шоғырланған шешімдердің тәжірибесін жинақтауда біздің Съездердің тарихына да сондай қатынас жасау маңыздылығы болады.

Бейбітшілік пен Келісім мұражайы діндер мен мәдениеттер сұхбаттастығының тарихын зерттейтіндерге Съезд жанынан ашылған ғылыми мекеме бола алар еді.



Екінші – діндер мен мәдениеттердің үнқатысуына қамқорлық жасағандардың барлығын;

Діндер мен этникалық топтардың арасында рухани және толеранттылықтың жоғары үлгісін көрсеткендердің бәрін;

Конфессияаралық диалогты дамытуға қамқорлық танытқан адамдарды түгелімен ынталандыру маңызды.

Сондықтан «Рухани әлем мен келісімді нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін» деген сыйақы, сондай-ақ, Құрмет белгісін тағайындауды ұсынамын.

Ол дін лидерлері Кеңесінің шешімімен ұйғарылып, Съездің пленарлық отырыстарында табысталар еді.

Егер сіздер қарсы болмасаңыздар, Съезд Хатшылығына осы екі мәселені зерттеп, жетілдіруді ұсынамын.


Құрметті достар!
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Бесінші Съезінің екі күндік жұмысы тарихқа айналады.

Адамзаттың даналығы мен жауапкершілігіне сене отырып, олар, сөзсіз, әлем дамуын ең нашар болжамдардан құтқара алатын үміт отын ұялатты.

Барлық қатысушылар мен қонақтарға тағы да жемісті жұмыстары үшіналғыс айтамын!.

Қабылданған Декларацияда біз, ең бастысы, 2018 жылы өтетін Алтыншы Съезде біздің сұхбатымыздың жалғасатынын мәлімдедік.

Осы сәтті пайдалана отырып, осында қатысып отырғандардың барлығын келесі Съезге шақырамын.

Бәріңізге жақсылық пен білімпаздық, бейбітшілік пен келісім тілеймін!

Құдіретті Жаратушы сіздердің барлық ізгі амалдарыңыз бен күнделікті істеріңізді әрқашан қолдасын.

МАЗМҰНЫ



ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ

БІРІНШІ СЪЕЗІ

5



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Бірінші Съезінің ашылуында сөйлеген сөзі....................................................................

5



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың съезд Төрағасы болып сайланғаннан кейін сөйлеген сөзі….….


7



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Бірінші Съезінің жабылуында сөйлеген сөзі......................................................................

14



ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ

ЕКІНШІ СЪЕЗІ

17

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Екінші Съезінің ашылуында сөйлеген сөзі.......................................................................................

27

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Екінші Съезінің жабылуында сөйлеген сөзі.......................................................................

30



ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ

ҮШІНШІ СЪЕЗІ

32

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Үшінші Съезінің ашылуында сөйлеген сөзі..............................................................................................................


32

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Үшінші Съезінің жабылуында сөйлеген сөзі......................................................................


40




ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ

ТӨРТІНШІ СЪЕЗІ

43

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың діни лидерлер Кеңесінің Бірінші отырысында сөйлеген сөзі………………...



43

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Төртінші Съезінің ашылуында сөйлеген сөзі.......................................................................

46

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Төртінші Съезінің жабылуында сөйлеген сөзі.......................................................................

53


ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ

БЕСІНШІ СЪЕЗІ

57

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың діни лидерлер Кеңесінің Екінші отырысында сөйлеген сөзі………………….


57

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Бесінші Съезінің ашылуында сөйлеген сөз........................................................................

60

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Бесінші Съезінің жабылуында сөйлеген сөзі........................ ....................................................................

66



ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ

I, II, III, IV, V СЪЕЗДЕРІНДЕ СӨЙЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ СӨЗДЕРІ

Жауапты редактор:

Е.Б. Мұратбеков,

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық

орталығының директоры, з.ғ.к.


Корректор

Р. Амантай,

БАҚ-қа мониторинг бөлімінің аға сарапшысы


Дизайн және верстка

Қ.Н. Маханов,

БАҚ-қа мониторинг бөлімінің бас сарапшысы


Техникалық корректор

А.Т. Утемисов,

БАҚ-қа мониторинг бөлімінің сарапшысы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет