v
БӨ
ЛІМ
2.Берілген мәтінді оқыңыз.
Жан-жақты жүргізілген зерттеулер Microsoft және оның ақылды, талантты да дарынды
қожайынының керемет жетістігінің басты 10 сырын анықтады.
Билл Гейтстің басты
10 құпиясы
1
Бірінші құпия. Керекті уақытта және
керекті жерде болу.
Microsoft жетістіктерін
сирек кездесетін бақ деп санауға болмайды. Гейтс
IBM мен келіссөздер жасаудың маңызды екенін
түсінді. Ол персоналды компьютердің тарихын
өзгерте алатынын ұқты және алты ай бойы
«жолы
болғыш»
атану үшін тынбай еңбек етті.
2
Екінші құпия. Техникаға ғашық болу.
Microsoft компаниясының негізгі, басты
жетістігі Гейтстің техникалық білімі еді. Ол осы
салаға байланысты маңызды шешімдерді өзі
қабылдады. Көп жағдайда ол бәсекелестеріне
қарағанда технологияның даму бағытының
болашағын көре білді. Сондықтан да оны дарынды
басшы дейтін болар, бәлкім.
3
Үшінші құпия. Тұтқындарды алмау.
Гейтс – өте қатал бәсекелес. Үнемі тек жеңіске жетуді
мақсат етеді. Оған дәлел, мысалы, келіссөздер жүргізу кезінде өте мейірімсіз болады екен.
Бәсекелес компанияда жұмыс істеген адамдарды жұмысқа алмайды.
4
Төртінші құпия. Жұмысқа тек ақылдыларды алу.
Бастапқы кезден-ақ Гейтс компания
ең ақылдыларды, дарындыларды қызықтыру керек деген болатын. Бұл сөз кей топтарға
ұнамады, алайда қолдаған топтар да болды. Мысалы, колледжді бітірген дарынды
студенттер өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алатын.
5
Бесінші құпия. Үнемі дайындықта болу.
Microsoft-та Гейтс тынымсыз, өз бетімен
үйрететін мәшине жасап шығарды. Оның ойынша, қателік жасауды болдырмайтын
жалғыз – осы жол. Оның бәсекелестері осындай қарапайым нәрселерді ойламайды.
6
Достарыңызбен бөлісу: |