2. Дұрыс/қате екенін табыңыз.
Дұрыс
Қате
Әңгіме достық, жақсы қарым-қатынас туралы.
Мінезі жаман бір қыз болыпты.
Әкесі оған шегеге толы жәшік беріпті.
Жігіт бірінші күні барлық шегені қағыпты.
Бір айдан кейін мүлде шеге қақпапты.
11
I БӨ
ЛІМ
Әкесі екі шегеге толы жәшік беріпті.
Әкесі достарыңды сыйла, ренжіспе деп айтып-
ты.
Әкесі достарыңнан кешірім сұрап, достасқан
кезде шегелерді суырып ал депті.
Жігіттің алғашқы кезде досы көп болған.
Жігіт достарын ренжітпейтінін айтыпты.
3. Сөйлемдерді мәтін мазмұнына қарай ретпен орналастырыңыз.
Бір айдан кейін тақтайға мүлде шеге қақпапты.
Алғашқы күні жігіт тақтайға он шеге қағыпты.
Бүгіннен бастап достарыңмен татуласқан, олардан кешірім
сұрағаның үшін тақтайдан шегелерді суырып отыр.
Жігіт әкесінен: «Шегесі бар жәшік неге керек?» - деп сұрайды.
Достарыңмен ұрысып қалған күні тақтайға бір шеге қақ.
Жарайсың, балам, бірақ сен қаққан шеге тақтайды бүлдірді.
Сондықтан дос қадірін біліп, ешкіммен ұрыспай, достарыңмен тату бол.
Жігіт бір күні таза тақтайды әкесіне әкеп көрсетеді.
Әкесі оған шеге салынған жәшік беріпті.
Мінезі жаман жігіт болыпты.
Бір күні қараса, тақтайдағы барлық шегені суырып бітіпті.
4. Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз.
Жігіт бірінші күні он шеге қағыпты..
__________________________________________
Жәшіктің іші шегеге толы екен.
__________________________________________
Достарыңмен тату болғаның дұрыс.
__________________________________________
Әрбір айтылған жаман сөз артында мына
шегелер сияқты қара тесік қалдырады.
__________________________________________
Бір айдан кейін мүлде шеге қақпапты.
__________________________________________
1
|