325
АуДИОМӘТІНДЕР
№1 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Суретті мәтінге сай нөмірлеңіз.
№ 1 Менің әкем – мен үшін өте жақын адам. Мен оны құрметтеймін, сыйлаймын. Оның істері маған
әрқашан үлгі болған. Мінезі өте салмақты. Екі жыл бұрын ауылдан қалаға көшейік дедім. Ол келіспеді. Ал
мен отбасыммен көшіп кеттім. Алғашқыда әкем ренжіді. Кейін менің бұл әрекетіме түсіністікпен қарады.
№ 2 Мен құрбым Ақмарал туралы айтқым келеді. Ол менің он екі жыл жақын құрбым болды. Мен онымен
дос болғанға дейін, көбінесе, ұлдармен дос едім. Менің жақын құрбым болмаған. Мен оны университетте
кездестірдім. Күндіз сабаққа бірге дайындаламыз, кешке киноға, театрға барамыз. Емтихандарға бірге
дайындаламыз. Түні бойы кофе ішеміз, сұрақтарды қайталаймыз. Өкінішке орай, біз қазір дос емеспіз.
Неге екенін білмеймін, университет бітіргеннен кейін хабарласпай кеттік. Ол басқа қалаға көшіп кетті.
Мен оны сағындым.
№3 Мен супермаркетте екі жыл бойы есепші болып жұмыс істедім. Барлық әріптестеріммен жақсы
қарым-қатынаста болдым. Сол жерде Сара деген қызбен таныстым. Екеуміз жақсы араласып кеттік. Қазір
біз өте жақын достармыз.
Енді екінші рет тыңдаңыз.
№2 Аудиофайл
Сөйлеушілердің әңгімелері бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
№ 1 Есімім – Мұрат. Мен ең жақын досымды университетте оқып жүргенде таптым. Мен де, ол да
жатақханада тұрдық. Ол көрші бөлмеде тұрған. Үнемі ән айтады әрі түсініксіз әндер тыңдағанды ұнатады.
Мен қытай тілін оқыдым. Сабақтарым қиын. Сонда «мына жігіттің бос уақыты көп екен әрі қызықты
өткізеді екен» деп ойлағанмын. Университетті аяқтап, әр жаққа кеттік. Менің онымен байланысым үзіліп
қалды. Бірақ кейін басқа қалада кездейсоқ қайта кездестік, содан бері доспыз.
№ 2 Атым – Бауыржан. Досым Әнуармен көлік тұрағында танысқанмын. Мәшинемді автотұраққа
қойып жатып, оның мәшинесін соғып кеттім. Бір жақсысы, ол мені түсініп, кешірді. Екеуміз бұл жағдайға
күлдік те, дәмханаға кеттік. Сол күннен бері жақын доспыз.
№3 Мен – Әйгеріммін. Сәулемен кеңседе таныстым. Мен жұмысқа орналасуға келгенмін. Ол хатшы
екен. Сондай ақкөңіл, мейірімді болып көрінді. «Өте жақсы қыз сияқты» деп ойладым. Кейін мен оны туған
күніме шақырдым. Қазір кештерге, киноға бірге барамыз. Ол өте пысық, жомарт адам. Маған ұнайды.
№4 Атым – Шолпан. Ғаламтор – менің екінші үйім. Университеттен келгеннен кейін тамақтанып
аламын. Сосын бірден агентке кіремін. Әсемді агенттен тапқанмын. Өкінбеймін. Тек ол басқа қаладан.
Демалыс болған кезде ғана кездесе аламыз.
№ 5 Аты-жөнім – Арман Әнуарұлы. Күтпеген кездесу болды. Мен де, досым да әуежайда болғанбыз.
Мәскеуге ұшатын ұшақ 4 сағатқа кешігіп, дәмханаға бардым. Олжас та келді. Екеуміз сөйлесіп отырып, бір
қалаға, бір қонақүйге баратынымызды білдік. Әлі күнге дейін араласып тұрамыз.
Достарыңызбен бөлісу: